Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,52 Mb.
#2334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

84
Сайлаубек Жұмабек
зерттетуге тырысқан тарихшы лар болған жоқ. Осы 
уақытқа дейін Т.Рысқұловтың Сталинге жазған 
хаттары белгісіз болып келуі тарихшыларымыз дың 
осал дығы, Қазақстан Компартиясы Орталық Коми-
теті жанындағы Партия тарихы институтының бұл 
мәсе леге назар аудармауы. Ал архив қызметкерлері 
мұн дай құнды материалдарды не өздері жарияла-
майды, не қол 
ға бермейді. Жалпы, Т.Рысқұлов 
Сталинге екі хат жолда ған. Біреуін 1932 жылдың жаз 
айында, екіншісін 1933 жыл дың басында. Бірінші хат 
ешқандай нәтиже бермеген. Ал екінші хаттан кейін 
Голощекин Москваға шақыртыл ған...
Ашаршылық жылының ащы шындығын айтып, 
Ғ.Мүсірепов бастаған бір топ адамның да Сталинге 
рес ми хат жолдағаны белгілі. Әйгілі «Бесеудің хаты» 
деген атпен жұрт аузында жүргені болмаса, хат 
Қазақс тан Райкомынан аспай, архив шаңына көміліп 
қа лып қойған. Жариялылық кезеңінде бұл хат жа-
рық көру ге тиіс. Сондай-ақ Ә.Жангелдин де Орта лық 
Комитетке хат жолдаған деген сөз бар. Анық-қанығы 
белгісіз. Өз басым көрген жоқпын.
«Сталинге хатқа» байланысты айтарым, пъеса 
хат ізімен жазылды, бірақ көшірме емес. Тарихи 
шындық 
тың көркемдік шындыққа ұласуы дер 
едім. Жалпы, Тұрар Рысқұлов тек Сталинге ғана 
хат жазумен шектелме ген. Ата-қоныстан ауа көш-
кен, босқын қазақтарға қол ұшын беруін, көмек-
тесуін, қорлыққа ұшыратпауын сұрап, сол кездегі 
Өзбекстанның, Қырғызстанның басшылары 
на 
жазған хаттары бар. Сібірдегі, Россияның, Саратов, 
Орынбор, Волга бойындағы партия ұйымдары-
ның бас 
шыларына жолдаған хаттары бар. Әрине, 
олардың бә рін бір шығармаға арқау ету мүмкін емес, 
міндет те болған жоқ. Ал, Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясы 
ның корреспондент-мүшесі М.Қозыбаев-

85
тан басқа тарихшыларымыз бұ 
ған байланысты 
шөп басын сындырмай отыр десек, бұл – орынсыз  
өкпе арту емес.
Рысқұловтың халық үшін атқарған қызметі ора-
сан. «Сталинге хат» соның бір тармағы ғана. Әрине, 
ең негізгі сі болар...».
Р.Сейтметов: «Сталинге хат» – друматургиялық 
тосын шығарма ретінде біздің назары мызды өзіне 
бірден ау дар ды. Пьесамен танысып, театр коллек-
тивінде талқы 
лау өткізгеннен кейін, көркем-
дік советтің шешімі 
мен, осы бір үлкен жұмысты 
қолға алдық. Драмалық туын ды қолымызға дайын 
күйінде тиді. Автордың ой елегінен, сезім сүзігі-
сінен өтіп, әбден байыбына келгенін байқа дық. Не-
гізгі көтеріп отырған мәселесі – халық басына түс-
кен қиыншылық, жай ғана қиындық емес, нәубет 
жылдар оқиғасы. Сол кезеңдегі Тұрар Рысқұловтың 
ха лық мүддесін жақтаған үлкен еңбегі баян да лады. 
Бұдан бұрын біздің Жастар мен балалар театры 
«Қызыл же 
бе» спектаклін қойып, Рыс 
құлов 
тың 
революциялық еңбегі 
не барлау жасаған бо 
латын. 
Мынау соның заңды жалға сы іспетті. Тұрар мұнда 
азаматтық тұлғасымен танылады.
Пьесамен танысқан кезде бізді қатты қызық-
тыр ған бір образ – Сталин бейнесі. Соңғы жыл-
дары мерзім дік басылымдарда Сталин туралы көп 
материалдар жария лануда. Күрделі де қиын кезеңді 
басынан өткерген халқымыздың тарихына өнер 
көзімен үңілудің өзге ше айтары бар. Сталин образы 
адам тағдырына, ха лық тағдырына деген қата л дықты 
аңғартады. Бойынд ағы қайшылығымен көрсе теміз. 
Ал Тұрар бейнесі халық тың жанашыры, арашашысы, 
қамқоры ретінде асқақ.
Спектакльде астарлы ойлар қақтығысына 
құрылған диалогтар мол. Әсіресе, Сталин мен 

86
Сайлаубек Жұмабек
Рысқұлов арасында 
ғы диалогтар өте абайлауды, 
дұрыс шешімді қажет ететі 
ні түсінікті. Содан да 
болар, көптеген спектакльдер 
дегі 
дей емес, мұнда 
режиссерлік шешім тынық су сияқ ты, дабырасыз, 
шусыз, терең иірімдер жасауға алып бара ды. Терең 
трагедияны ашу үшін тер төктік. Халық қасіреті-
не Рысқұловтың жаны қалай ауырса, сондай күйді 
актер лер де, залда отырған көрермендер де бастан 
кешеді деп ойлаймыз.
Соңғы шешімнің өзі астарлы. Тұрардың моно-
логы 
 
мен аяқтауға болар еді. Бірақ... алда Рысқұ-
ловты 1937 жыл 
дың трагедиясы күтіп тұрғанын 
қалай жасырарсыз?! Сондықтан да қара көлең кеде 
екі адамның сұлба 
сы көрінуі – Тұрар Рысқұлов-
тың жазықсыздан жазық 
сыз жала құрбандығы 
болғандығын көрермендер есіне салу ды діттейді» – 
делінген. 
(«Жас алаш» бұрынғы – «Лениншіл жас», 1 сәуір, 
1988 жыл).
Меніңше, «Сталинге хат» спектаклі тек авторлар 
діт 
теген жерден ғана шықты десек қателескенбіз. 
Спек таль көрермендер ықыласына бөленген, мәде-
ни-әдеби зор оқиға болғаны даусыз. Халық тарге-
диясының ортасын да болғандай сезіндіру құдіреті 
мен күйінудің тоғыз балл дық сілкініс тұратыны да 
сахнаның осындай табиғаты нан демеске лажың жоқ. 
Сондықтан болар, «Сталинге хат» атты халық  тық 
трагедиядағы өмірлік әрі көркем дік шындық  тарды 
сахнадан көрген жандардың, күйзел меуі, аһ ұрмауы, 
күрсінбеуі еш мүмкін емес.
Драматург Шерхан Мұртаза 1932 жылы қазақ 
елі мен даласын жайлаған осынау аштықты екі 
пъесаның да арқауы етіп алғанмен, соны екі түрлі 
ситуацияда қарас 
тырған. Екі туындыны драма- 
дилогия деуге негіз бар. «Ста линге хат» шығарма-

87
сында бұл мәселе мемлекеттік ең жоғары дәреже-
де сөз болса, ал «Бесеудің хаты» пьесасын 
да тап 
осы жәйт республикалық деңгейде – Казрайком 
бюросында талқыланады.
«Сталинге хат» пьесасының бүкіл тартыс арнасы 
мен оқиғалар өзегін-негізін, сөз жоқ, Сталин мен 
Тұрар Рыс 
құловтың диалогы ұстап тұр. Шегініс-
тер барысында (тексерулер нәтижесінде) ел өмірі-
н 
ің картиналары шым-шымдап көлденең тарты-
лады. Қазақстандағы ашаршы лық жағдайын Сталин 
Рысқұловтан емес, Голощекиннен білгі 
сі ке 
леді. 
«Көсем» Голощекинге сенсе, онда Қазақстан 
да 
«ашаршылық жоқ, ел тоқ», «Көсем» Рысқұловқа сен-
се, онда республикадағы жағдай «жантүршігерлік» 
яғни 6 миллион халықтың жартысы опат болған. 
Бір мәсе 
лені анықтау, соны шешу барысындағы 
Сталин мен Рысқұловтың көзқарастары ширыққан 
диалогтарда осы 
лай 
ша шынайы көрсетілген. Егер 
нақты мысалдар кел тірер болсақ, онда бүкіл пьесаны 
көлденең тартар едік. Қыртысы мол диалогтарды 
үзіп-жұлқып, шектеп беру тіпті обал болғандық тан, 
саналы түрде мысалардан бас тарттық. Дәріптеу де, 
қаралау да жоқ. Тек нақты сөз дің, іс әрекеттің нақты 
мазмұны ғана бар. Бәрін оқырман-көрермен өздері 
таразылайды. «Бесеудің ха ты» пьесасында кө семге 
жазылған хат Голощекиннің тарт 
пасынан бірақ 
шығады. Төтенше шақырылған бюро Ғабит Мүсі-
репов «Шұғыла» атты әңгімесі мен Нұрхан Ахмет-
бековтің «Күләнда» поэмасының тақырыбын одан әрі 
жалғас тырған, дамытқан, жаңа биікке көтерген.
Драма-дилогияның көркемдік ерекшеліктері мен 
жетістігі қайраткерлер арасындағы көзқарастар 
қай  шы   лығына,  позицияға  құрылған  диалогтардан 
нақты аңғарылады. Коммунистік идеяға қызмет ету 
барысын 
дағы ақыл-ой парасаттары сынға түскен 

88
Сайлаубек Жұмабек
сәттерде, ха 
лық өмірінің шындығынан суарылған 
жәйттер ғана үнемі жеңіске жетіп отырады. Сон-
дықтан екі пьесаның екеуінде де қоғамдық-мемле-
кеттік, халықтық өлшем дер үнемі бел алып, үстем 
түсіп отырады. Өмір шындығының ал дында әділет-
сіздіктің құрығы да үнемі әшкереле 
ніп, керек 
десеңіз, әкімшіл Сталин де, Голощекин де өздері нің 
қалай тізе бүккенін байқамай қалады.
Драма-дилогияның Сталин, Голощекин, Рысқұлов, 
Ғабит Мүсірепов тәрізді басты кейіпкерлері нақты 
іс-әре кет үстінде шыншыл бейнеленген. Сталин мен 
Голощекин нің ел басқару әдістері мен тәсілде ріндегі 
басты қате лік – әкімдік-бұйрықшылдық жүйе сінің 
саяси ұраншыл дық табиғаты нақты көрініс тапқан. 
«Бесеудің хаты» пьесасында әдебиетіміздегі ұлы 
алыптардың бірі – Ғабит Мүсіреповтің көркем образы 
тұңғыш рет сомдалып отыр. Халық перзенті болған 
суреткері азаматтық-қаламгер 
лік болмысы шы-
найы шыққан. Сонымен бірге жебедей атылған өткір 
диалогтар мен нақты өмірлік дерек тер; айшықты-
ажарлы теңеулер мен тарихи салыстыру лар; қитұрқы 
сұрау-жауаптар; тіршілік пен қоғам, адам тағдыры, 
қайраткерлік пен қаламгерлік биік парыз дар; халық 
болмысы мен болашағы туралы философия 
лық 
қанатты тіркестер ақыл-ой парасаттарының драмасы-
на, трагедиясына құрылған осынау шығармалар дың 
көркемдік құдіретін арттыра әрі даралай түскен. 
Бұған нақты мысалдар тұнып тұр. Сондықтан драма-
дилогия ны тұтастай келтіру мүмкін емес. Сон дықтан 
да біз осы нау драма-дилогияны әлеуметтік-көркем дік 
шындықтың биік дәрежесіне еркін көтерілген дей 
аламыз.
Дәуір мен қоғам алға қойып отырған талап тар  ды 
әдебиет пен өнерде жүзеге асыру қаламгерлер та-
рапы нан сергектік пен белсенділікті әрқашан қажет-
сі ніп отырады. Мұндайда әдебиеттің публицисти-

89
ка 
сы, поэзиясы, драматургиясы едел-жедел іс-
әрекеттер жасап, белсенділік танытатыны бар. Қайта 
құру мен жария лылық кезеңінде қаламгерлеріміздің 
тарихымызға  қа тыс ты  талай-талай  ақтаңдақ тардың 
шындығын ашуға, небір асыл құндылықтары мыз дың 
рухани қазынамызға қай та қосылып, өзіне лайық-
ты төрдегі орнын алуына ғала мат көп күш, қажыр-
қайрат жұмсағанын жұртшылық жақ сы біледі.
Міне, осы кезеңде дүниеге келіп, сахнаның 
шынайы мазмұны мен сәні болған «Сталинге хат», 
«Бесеудің хаты» атты драмалардың рухани-көркем-
дік әлемімізде зор құбылыс болғанын ешкім жоққа 
шығара алмайды.
Сондықтан шығар, бұл туындылардың заман-
мен мейлінше үндес шығуы арқасында драматург 
Шерхан Мұртазаның да қаламгерлік жұлдызы 
мейлінше жарқы 
рап, мейлінше биіктей түскеніне 
қалың жұртшылық тың мейлінше сүйсінгенін жақсы 
білеміз.
Жоғарыдағы екі туындысы арқылы Шерхан 
Мұртаза драматургия мен театр атты жұмбақ та 
сиқыр әлем нің енді ежелден өз адамындай болды 
да кетті. Ал мұның өзі де сирек ұшырасатын, сирек 
бұйыратын қаламгерлік бақ пен бап болатын.
Жоғарыдағы екі драманың осындай сахналық 
зор та 
быстары Шерхан Мұртазаны онан сайын 
қанаттанды 
рып, онан сайын шабыттандырып 
жіберді.
Іле-шала драматург қаламынан «Жалғызүйлік 
зілза ла» атты пьеса дүниеге келді. Шығарма іле-шала 
сахна дан жарқ ете қалды. Ғабит Мүсірепов атын дағы 
мемлекет тік академиялық жастар театрында пьеса 
тағы да үл кен табысқа ие болды. 
Шығарма арқауына – Алматыда, Астанада өзіміз 
күн де мың көріп, мың түңіліп жүрген пәтер зары – 

90
Сайлаубек Жұмабек
баспана зары, өздерінің конституциялық құқы аяққа 
тапталы 
нып жүргендердің, баспанасыз жүрген 
замандастарымы з дың бүгінгі тіршілігі алынған.
Алматыда, Астанада пәтер зарын басынан кеш-
пеген бірде-бір қазақ баласын таппайсың. Әрине, бұл 
ара да біз мансабы бар, киіз қазықты жерге кіргі зетін 
белгі лі бір әлеуметтік топтың саусақпен санарлық 
жұқал таң бөлшегін айтып отырғанымыз жоқ.
Билік басындағылардың, әралуан деңгейін 
дегі 
бөлшек тердің қалың қауым қарапайым халық мүд  де-
сінен гөрі, өз пайдаларын ғана ойлайтын әлеумет  тік 
кеселге – тоғышарлық дертке шалдық қанын пьеса 
тамаша  әшке релеген.
«Жетім бұрышты» жағалай-жағалай сарсаңға 
түскен, тіпті үй басқармасында он жыл еңбек-
тенсе де, пәтерге қо 
лы жетпей жүрген Салбырақ 
ешнәрседен тайынған емес. Жер сілкінсе деген 
төзімділігін байқау үшін салын ған эксперимент тік 
үйдің бір пәтеріне басып кірген Салбы рақ әрекеті 
қандай ащы шындық. Пәтер алу үшін оған, бұдан 
басқа жол қалмаған. Үйдің бұғатындағы белте мір ге 
не артылып тұрып, не содан құлап кетсе де, басып 
кір ген пәтерінен айырылғысы келмейді. Атқару шы 
үкімет тің өкілі полковник Малқар әрекеті қандай 
дәрменсіздік пен немқұрайлылықты көрсетеді?!
Жеті-сегіз баллдық жер сілкінісіне шыдауға тиіс 
экс перименттік үй, соған басып кірген жалғыз үйдің 
әлеу меттік зарына шыдамай, олай-бұлай шайқалып, 
жер сіл кінісін тудырып, жұрттың бәрін тым-тырақай 
қашып, бас сауғалауға мәжбүр етеді. 
Шешесі, әйелі, екі баласы бар Салбырақтың 
әлеумет тік теңдік арқылы үй не пәтер ала алмай 
жүргені, ал пәтер жалдаудан итқорлық көрген Сан-
дуғаштың бала 
сын перзентханаға, балалар үйіне 

91
жеткізуі немесе мансабы бар полковник Малқар  д ың 
алдау-арбауына түсіп жүріп, үй-күйсіз жан ре  тінде 
екінші рет босанғанда, мерт болаты ны қандай ащы 
шындық.
Біздің өміріміздегі осындай келеңсіздіктердің 
тоқы 
рау тұсында жаппай етек алып, әлеуметтік-
қоғамдық дерт 
ке айналғаннан шынай көрсеткен 
«Жалғызүйлік зілза ла» драмасы осылайша аяусыз 
әшкерелеуші қуатымен көз ге түседі.
Өйткені, бұл үш туындының өнбойын 
дағы 
рухани-көркемдік зарядтарының қоғамдық-әлеу-
меттік сұра 
ныс 
тар зарядын мейлінше қанағат 
тан-
дырғаны сонша, тіпті, екеуінің тонның ішкі бауын-
дай қабысып-табысып, бір-бірінен мүлде айы 
рыл-
майтын-ажырамайтын тұтастық 
қа айналып кетуі 
қайран қалдырады.
Өйткені, Шерхан драматургиясындағы көр 
кем-
дік тің өзі биік дәрежеде еді.
Өйткені, Мұртаза драматургиясындағы замана 
дүр сілі шыншыл да нақты күйінде еді.
Өйткені, автор драматургиясындағы публицис-
тика 
лық пафос өнер пафосына, көркем пафосқа 
көтеріл ген  еді.
Шерхан Мұртаза осынау драмалық үш туын ды-
сы ның сахналық табысынан айрықша қанаттан ды, 
айрықша шабыттанды.
Соның нәтижесінде, кейіннен өмірге «Есек 
саудасы», «Домалақ Ана», «Бауыржан батыр», («Ноқ-
таға басы сый маған») атты драмалар туды.
Кешегі кеңестік дәуірдің аса көрнекті суреткері 
Шерхан Мұртазаның өзінің ғажайып әдеби шығар-
малары мен енді тәуелсіз еліміздің, тәуелсіз әдебие-
тіміздің береке 
лі де пәтуалы, ғұмыры баянды 
тірліктер атқарған тар лан тұлғасына заңды айнал-
ғаны, қандай ғанибет.

92
Сайлаубек Жұмабек
сахнаДа – «қилы заман»
Ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің мәңгі өлмес 
эста 
фета 
сын белгілі ақын әрі драматург Нұрлан 
Оразалин  нің ілгерілете түсуі осының бір жарқын 
көрінісі. 
Ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» 
рома ны – эпикалық трагедия.
Белгілі ақын әрі драматург Нұрлан Оразалиннің 
«Қилы заман» драмасы – тарихи трагедия.
Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов «Қилы заман» 
атты ро ман-трагедиясын отыз жасында, 1927 жылы 
жазған. 1928 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап 
болып шыққан.
Белгілі ақын әрі драматург Нұрлан Оразалин де 
«Қи 
лы заман» драмасын – тарихи трагедиясын 
отыздан енді асқан шағында 1978–1979 жылдары 
жазған. Пьеса кезін 
де Мәдениет министрлігінің 
репертуарлық коллегиясын да, М. Әуезов атындағы 
театрда қабылданған.
«Қилы заман» роман-трагедиясы идеология 
лық 
қапаста 44 жыл тұмшаланып-тұншығып, қалың 
оқыр ман қауымның қолына 1972 жылы «Новый мир» 
журналы ның № 6 саны арқылы, ең әуелі орысша 
нұсқасында ти ді. Классикалық өлмес туындының 
қазіргі оқырман 
дары 
на қайта оралуында көркем 
суреткер Шыңғыс Айтма 
тов жазған алтын жам-
быдай аз ғана алғысөздің орны ерек ше. Түпнұсқа 
өз қалпында әуелі «Жұлдыз» журналы 
ның 1974 

