110
Сайлаубек Жұмабек
аңқы ған исіне елтідік, ғажап бір сиқыр тылсымына
іңкәр болдық.
Өйткені, тарихымызда сирек ұшырасса да,
ежелден бар. Атымтай жомарттықтың шын мә нін-
дегі жарқын бір көрінісін көрдік. Куә болдық. Қол
соқтық.
Куә болып, қол соғып қана қойған жоқпыз!
Шын жүректен сүйсіндік!
Шын жүректен тебірендік!
«Өткендер мен Өткелдер» атты поэтикалық
толғаныс та автормен Қуаныш Төлеметұлымен бірге
шын жүрек тен біз де лапылдадық.
«Өткендер мен Өткелдер» атты сахналық қойы-
лым да режиссермен – Әскер Құдқанұлымен бірге,
сондай-ақ: Е.Шымырқұлов (Қалыбек ақын), Халық
әртісі А.Қалмырзаев (Бектұр Аймауытов), еңбек
сіңірген артист О.Рахимов (жазушы Қарауылбек
Қазиев), С.Жақыпов (компо
зитор Шәмші Қал-
даяқов), еңбек сіңірген артист К.Рақымбердиева
(ана), А.Жұмабекова (сатушы әйел), Ғ.Қасе
нова
(журналист қыз), Р.Өтепова (әнші Шолпан) сияқ ты
актерлермен бірге бірталай күй кештік... Дидары ыс-
тық шығармаларының табы суымаған Шәмші мен,
Карауылбекпен қайта қауыштық.
Поэтикалық толғанысқа негізделген сахна
лық
қойы
лымның бір сағат он минутқа созылуы мей-
лінше тиім ді шыққан.
«Өткендер мен Өткелдер» атты поэтикалық толға-
ныстың, сахналық қойылымның өткірлігі, мән-
ділігі, көр кемдік ұтымдылығы мейлінше жинақы-
лығында. Көр кемдік коэффициентін, ара-тұра ұсақ-
түйек жәйттерді біл дірмей жіберетіні осыдан анық
байқалады.
Ал поэтикалық толғаныстың, сахналық қойы-
лым ның барша көркемдік параметрлері мен барша
111
температура сын көрермен таразысы мен талға мына
ұсынылған осы нау шығарманың жүрек дүрсілі мен
лапылында жатыр.
Поэтикалық толғаныс, шын мәнінде, ақын Қалы-
бек
тің, яғни Куаныш Төлеметұлының моно
лог-
тарынан тұ
ра
ды. Ретроспективтік шегіністердің
өзегіне жазушы Қарауылбек Қазиевтің, компо зитор
Шәмші Қалдаяқовтың, аяулы ананың алынуы поэти-
калық толғаныстың сах налық қойылымның шартты
түрдегі драмалық ар қау ының лайықты күре тамыры
бола білген. Өйткені, автор Қуаныш Төлемет
ұлы
– ақын Қалыбек өмірден ерте кет кен аға ла рына,
кезінде замандас іні, сүйікті анасына – сүйік
ті
перзент бола білгені. Өмірбаяндық лейтмотив тер дің
өкініші мен сағынышы, автордың соларды ардақ тұ-
туы мен асқар қуат көруі көрермендерін мей лінше
иланта
ды. Мейлінше толғандырады. Мей
лінше
тебіренте ді. Мейлінше сүйсіндіреді.
Поэтикалық толғаныстың сахналық қойы
лым-
ның осын
дай көркемдік қуатқа ие болуы, ме
нің-
ше, азамат тық сезімдердің мөлдірлігінде, шынайы -
лығында, шын шыл дығында. Ақындық әдеп, келбет-
те, азаматтық әдептің, кішіліктің жара ты лыс қуат
алғанда ғана өрісін кеңейтеті ні белгілі.
Ақындық тасырлық пен кеудемсоқтыққа негіз-
делген де ғана жалаң пафосқа, жалған дидак ти каға,
жай дақ декла мацияға ұрынады. Мұндайда шы найы
да шыншыл өнердің ауылы тым қашық тап кетеді.
Үсік шалған, шала жан сартуындылар әдебиет пен
өнердің қорытыла тү
суін мейлінше асқын
дыр
ған
шақта, мөлдір сезімнің кәу сар лығы, шынайылы ғы,
шыншылдығы мейлінше қымбат сезілетіні бар.
Азаматтың аяулы сезіміне қылау түсірмей келген
ақын Қалыбектің – автор Қуаныш Төлеметұлы-
112
Сайлаубек Жұмабек
ның «Өткен
дер мен Өткелдер» атты поэтика
лық
толғанысы соның бір жарқын көрінісі болды деп
білемін.
Өзінің аяулы ағаларын сағынуы, анасын сағы-
нуы, солардан тірек-медет дәметуі, рухани арқала-
нып шығуы, көбіне-көп, ақындық пен азамат тық-
тың уызында жары ған, тәрбиесінде шыңдалған май
бұлақ сезімдердің мөл дірлігінен десек қателеспейтін
шығармыз.
«Өткендер мен Өткелдер» атты поэтикалық
толғаныс, сахналық қойылым өзінің бүгінгі ұлылы-
кішілі заман
дастарына осындай оқшау бір сезім
мөлдірлігін, сирек бір сезім шынайылығын, ғажап
бір сезім шыншылды
ғын паш етеді. Сондық-
тан мұнда мөттәйім сентимен
тализм де, даңғыра
панегирик ода да жоқ. Тек ақжар ма сыр, ақжарма
монолог бар. Сіз бен бізге ақтарыла отырып, өзін-
өзі сынға алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарап оты-
рып, ақындық болмысынан тегеурінді үміт күтеді.
Шама-шарқынша ақындық парызын адал ақтауға
ұмтыла ды. Жеттім, жетілдім демейді. Тоқмейілсуді
жаны жек көре ді. Астамшылыққа баспайды. Ана сүті
дарытқан, кәмелет ке жеткізген азаматтық-ақындық
компаниясынан айнымау ға ұмтылады.
Өтінен уақыттың у ішемін,
Тағдырын болашақтың уайым қылып, – деген.
Немесе
Қиялымды жеңем деп лапылдадым,
Өртінен өз кеудемнің от ұрладым – деген жолдар
шын ақындық болмыстың өзіне лайық тұлғасын
нақты дәлелдей алатынын айта кеткеніміз артық
болмас. Ал поэ
тикалық толғаныстың, сахна
лық
қойылымның ақын
дық монологтарындағы көр-
кемдік айшықтар өзіне тиесі
лі жүкті осылайша
абыройлы алып шыққан.
113
Ақынжандылықтың ақындыққа айналғанын
көрмеу мүмкін емес!
Азаматтықтың атымтай жомарттыққа нақты
айнал ғанын көрмеу және мүмкін емес!
Қазіргі өтпелі кезеңде, кедей бай боламын
деп, бай Құ дай боламын деп жүрген жөңкіліс пен
сабылу-сарсаң дар тұсында туған жерінің театрына
қаржылық тұрғы
дан қамқорлық көрсету екінің
бірінің қолынан келе бермей
ді. Келе берсе, әлде-
қашан көрер едік-ау! Бизнестің береке
сін рухани
бере
кеге атымтай жомарттықпен жұмсап жұр
ген
Қуаныш ағаға қалайша риза болмайсың?
Қалайша сүйсінбейсің!
Қалайша айналып кетпейсің!
Біздің эрамыздың бірінші ғасырына дейін Рим-
нің Меце нат ныспылы бай адамы болған. Ол өзіні
бүкіл байлығын әдебиет пен өнердің, ғылым
ның
өркен
деуі
не, дамуына аямай, аянбай жұм
саған.
Өрке
ниетті елдер
дің тарихында мұндай жар
қын
тұлғалар әр дәуірде бол
ған. Қазақы ұғымға кел-
сек, тарихтың шалқар көшінде, ме
шіт сал
дыр
ған,
медресе салдырған, ғаріп-касерлерге, кем-баға
л-
дарға, пақырларға, міскіндерге әралуан тұрғы дан өз
қазына сын, дәулетін аямаған тұлғалардың атымтай
жомарт тығын бәріміз жақсы білеміз.
«Өткендер мен Өткелдер» атты поэтикалық
толға
ныстың авторы Қуаныш Төлеметұлының ат
жалын тар тып мінгелі, мансаптың әртүрлі бас пал-
дақтарында жүргелі, ұлттық өнеріміз бен әдебие-
тіміздің, мәдениетіміз
дің дамуына әркез үлесін
аямай, аянбай қосып келе жатқа ны – уақыт шын-
дығы. Құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүр
ген
шындық. Аңыз десеңіз аңыз! Ақиқат десеңіз ақиқат!
Сондықтан шығар, желтоқсанда өрік гүлде гені!
Қайран қалмасқа әсте дәтің жетпес!
114
Сайлаубек Жұмабек
Сондықтан шығар, Өмірдің – Өнердің шын дығын
азаматтың ақиқатшыл жүрегі, аппақ шықтай, ақ ұл-
па қардай мөлдір сезімдері өз лапылымен, өз шын -
шыл дығымен мүлдем баурап алғандай көрінеді! Сон-
дай әсер қалдырады.
Автордан: Осы мақаланың Тұрғанбек Дәулет-
байұлы на арналуының заңды бір себебі бар. Қуа ныш
Төлеметұлы сияқты сирек адамның бірі – Тұрған-
бек Дәулетбайұлы. Оңтүстік Қазақстан облысы-
ның Ащысай руднигін де туып-өскен атпал азамат,
мәрт жігіт ағасы. Биылғы жы лы «Өлке» баспасы нан
шыққан «Қарабура» атты тари хи кітаптың жарық
көруіне демеуші болған Асқар мен Мұхтар сияқты
жас бизнесмендердің әкесі.
Міне, енді Қуаныш Төлеметұлы ағамыздың тари-
хи бастамасын жалғастыратын қайраткер інілері де
бө лек шыға бастады. Бұл орайда, олардың тамыры
сонау Қара таудың төріндегі Ащысайда жатқаны мен
үшін бір мақтаныш! Бүгінгі мақаланы осындай аза мат
ұлдар дың әкесі Тұрғанбек Дәулетбайұлына інілік пен
арнауым ның реті келгеніне өте қуаныштымын.
Желтоқсан, 1997 жыл
115
Өмір Жыры
Туысқан татар театр артистерінің астана
мыз-
дағы гастролі белгілі драматург Туфан Минул лин-
нің «Әлдер мештің Әлмәндары» атты мұңды коме-
диясынан бастал
ды. Комедияның мұңды деп ата-
луы қаншалықты шарт ты болса, спектакль де туын-
ды табиғатына орай шарт
ты сахналық ше
шімге
құрылған. Жалпы, «Әлдермеш
тің Әлмән
дары»
бас тан-аяқ қарама-қайшылықтар дың жарасымды
тұтастығынан тұрады. Мұны шымыл дық сырылған
сәттен бастап-ақ көреміз.
... «О дүние»... Ортада Әзірейіл отыр. Қабырғада
әлем картасы. Маңында Әзірейілдің әміріне құл дық
ұрып, безек қаққан Ажал мен Періште...
Ажалға бұйрық беріледі: Европа мен Азияның
орта сында, Татарстанның Әлдермеш деген ауылында
Әлд мәндар атты шал тиісті мөлшерден артық өмір
сүріп, тоқ сан бірге келіп қалыпты, оның үстіне өзі
өлім нен қорықпай тын көрінеді. Жедел «коман диров-
каға» шыққан Ажал
дың (Татар АССР-інің халық
артисі Равиль Шарафаев) мақ
са
ты – Әлмәндар
ақсақалды өлімге мойынсұндырып, о дүние
ге
шақыратын «повесткаға» қол қойғызып қайту...
Көп ұзамай өз үйінің ауласында дача салып жат-
қан Әлдмәндар ақсақалды да көреміз. Алғашқы
сахнаның өзінде-ақ СССР халық артисі Шаухат
Биктемиров жұртшылық ықыласын бірден баурап
алады. Тоқсаннан жасы ауса да жүзінен нұры
116
Сайлаубек Жұмабек
таймай, көктем көңілі мен жаздай жарқын жанын
сақтап қалған, бүкіл ғұмырын айналадағы адамдарға
жақсылық жасауға арнаған Әлд мәндар – бір бойына
халықтық құнды қасиеттерді ба рынша мол жинаған
кесек кейіпкер. Кейде аңғырт та күлкілі көрінетін
(жасы жетпіске келген көрші кемпір Хэмде бануға
үйленбек болуы, келіні Уммияға айтар әзіл де рі) кейде
таңданарлықтай ақыл танытатын Әлдмән дар жа ны
ізгі адамдардың бәріне де тек жақсылық жаса ғысы
ке ле ді. Кіші немересі Гулфира (А. Ғайнуллина), көрші
бала Илсур да ақсақалды атайға ағынан жарылып,
жү рек түкпі рін д егі сырларын айтады.
Өстіп, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқан
адамға бір күні... Ажал жетіп келді. Келді де өзінің
тажал тыр
нағынан Әлмәндардың үш рет шығып
кеткенін, орыс жапон соғысында да, бірінші дүние
жүзілік соғыс кезін де де, колхоздастыру кезеңінде
бай-құлақтардың соққысы
на жығылғанда да, тірі
қалғанын айтып, енді өлім ге мойынсұнуы керек тігін
түсіндіреді.
Спектакль идеясын ашар басты кілт – Әлмәндар
мен Ажалдың айтысы. Бұл – жарық пен түнектің,
ақ пен қараның, жақсылық пен зұлымдықтың мәңгі
бітіс пес күресінен туындап жатқан табиғи тартыс.
Әлдмәндар
дың бойындағы өмірге құштарлық
тың,
адамдарға де ген махаббатың әсер күші соншалық,
оның тұрмыс-тіршілі гін, адамдармен ара-қаты насын
бақылай келе Ажалдың өзі Адам алдында бас иеді.
Бір қарағанда спектакльдің фольклорлық негізі
сах налық бейнелердің осыған сай құрылуын талап
ететіні талассыз сияқты. Бірақ, осы материал-
дың өзінен режис
сер Марсель Сәлімжанов көп
қат
парлы, көп желі
лі спектакль жасап шығарған.
Мұнда бейнелік шешімдер дің бірнеше түрі қолданы-
117
лады. Әлмәндардың баласы, келі ні мен орыс досы
Евстигнеймен әңгімелері таза тұрмыс тық суреттер
болса, оның өмірлік философиясының бас тау көзі
ашылатын мәнді монологтары. Ажалмен айтысуы
тәмсіл тәсілін еске түсіреді.
Режиссер М. Сәлімжанов қойған бұл спек такльді
шын мәніндегі өмір жыры деп атауға бол
а
ды.
«Әлдермеш
тің Әлмәндары» өмірдің жасампаз
ды-
ғын жырлайды, адам жүрегінің сұлулығын сыр лай-
ды. Сондықтан, режиссер лық және актерл ік кемел
шеберлікке толы бұл туынды ның РСФСР-дің театр
өнері саласындағы К. Станиславс
кий атын
дағы
Мемлекеттік сыйлығына ұсынылуын әб ден орынды
деп санаймыз.
Шілде, 1979 жыл
118
Сайлаубек Жұмабек
«БанДыны қуған хамит»
Кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев «Бандыны
қуған Хамитті» түсіруге кірісіпті деген хабар
дүңк ете қалған
да, бұған шығармашылық –
жұртшылықтың біразы қуанышпен, кейбіреулері
күдікпен қарады. Былай ша екіұдай болудың әрқилы
себептері де, жөні де бар еді. Қуанғандар қазақ
совет әдебиетінің классигі Сәкен Сейфуллиннің
әйгілі әңгімесін экраннан көтеретіні не, өздерінше
сол әңгімедегі оқиғаны, тартысты экран ға дейін көз
алдына елестеткендеріне, сол сәттерде түстен гөрі
өңге айналған осындай әрекет-қиялдарына қуан-
са, күдіктенушілер болса, әңгіменің нағыз толық-
метраж
ды көркем фильмнің жүгін толық көтере
алатындығы
на, ал көтере қалған күнде де, екі
кейіпкер арасында
ғы өзара аңдысу-айқасулардың
лентаның басынан аяғы на дейін қалайша көрініске
ие бола алатынына, сондай-ақ фильмнің көрер мен-
дерді жалықтырып алмайтындығы
на, режиссер-
лық шешімнің тартыс температура
сын, конфликт
кернеуін картинаның өнбойында бірқалып ты ұстап
тұратындығына күдіктенді.
Бұл күдік әуел баста фильм авторларында да
болды. Қазіргі кинематографтың деңгейінен қара-
ғанда, экра низациялаумен шектелудің қажетсіздігі
бірден белгілі болды да, олар әйгілі әңгіменің өзегін,
сарынын, уақыт тынысын алды да кинематограф-
119
тың өскелең тала бын ескере отырып, шығарма ның
драматургиялық аясын кеңейтіп, ширата, ширық-
тыра, күшейте түсті.
Енді міне, екі ұдай сезіммен күткен фильм де
түсірі ліп бітіп, таяуда ғана көрермендер талқысына
түсті. Картина
ны көрген жұртшылықтың енжар,
селқос, кіржиіп қалған дары болған жоқ. Бір ғажабы
осы лентаны қуана күткен дер де, күдік-дүдәмал мен
тосқандар да фильмнен риза бо
лып шықты. Мұ-
ның өзі кино әлемінде жиі бола бермей тін жағдай.
Осы арада, авторлардың көздеген мақсат тары мен
ойларының діттеген жерден шыққандығын ай рық-
ша баса айтуымыз керек. Бұған сценарий драма-
тур гия сы ның өткір де шытырман сюжетке наным-
ды құры луы ның, сондай-ақ, сол сценарийдің бүкіл
сти листи ка сын сақтаған режиссерлық көркем ше-
шімнің нақтылы ғы мен бейнелілігінің үлкен септігін
тигізгенін айтуы мыз керек. Осыған қоса «Бан дыны
қуған Хамит» фильмінде гі уақыт кезеңінің режис сер
Абдолла Қарсақбаевқа ете не жақын екендігін, сол
дәуірдің режиссер үшін үне мі оң жамбасына келіп
жүргендігін де айтсақ артық емес. Өйткені, ке зінде
ол түсірген «Қилы кезең», «Біздің Ғани» ленталары-
ның көрермен жұртшылықтан өзіне лайық ты баға-
ларын алғаны мәлім. Режиссердың осы картиналар-
ды қою үстіндегі жинақтаған бай тәжірибесі «Бан-
дыны қу
ған Хамит» фильмінде шешуші жемісін
берген деп еркін ай та аламыз.
Лентаның тақырыбы Совет өкіметінің Қазақ-
станда
ғы алғашқы жылдарын қамтиды. Картина-
ның тосын бас
талуы мен заңды аяқталуы детек-
тивті сюжетке толық жауап береді. Бай Ақан-
ның үйіне Хамиттің ата жауы Күдіре кіріп келеді.
Оны көрген кезде қызылдардың өкілі, инструктор
120
Сайлаубек Жұмабек
Сейсембаевтың (арт. Ш. Имашев) үрейі қалмай,
көзі шарасынан шығып Ақанға жалбарынып жан
сақтайды. Төңірегін зар қақсатқан банды
ның
басшысы Күдіре де бай Ақанның қонағы бол ғаны
үшін инструктордың жанын бір жолға кешіре сала-
ды. Күдіре үшін қызыл инструктор
дың қалты-
рап-дірілдегенінің өзі жеткілікті. Қарамағында
ғы
адамдарының алдында бұрынғыдан да беделдене
түсе
ді. Олардың дүниенің кілті бір Күдіренің қо-
лында екені
не осылайша, нақты көрнекті құрал
арқы лы көз жеткізуі аса тиімді. Илікпейтін, идеалда-
рына берік деген қы зыл инструктордың өзі Күдіре -
нің алдында қалай қалш-қалш етеді. Мұның өзі
сауаты жоқ, әзірше адасқан адамдар дың қызылдарға
қар сы күресінің әділ екендігін меңзей ді емес пе?
Кү діре характері міне, осындай әрекеттері мен ірі ле-
не, жоталана түседі. Онсыз да ішкен астары бойы -
на сіңбей отырған ауыл адамдары енді қызылдар ды
жақ тай ма, жоқ әлде Күдірені қолдай ма? Бүкіл ауыл
қы зыл инструктордың Күдіренің алдында сүмірей-
генін көзі мен көрді ғой? Фильм авторлары көрермен-
дерге өз ойларын, міне, осылайша бастайды. Сю жет-
тің өрбу динамика
сы енді көрермендерді қызыл-
дардың кеңсесіне әкеледі.
Отрядтың бастығы тәжірибелі де батыл көре-
ген, адам
гершілігі мен биязылығы мол Круминь
(арт. У. Лиел дидж) мен ержүрек, алысқанын алып та,
шалып та жығатын, революция ісіне, Совет өкіме-
тін қорғау жолын да жан-тәнін еш аямайтын коман-
дир Хамит
тің (арт. Д.Жолжақсынов) арасын
дағы
әңгімелерден көрермен біраз сырға қанығады.
Инструктор Сейсембаевтың әрекетіне Круминь
кеші
ріммен қараса, Хамит жиіркенішпен қарай-
ды. Хамит қайт кенде Күдіреге (арт. Ә. Чукубаев) өз
121
істегенін алдына келтірмек болады. Картина
ның
әлеуметтік мәні, көтер ген жүгі, эстетикалық қуаты
енді осы екі таптың өкілдері – Хамит пен Күдіре
арасындағы қақтығыстар арқылы заң ды ашылып,
өрбіп, өрістеп отырады.
Фильмнің бейнелеу шешімінде романтикалық
жә
не реалистік элементтердің бірін-бірі толықты-
рып, қанық тырып тұратын синтезі бар. Мұның өзі
дәуір шын ды ғын, уақыт тынысын шешуде орасан
зор роль атқар
ған. Картинаның ең басты же
ңісі
де осынысында. Кинорежиссер осы екі эле
ментті
нәзік писхологизм
мен ұштастыра білгендік
тен,
көркемдік әдіптің тігісі білін
бей, тұтас күйінде
шыққан. Мұның ең айқын көріні сі ретінде актерлар
ойынын айтар едік. Режиссер дің мақсаты да, ойы
да, олардың көрініс табар дәрежесі де осы актер-
лар ойынының мәдениетінен, парасаттылығы
нан
көрінетіндігі бұрыннан мәлім нәрселер ғой. Осы
тұрғы
дан келген режиссердың актерларды дұрыс
таңдағаны на соларға қойған талаптарына қол жет-
кізе білгеніне риза боласыз. Фильмдегі актерлар дың
барлығы дерлік өз функцияларын дұрыс атқарып
шыққандықтан, лентада ғы актерлар ансамблі өзінің
тұтастығына көтеріле алған. Осы ансамбльдің екі
бірінші скрипкасын – Хамит пен Күдіре ні актерлар
Досқан Жолжақсынов пен Әбіш Чугубаев ойнайды.
Екі актер да кинода бұрын кішігірім фильмдер-
де түсіп келсе, осы жолы «Бандыны қуған Хамит»
фильм де басты рольдердің жалынан ұстады. Екеуі
де өз рольде
рін, дирижер-режиссер қойған мін-
детті тамаша орын дап шықты. Досқан да, Әшір де
театрда қызмет істейді. Бірі Алматының жасөспірім-
дер театрында, екіншісі Қыр
ғыз драма театрын-
да еңбек етеді. Хамит пен Күдіре рольдері – екі
122
Сайлаубек Жұмабек
актердың кинодағы үлкен жеңісіне жатып қана қой-
майды, сонымен қатар, олардың киноактер ретінд-
егі шығармашылық мүмкіндіктерінің мол да жоғары
екені не бұлтартпас дәлел болады.
Досқан да, Әшір де өз рольдерінің бойындағы ең
басты қасиеттерін биік деңгейде жеткізе білген.
Олар
дың әрбір қозғалысынан, әрекетінен іштей
мол дайындықты, ең бастысы, шынайылылықты,
наным
дылықты, писхологиялық тебіреністі толық
көре ала мыз. Көріп отырып сүйсінеміз де. Актер-
лар өздерінің рольдеріне әр қырынан, жан-жақ-
ты келген. «Бандыны қуған Хамит» фильмі өздері
тұрғылас картиналардың көп
теген кемшіліктері-
нен ауылын алыс салған. Әсі
ресе, біржақтылық,
құрғақ жалаңдық тәрізді ірілі-уақты қасаңдық-
тардан, штамп дерттерден іргені аулақ салу шылық
ак терлар ойынының биік мәдениті, түптеп кел ген де,
кинорежиссердің талантын, шеберлігін, мәде
ние-
тін айқындайтын, көркемдік белгілер болып табы-
лады. Ал, кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев қашан-
да болсын актрелармен жұмыс істей білетін, солар-
дың бойында
ғы қажетті қабілет-қасиеттердің та-
лант ұшқында рын көрермендерге көрсете де біле тін.
Оған «Менің атым Қожа», «Қилы кезең», «Алпамыс
мектепке барады» жә
не қазіргі «Бандыны қуған
Хамит» фильмдері толық куә.
Картинадағы ең басты дуэті орындаған Досқан
Жолжақсынов пен Әшір Чукубаевтан басқа, өзге де
актерлар өз рольдерін нанымды, табиғи ойнап шық-
қан. Ең алдымен Әйгерім рөліндегі – 8 класс оқу-
шы сы Гуля Досматованы, Ақан бай рөліндегі, режис-
сер Бәйтен Омаровты, Күдіре бандысының мүшесі
Ахмет роліндегі – артист Жамбыл Құдайбергенов ты
бөліп айту керек.
123
Әсіресе, Әйгерімнің Күдіре бандасынан қорық пай
қол ға түскен Хамитті босатуы мен үй ішіндегі әлсіз
Хамит ті өлтіруді көздеп келген Ахметті атып жіберуі
тұсын да ғы көзсіз батылдығы, пәктігі, ұяң бала лығы
көңілге ұя
лап қалатын сәттер. Жас актри
са
ның,
оқушы болса да, қазақ қыздарына тән осындай басты
сипаттарды шынайы нәзіктікпен бере алған дығын
сүйсіне көреміз. Мұның өзі, негізінен режиссер дің
актрисамен үлкен жұмыс істе гендігінің және соның
тыңғылықты нәтижесі болып табылады.
Фильмнің музыкасы да, бейнелеу қатары да
карти
наның әлеуметтік-көркемдік шешімін, жүгін
көтеруде өздерінің үлесін мол қосқан деп айта мыз.
Компози тор Нұрғиса Тілендиевтің, операторлар –
әкелі балалы Аранышевтардың қомақты еңбегі тайға
таңба басқан дай айқын көрінеді. Музыканың орын-
ды кірігіп кетуі, оператор камераларының керек
кадрды лайықты ұс
тап тұра білетіндігі фильм
нің
бір
тұтас шығуында тиіс
ті міндеттерін абыройлы
орындап шыққан.
Қорыта келгенде, «Бандыны қуған Хамит» филь-
мі «Қазақфильм» киностудиясының, сондай-ақ Қа-
зақ ССР өнеріне еңбегі сіңірген қайраткер, кино-
ре жиссер Абдол ла Қарсақбаевтың биылғы жылғы
үлкен де тұшымды табы сы деп кәміл айта аламыз.
Қазақстанның 60 жылдығына арнап түсіріл
ген
«Бан дыны қуған Хамит» фильмінің әлі талай көрер-
мендер дің ілтипатына бөленері хақ.
Қазан, 1979 жыл
124
Достарыңызбен бөлісу: |