Сондай-ақ, тіркескен екі қатаңның алдыңғысы – С, соңғысы – Ш болса, С дыбысы Ш дыбысымен алмасады: бас+шы > башшы, қос+шы > қошшұ, ас+шы > ашшы, бас шұлғыды > башшұлғұдұ т.б. Бұлар – толық үндестік.
3) Тоғыспалы ықпал (әрі ілгерінді, әрі кейінді ассимиляция) деп – морфемалар жігіндегі қатар келген екі дауыссыздың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа дауыс қатысы (акустикалық) жағынан, ал кейінгі дыбыстың өзінің алдындағы дыбысқа жасалуы (артикуляциялық) жағынан ықпал етуінің нәтижесінде екі дыбыстың да өзгеріске ұшырап барып үндесуін айтамыз. Яғни тоғыспалы ықпалда көрші тұрған дауыссыздар әрі ілгерінді, әрі кейінді ықпалға бірдей ұшырайды.

Тоғыспалы ықпал екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде екі түбір морфеманың (сөздің) аралығында ғана кездеседі.
Тоғыспалы ықпал екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде екі түбір морфеманың (сөздің) аралығында ғана кездеседі.
1) Алдыңғы сөз Н дыбысына бітіп, кейінгі сөз К, Қ қатаңдарының бірінен басталса, НК, НҚ (үнді қатаң) түріндегі дыбыстар тіркесі ҢГ, ҢҒ (үнді-ұяң) дыбыстар тіркесімімен алмастырылады. Мысалы: қазан+қап > қазанғап > қазаңғап, аман келді > Амангелді > амаңгелді, есен келді > Есенгелді > Есеңгелді, қан құрт > қаңғұрт, он күндік > оңгүндік, ортан қол > ортаңғол т.б.
Алдымен ілгерінді ықпалдың әсерінен үнді Н дыбысы өзінен кейін тұрған К, Қ қатаңдарын дауыс қатысы жағынан өзіне жақындау Г, Ғ ұяңдарына ауыстырады. Содан кейін әлгі тіл арты Г, Ғ дыбыстары өзінің алдында тұрған тіл алды Н дыбысына жасалуы жағынан ықпал етіп (кейінді ықпал), оны тіл арты Ң дыбысына алмастырады.