93
жылғы №8 санында, сонан соң 1975 жылы «Жазу-
шы» баспасынан жеке кітап болып шықты. Шебер 
сурет 
кер Мұхтар Әуезовтің орыс тіліндегі бес 
томдық, қа зақ тіліндегі жиырма томдық шығармалар 
жинағында өзі 
нің алтын құндағына – қасиетті 
орнына оралды.
Белгілі ақын әрі драматург Нұрлан Оразалин нің 
«Қи лы заман» драмасы – тарихи трагедиясы да бізге 
белгі сіз әртүрлі себептермен кешігіп, араға жиырма 
жыл ға жуық уақыт салып барып, биылғы шыңдал-
ған талант иесі Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық тойы 
қарсаңында өз көрермендерімен қауышып жатыр.
Тағдыр параллельдерінің парадокстарының 
ұқ 
сас 
ты 
ғы мен сабақтастықтары қайран қалды-
рады. Дегенмен, әрқашан «ештен кеш жақсы» деп 
қанағаттанып жүр 
ген, осылайша үміттеніп, күдер 
үзбей жүрген қазақ тың қоңторғай тіршілігінің бір 
көрінісі осы емес пе екен?!
Сонымен, эпикалық роман-трагедия бүгін сах-
нада тари хи халықтық трагедия қалыпта көрінеді. 
Мезгіл ор тақ. Мұрат ортақ. Тағдыр ортақ. Рух ортақ. 
Мақсат ор 
тақ. Екі шығарманың алтын қазығы да 
қилы заман кезін де гі халық тағдыры, ұлт мүддесі 
мен ұлт болашағы. Бұл орай да, Мұхтар Әуезовтің 
роман-трагедиясы – теңдесі жоқ проза тілінде эпи-
калық сарында шырқыраса, ал, Нұр лан Оразалин-
нің тарихи трагедиясы сахна тілінде – драма лық 
нұсқада халықтық ащы өксікпен шырқырай ды. Өйт -
кені, 1916 жыл көтерілісінің халық санасына салған 
драма 
сы мен трагедиясының әралуан әлеу 
меттік-
фило софия лық,  тарихи-қоғамдық,  рухани-ұлт тық 
сипаттағы қат 
парлары мен генетикалық кодтары. 
Прометей лік мәңгі лік от-сәуле шашып, әр буын, әр 
ұрпақтан жаңа ша қолдау, жаңаша үндесу, жаңаша 
табысу, жаңаша жал ғасу таба беретіні заңды.

94
Сайлаубек Жұмабек
Мұхтар Әуезовтің мәңгі өлмес эстафетасын 
Нұрлан Оразалиннің ілгерілете түсуі осының бір 
жарқын көрі нісі. Мұны бұдан әрі өзгеше қырлары-
нан жалғастыра тындар әлі де бола береді. Көркемдік 
ойлау жүйеміз дегі ата дәстүрлердің осылайша алтын 
тамыр тартып жатуы да осыдан. Яғни, киелі Құдірет 
пен киелі Тағдырдың ырыс-несібе етіп тартқан 
бойтұмарына не жетсін!
«Қилы заман» роман-трагедиясындағы мына 
жолдар 
ға зер салып көрейікші: «Қария қабағын 
шытынып, шын ызаланып, айласы бітіп күр 
сінді. 
Қатын­бала ұлардай шулады. Жігіт­желең сол күні­
ақ «бармаспын» де 
ген ниетті ойлап, Алатау 
дың 
сенімді қиын тасына, қа ра үңгірдей қалың жыныс 
қарағайына қарады. Барлық ел: еңкейген кәріден, 
еңбектеген жасқа шейін, ертелі­кеш ылғи осы жайды 
ғана сөйледі. Ел апатты сезді.
Азамат басына туған қара түн осы күн деп білді. 
Келе 
лі шаруа, күнделік қам, ас, дүние, мал­мүлік 
дегеннің бә рі ескерусіз, елеусіз қалды» (26­бет);
«Барлығы да – Ұлы ниеттің, елдің ұранының 
құрбаны. Өз көңілдерінде «шейітпіз, ақпыз, ел 
тілегінің жолы на шалынған еркек тоқтымыз» деп 
өлген жандар.
Сонымен өмір бойы дұшпан ниетімен келген 
ескі жәр меңке үлкен өрттің құшағына кіріп, қара 
түтіннің астында тұншығып, бықсып, жоға 
лып 
бара жатқан шақ та қалың Албанның елі де үдере 
көшті. Салқар­салқар болып қайтқан қаздай тізіліп, 
ауа көшіп тартып берді.
Артында қара түтін боп жәрмеңке қалды. Иесіз 
болып қаңырап, Алатаудың жайлауы қалды. Құла зып 
қыстау, қоңырсып жұрт қалды. Кіндігін кескізіп, кірін 
жуған момын дық күні қалды. Албан албан болғалы 

95
қыстың жұтын, жаздың індетін көрсетпеген, жер 
кіндігі – ата қоныс мекені қалды. Тау­таудың сала­
сында иесіз шулап, қора­қора қой қалды. Тау толған 
арқар, бұғы, елік, қарақұйрық, таутекедей жа байы, 
жайын көптілетті де қалды. Алдын да белгісіз дікке 
толған тұманды күндері құшағын жай ды. Артына 
нәлет айтып, алдына қарай жол тартты» (158­бет). 
Осынау саналы түрде мол келтірілген төрт үзін-
ді 1916 жылғы көтерілістің шығу себебін де, оның 
елге – қазақ халқына әкелген трагедиясы 
ның 
бүкіл лейтмотивін де, барша трагедиясын да толық 
көрсетеді. Роман – трагедияның бүкіл пафосын, 
бүкіл рухын драматург Нұрлан Оразалин де өзінің 
тарихи трагедиясын 
да мейлінше сақтаған, мей-
лінше ұстанған. Оның үстіне сах на мен драматур-
гияның заңдылықтарына сәйкес Мұхтар Әуезовтің 
алтын арнасын, кейінгі кезеңдерде айналым 
ға 
түскен тарихи деректер мен құжаттардың шынды-
ғын өзіндік көркемдік контекспен әдемі дамыт қан. 
Тари 
хи трагедияның финалы – Албан баласы-
ның ауа көшуі мен аяқталады. Роман – трагедия да 
дәл осылай аяқтала 
 
ды. Бірақ бұл арада сахна 
лық 
туындының басынан аяғы на  дейін жалғыз пер зентін 
іздеп жүрген; халық пен ұлт бо ла ша ғы үшін шейіт 
болған – «Ұлы ниеттің құрбандары 
 
ның» басына 
зиярат етіп – мінәжат етіп жүрген; кескі 
лен 
 
ген 
бесікті бүтіндеп жүрген; Алатаудың – Аспантау 
-
дың жетім қалмайтынына, бір кезде зобалаңнан 
ауған Ал бан жұртының, түбі бір жарық күні туып 
қайта оралары     на кәміл сенетін ананың бейнесі (М. 
Омарованың) бірінші ден әрі символдық кілт – образ 
ретінде, екіншіден әрі тарихи шындық дерегі – қазақ 
диаспорасының елге қай та оралу процесінің нақты 
көрсеткіші ретінде дра ма тург туындысына дер бестік 

96
Сайлаубек Жұмабек
дарытқан басты нышандар дың бірі екендігін атап 
айтуымызға болады.
Пьесаның дербестігін, әсіресе, Ұзақ батыр мен 
оның ағасы Түнғатар қажының Бәкей қыз өліміне 
қатыс ты драмалық тартыстың берілуі; орыс офицері 
Хлыновс 
кий мен дәрігер Фонов желілерінің мей-
лінше дамыты 
луы мен тыңнан толықтырылып 
өрнек табуы; түрмеде гі тергеу барысындағы қақты-
ғыстардың жаңа деректер мен байытылып, жалғас-
тырылып, ұштастырылып, айрықша әлеуметтік 
–көркемдік жүк көтере түсуі сияқты жәйттердің 
арттырғанын байқамау мүмкін емес. Ал мұның өзі 
драмалық тартыс-қақтығыс қажеттігі 
нен, көркем-
дік нысанын айқындап, нақтылай түсу мақсаты-
мен, сахналық заңдылықтан туған. Сондық тан да 
драматург Нұрлан Оразалинді ұлы суреткер Мұхтар 
Әуезовтен ұлы тірек тауып қана қоймай, өзінің дер-
бес сөзін де осынау тарихи трагедияда нақты айта 
білген деп құттықтауымызға әбден болады...
Оның үстіне, «Қилы заман» пьесасының, шын 
мәнін 
де, академиялық театр сахнасында тарихи 
халықтық тра 
гедияға көтерілуіне, соған шынайы 
айнала білуінде, яғни көрермен қауымға солай-
ша көрініп, солайша қабыл 
 
дауында қоюшы спек-
такльге қатысушылардың шығар машылық ең бегінің 
жұмыла төккен терінің нәтижесі жатыр десек 
артық айтпаймыз. Мұның өзі осынау премьера-
ның әр қойылымы барысында «Қилы заман» атты 
спектакльдің көрермендер ой мен зердесінен 
қылаусыз шығуынан, ұрпақтар дүрсілінен зайыр 
қол дау тауып жатуынан мейлінше анық аңғарылады.
Қоюшы-режиссер Әбубәкір Рахимов тарихи 
халық тық трагедияның сахналық тілін де, көркемдік 
кілтін де әрі ұрымтал, әрі тапқыр және әрі нақты, әрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет