Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения



бет6/11
Дата15.03.2023
өлшемі114,93 Kb.
#74443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2) Халық, көрік, қалып деген сияқты зат есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанған кезде екінші буындағы қысаң дауыстылар түсіп те, түспей де қолданылатыны белгілі. Бірінші жағдайда (яғни қысаң дауысты түскен жағдайда) сөз соңындағы қатаң ұяңданбайды, екінші жағдайда (қысаң дауысты түспеген жағдайда) ол ұяңданады. Мысалы: халық+ы > халқы ≈ [Оспанның] Халық+ы (Халық деген баласы) > Халығы, көрік+і > көркі (келбеті д.м.) ≈ көрік+і > көрігі (ұстаның) т.б.

3) Негізгі түбір етістіктердің соңы қатаң П дыбысына аяқталса, оған көсемшенің -ып/-іп жұрнағы қосылған кезде П дауыссызы не ұяңданады (мысалы: өп+іп > өбіп т.б.), не үнділеніп, У-ға алмасады. Мысалы: жап+ып > жауып (жауұп), қап+ып > қауып (қауұп), сеп+іп > сеуіп (сеуүп) т.б.

«К, Қ, П қатаңдарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша қосылса, олар ұяңданады» деген заңға бағынбайтын бір-екі-ақ сөз бар. Олар – тарап, сап деген зат есімдер. Бұл екі сөзге тәуелдік жалғауын жалғасақ, П қатаңы ұяңданбайды: тарап+ы ≈ тарапы, тарапында; сап+ы ≈ сапы, сапында (әскердің сапында тұр).

«К, Қ, П қатаңдарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша қосылса, олар ұяңданады» деген заңға бағынбайтын бір-екі-ақ сөз бар. Олар – тарап, сап деген зат есімдер. Бұл екі сөзге тәуелдік жалғауын жалғасақ, П қатаңы ұяңданбайды: тарап+ы ≈ тарапы, тарапында; сап+ы ≈ сапы, сапында (әскердің сапында тұр).

Дауыссыздар мен дауыссыздардың үндесуі (ассимиляция). Қатар тұрған екі дауыссыздар да дауыстылар мен дауыссыздардың үндестігі сияқты бір-біріне ықпал етіп, үндесіп тұрады. Бұл құбылысты орыс тіл білімінде ассимиляция деп атайды. Яғни ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үндесуі деген сөз. Қатар келген екі дауыссыз дауыстың қатысы (дауыстың аз-көптігі: үнді, ұяң, қатаң) және жасалуы (тіл алды, тіл арты, еріндік т.б.) жағынан бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп, ұқсап, бір сөзбен айтқанда, үндесіп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет