Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения



бет4/37
Дата23.02.2022
өлшемі109,42 Kb.
#26185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
№5лекцияС

Негізгі түбір сөздер қалай сөйлемге дайын түрінде кірсе, туынды сөздер де сондай дайын қалпында кіреді. Бұның себебі сөйлемге дайын тұрған қалпында кіру жалпы лексикалық нұсқаларға тән ерекшелік, сондықтан туынды сөз болсын, негізгі сөз болсын сөз атаулының бәрі тілдегі дайын тілдік нұсқаларға жатады да, сөйлемде сол дайын қалпында қолданылады. Туынды сөз – сөйлем құрылысына тәуелсіз, қандай сөйлемге де дайын қалпында алынатын лексикалық нұсқа.

Туынды сөз атаулы тілдің сөзжасам жүйесі арқылы жасалады. Ол тілдің сөзжасам заңдылықтары бойынша, тілде қалыптасқан сөзжасам тәсілдерінің бірі арқылы, тілдегі дайын сөзжасам үлгілері бойынша жасалады. Сондықтан туынды сөзді оның қандай тәсіл, қай үлгі арқылы жасалып тұрғанына қарап та ажыратуға болады. Мысалы: малшы, аңшы, өлеңші т.б. Бұл үлгі тіліміздің морфологиялық сөзжасамының түбір – жұрнақ /т+ж/ үлгісі. Ол өте кең тараған үлгі. Сондықтан жоғарыда келтірілген мысалдардың осы үлгі бойынша жасалғанына қарап-ақ, олардың туынды сөз екенін ажыратуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет