71
болмысын сол елдің көркем сынынан іздей
тін-
дігің шындық. Өйтке
ні, кез-келген әдеби шы
ғар-
ма өз ұлтыңның көркем сыны
нан лайықты ба
ға-
сын алып жатқанда ғана, өзге құрлық тар мен ел-
дердегі оқырманның ықыласын аударып, ілти паты-
на бөленіп, жүрегін жаулап алады. Мәселен, Ефрем
Каранфиловтың «Болгардың ұлы перзенттері» атты
шығармасындағы болгар әдебиетінің классик
тері
барын ша жоталы, асқаралы шың тәрізді елестейді.
Сынның да көркем әдебиеттің өзінше бір жанры
екендігі, сыншының да шығармашылық жасампаз
дербес тұлға екендігі осы ны айғақтайды.
Сынның, сыншының пірі – әділдік пен ақиқат.
Осы орайда, болгар классикасы мен қазіргі болгар
әдебие тін халықаралық көлемде танытудағы болгар
көр
кем сынының Пантелей Зарев, Ефрем Каран-
филов дәстү рін одан әрі жалғастырып жүрген бел гі-
лі сыншылар дың арасында Иван Попиванов та бар.
Иван Попиванов – Болгария Жазушылар одағы-
ның секре тары, жиырмаға жуық кітаптың авторы.
Бұлардың бірсыпырасы зерттеулер-моногра фия лар,
болгар әде
биетінің ірі өкілдері туралы өмір
баян-
дық-деректі шығар малар. Солардың ішінде, «Әдеби
композиция принцип тері», «Көркем шығармалар дың
мәні мен құрылымы», «Жанр және жанрлық ерекше-
ліктері» атты зерттеулері не теориялық тұжырым дар,
тарихи аспектіде қарастыра
тын ғылыми дәйектер
тән.
Сыншы теориялық еңбектерінде де, көркем сын-
дағы мақа лаларында да өзінің дүниетаным кеңді-
гімен, көз
қарастарының айқындығымен, ой пікір-
лерінің қоным
ды дәлелдерімен, объектісін терең
білетін эрудициясы мен, әділдік пен ақиқаттық при-
н
циптерден, азамат
тық жауапкершілік пен жана-
шырлықтың компасы
нан ауытқымайтын табан-
дылығымен көзге түседі.
72
Сайлаубек Жұмабек
Осы орайда, оның «Эскиздер мен портреттер»
атты жинағы, «Адамға деген іңкәр махаббат», «Таң
шапағы
ның көкжиектері», «Өткірлік, мазмұнды-
лық, даралық», «Социалистік реализмнің мәні және
проблемалар» ат
ты еңбектері мен мақалалары;
бұған қоса баспасөз беттерін
дегі рецензиялары
мен эсселері ең әуелі әдебиетке жә не сынға адал да
әділ қызмет етуімен, алған объектілері
нің шешу-
ші әрі басты сипаттарын тап басып көрсетуі
мен
ерекшеленеді. Сыншының шығармашылық дербес -
ті гі де, ерекшелігі де осындай қасиеттерінен туын-
дайты
нын қайталап айту артық емес. Мәселен,
сыншы Иван Попи ванов ақындар Владимир Голев,
Любомир Левчев, Димитр Методиев, Младен Исаев,
жазушы Богомил Райнов, сын шы Пантелей Зарев
творчестволарының қадір-қасиетте
рін болгар сы-
нында ғана емес, өзге елдерге танытуда да елеу лі үлес
қосып жүрген бірегей сыншы.
Жамбыл мен Әуезовті қазақ әдебиетінің ғажайып
феномендері деп бағалайтын Иван Попивновтың
сын еңбектерінен әрқашан жоғары профессионал-
дық дайын дық пен білімпаздық, көненің өзін жаңа
идеялар мен көзқарастар бойынша қайта топшылау,
социалистік реа лизм эстетикасына шынайы қызмет
ету айрықша көзге түседі.
Өйткені, Иван Попивановтың пікірінше, сын
мен сын шының пірі – әділдік пен ақиқат. Біз бұл
шағын пікі ріміздің, болгар сынышысы Ефрем Каран-
филовтың: «Шығармашылық дегеніміз өзге адамдар
үшін өз қаның
ды өз шығармаңа құю деген сөз.
Донорлықтың ең жоға ры дәрежесі де осындай болса
керек», – деген пікірі мен түйер болсақ, онда белгілі
сыншы болгарлық әріптесі міз Иван Попиванов осы
ақиқатқа көзімізді жеткізіп жүр ген шығармашлық
тұлғалардың бірі.
Қазан, 1985 жыл
73
Бір мезет
«әдеби сын – көркемдік ақиқатқа қызмет ету»
(Көп жазу, көп көріну қиын...)
«Бір мезет» айдары сұхбатының бүгінгі қона ғы
– белгілі сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы ның
Халық аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Сай лау бек Естайұлы Жұмабек. Ол – «Сын ме рекесі»,
«Ғабит Мүсірепов», «Жұлдызы нұрлы сурет
кер»
(бірінші басы
лым), «Қазығұрт перзенті», «Жүрегі
– мұң, жүрегі – жыр», «Сын әуені», «Шерхан Мұр-
таза», «Жұлдызы нұр лы суреткер» (екінші басы лым),
«Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы» атты сын
кітаптары мен республика лық баспасөз беттерін дегі
көптеген мақалалардың авторы. Газет тілшісі жаңа
жылдың екінші онкүндігінде сын
шы Сайлаубек
Жұмабекке жолығып, «Заң» газетінің «Бір мезет»
айдары аясында бірнеше сұраққа жауап беру
ін
өтінген болатын. Міне, біз бүгін оқырмандар назары-
на осынау шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.
Тілші: Жаңа жылыңызбен!
Сыншы: Рахмет! Бірге болсын.
Тілші: Өткен қой жылы, Сіз үшін жаман болмаған
сияқ ты.
Сыншы: Қай жағынан?
Тілші: Әрине, шығармашылық тұрғыдан.
Сыншы: «Заң» газетінің тілшісі көркем сынды
неме
се сыншыны арнайы бақылап жүр ме, әлде
74
Сайлаубек Жұмабек
оқырман ретін де әйтеуір, өткен жыл жемісті болады
ғой деп жалпыла ма айтып, дөп түсіп отырсыз ба?
Меніңше, газет тілші лері көбінесе мансап иелеріне,
өнер мен спорт жұлдыздары
на, артылса ақын-
жазушылармен жүздесуге құштар тәріз ді еді...
Тілші: Мұныңыз өкпе ме әлде...
Сыншы: Сөздің, сірә, ағысы да... Шамданып
қалсаңыз, жоққа шығарып көріңіз...
Тілші: Әлбетте, жұртшылықтың назарында
белгілі бір лауазымды мансап иелерінің әр алуан
партиялар мен қозғалыстардың жетекшілерінің,
өнер мен спорт жұл дыз дарының, сондай-ақ әдебиет
пен өнер, ғылым мен мәде ниет қайраткерлерінің көп
жүретіні, әр алуан қызығушылық тар тудыратыны
белгілі. Әлеуметтік сұраныс бар жер де, біздің соны
қанағаттандыруға ұмтылатынымыз да заң ды емес
пе?!
Сыншы: Төтесінен тоғысу – қармақтың қабуы-
нан гөрі, соның орайын келтіруге, үйлесімін табуға
тікелей бай
ланысты. Қамшыласып көріп, ниет-
бағыттың, мақ сат-мүдденің ортақтығына көз жет-
кізу деп білген жөн. Әйтпесе, сыншымен сұхбат-
тасу, оның үстіне «Заң» газе тінде біртүрлі томпақтау
емес пе?
Тілші: Әдебиет пен өнердің әр алуан мәселелері
бұқа
ралық ақпарат құралдарында, барлық баспа-
сөзге ортақ екендігі даусыз. Дегенмен, сіздің шығар-
машылығыңыз
бен азды-көпті таныс оқырман
дар-
дың бір таңданысы бар. Ол неде деп ойлайсыз?
Сыншы: Білемін.
Тілші: Енді айтпайсыз ба соны..
Сыншы: Сіз қалай дейсіз?
Тілші: Әлбетте, сұрақ бізден, жауап сізден емес пе?
Тағы да «Жайықтың суы – бәрібір, қырық-ақ бөшке»
75
дей тін әзіл мәтелге сүйеніп, дөп түсер ме екен деген-
ге жо рып отырсыз ба?!
Сыншы: Білмей дөп түскеннен гөрі, біліп дөп түс-
кен нің қызығынан гөрі қызуы мол, қуанышы көп,
артықшылы ғы құнарлы ғой.
Тілші: Қабуымыз жетпей жатыр десеңіз, қате-
лесесіз. Біздің білуімізше, сіздің бір кемшілігіңіз
өз қаламыңыз
дың қарым-қуатына жеткілікті мән
бермей, баспасөз дің мүмкіндіктерін мейлінше шек-
теп, мейлінше біржақ
ты пайдалана алатын сияқ-
тысыз. Әйтпесе мақалаларыңыз ды кешегі кеңестік
дәуірдегі өлшемге салып, әрі жеміс ті, әрі насихат, әрі
жарнама ретінде пайдаланғыңыз кел се, қазір газет-
журналдар саны тым жеткілікті сияқты...
Сыншы: Мен ойыңызды да, сұрауыңызды да біл-
дім. Әйтпесе, шынында да мүмкіндік көп. Мұн дай
сауал дар ауызша түрде талай-талай қойылған. Бірде
газет-журналдардың тиісті тапсырыстары менің
оңтайы ма келмейді. Кейде менің оңайымдағы мә селе
– газет-журнал дардың мүддесіне сәйкес қызмет ету
жөнінде гі пайдалы әсер коэфициентіне сай кел мейді.
Тілші: Тым жалпылама емес пе? Нақтылай түссе-
ңіз артық болмас еді?
Сыншы: Ең алдымен шығармашылыққа қатыс ты
ұжым дардың, әсіресе, бас редакторлардың ш ы ғар-
ма шылық иелерінің, сондай-ақ әрқайсымыздың, сіз
бен біз сияқтылардың өз талғамдары, өз көз қарас-
тары ба ры шындық қой. Бәлкім, бір орайда, не оң –
не теріс, не артық – не кемін түсініп жатар. Әйтеуір,
бұлар
дың көбі
несе өзара алшақтығын жоққа шы-
ғара алмай мыз. Нақтылай түсу жағына келсек, қоғам
өзгерді, талап
тар өзгерді. Сондықтан шығар ескі
инерциядағы қалып тан арылу керек. Кешегі кеңестік
дәуірде – көркем сын ның жарнамалық сипатына
76
Сайлаубек Жұмабек
жаппай көпшілікке насихатшы
лық қызметіне
айрықша үстеме мән берілді. Сын мен сын шылар-
дың баспасөз-әмбебаптық процентшілдігіне қолпаш
көп болды. Әлеуметтік-қоғамдық, рухани-көр
кем-
дік шынайы өлшемдер көбінесе тапсырыспен орын-
далып жататын. Соның өзінде, шығармашылық иесі
дейміз бе, әлде шығармашылық тұлға дейміз бе,
белгілі бір дәрежеде өз жүрегімен, өз қалауымен, өз
талғамымен, өз талантымен жазатын сыншылар дың
бағы кем жанған мен, бәсі де, абырой да, ары да, сөзі
де ешқашан кем түспеген.
Тілші: Сонда, сіздіңше көп жазу, әсіресе көп көріну
сын шыға ерсі ме?
Сыншы: Неге? Көп жазу, көп көріну, жалпы
шығар
машылық иелерінің қай-қайсысына болсын
қиынның қиыны. Ал сыншы үшін тіптен қиямет-
қайым. Мәселен, қа зір кітап оқудың азайып бара
жатқанын немен түсін діреміз. Теледидар дүріл деп,
дәуірлеп тұрған заманда кі
тап оқу мәдениеті
нің
кеміп бара жатқаны қандай өкінішті... Мұның бәрі
сыншылар үшін едәуір проблема емес пе?
Тілші: Бұл, әрине, проблеманың проблемасы.
Сыншы: Нақтылай түсу керек десеңіз, соған
көшей ін. Мен «Жас алашта» (бұрынғы «Лениншіл
жас») әде
биет пен өнер бөлімінің меңгерушісі,
«Қазақ әдебие ті» газетінде сын бөлімінің меңгеру-
шісі «Егемен Қазақ станда» (бұрынғы «Социалистік
Қазақ стан») «Әдебиет жә не өнер» бөлімінің меңгеру-
шісі болған жылдарым
да баспа
сөз қызметкерінің
эти касына (сол ұжым ның мүд десі үшін ғана қызмет
істеу дейтін жазылмай тын заңы бойынша), редак-
ция талаптарына айрық ша мән берілетін. Мен осы
басылымдарда қызмет ет кен жыл да рымда осындай
үрдістің шеңберінен шық
қан емеспін. Бірді-екілі
тапсырыстар (егер орындаған бол
са) редакция
77
басшылығының келісімі мен рұқсаты бойын
ша
істелінетін. Өз ойымша, өз мінезім бойынша сол кез-
дері мен өз редакциямның мүддесі мен жұмы сынан
артыл ған жоқпын деп білемін. Кейіннен, тәуел сіздік
жылдарын
да «Алматы ақшамы» газетінің әдебиет
пен өнер бөлімі
нің шолушысы болып жүргенімде
де осылай болды. Менің
ше, оқырмандардың бір
таңданысы осыны аңғарған дары болар...
Тілші: Ал мұның себебі неде?
Сыншы: Әрине, тек этика сақтауда ғана емес.
Әрбір шығар машылық ұжымның ойынан шыға беру
де оңай емес. Ең бастысы, өзіңнің көкейіңдегіні соған
сәйкес, со ған лайықты шынайы жеткізе білуде. Оның
үстіне әде би сынның борышы да, міндеті де мақ саты
да, парызы да тікелей көркемдік ақиқаттарға ғана
қызмет ету ғой.
Тілші: Сонда өткен жылы «Алматы ақшамы»
газетін
де «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы»
(Ахтанов – Ахтановтың көзімен) атты роман-портре-
тіңіз, «Газет ішін дегі кітап» айдарымен жария лан-
ды. Үлкен форматпен төрт бет болып шығу – сирек
жәйт. Соны қалай түсіндіресіз?
Сыншы: Ең алдымен, қазақ әдебиетінің ХХ ға-
сырда ғы ұлы суреткерлерінің бірі – Тахауи Ахта-
новтың 80 жылдығы тәрізді айтулы датаның елеу-
лі мәніне лайық атап өту жөнінде шығармашы лық
ұжымның
көзқарасы мен
сыншының-автор дың
мүдделес шыққандығы нан деп білу керек. «Алматы
ақшамы» газеті өзінің әдебиет пен өнерге деген
елеулі де принципті көзқарасын көбі несе жомарт-
тықпен көрсетуді, оқырмандарының биік эсте
ти-
калық талғамына сай, мол қамтылған дүние ұсынуы-
мен дәлелдеп келе жатқан басылым. Мәселен, кей бір
басылымдар бір ғана материал берумен ғана шек теле-
78
Сайлаубек Жұмабек
ді. Ал кейбір басылымдар бірнеше материалды бірне-
ше сандарында беруді көздейді. «Алматы ақ шамы»
бол са, рухани-көркемдік, әлеуметтік-қоғамдық мәні
зор, әрі айрықша деп есептейтін тұстарда «Газет
ішіндегі кі тап» айдары арқылы қопарып та, қо мақты
да етіп ұсынаты
ны бар. Мұның өзі, түптеп кел-
генде, шығармашы лық ұжымның ерекшелігін нақты
көрсететін, оқырман дар сүйіспеншілігін тудыратын
белгілер.
«Алматы ақшамы» газетінің осындай принципті
пози
циясынан шығар, Қазақстан Республика
сы-
ның Ақпа
рат министрлігі Жазушылар одағының
өті нішін еске ріп, өткен жылы мемлекеттік бағдар-
лама бойын ша, «Күлтегін» баспасынан жеке кітап
етіп шығарды. Сөйтіп, ұлы суреткер Тахауи Ахта-
нов тың туғанына 80 жыл толуына орай, оқырман-
дарға үлкен тарту жаса ды. Бұл арада, мені жақсы
түсініңіз, Жазушылар одағының, Ақпарат министр-
лігінің, «Алматы ақшамы» газеті
нің қазақ
тың
Тахауи Ахтанов тәрізді ұлы суреткеріне деген зор
махаббатын – ортақ сүйіспеншілігін, ғажайып
құрметі мен кіршіксіз мақтанышын жеткізе білу
фак торы – сыншы еңбегінің кітап болып шығуын
қамтамасыз ет
ті. Автордың осы орайда ризашы-
лығы мен шығармашы лық сирек сезімдер шуағында
жүргендігі айтпаса да түсі нік ті ғой!...
Тілші: Сын кітабының роман-портрет деп аталы-
нуы тосын көрінеді.
Сыншы: Әрине, ескі өлшеммен айтсақ, әдеби
портрет деуге де болады.
Әрине, бұрынғы ізбен айтсақ, монография
лық-
сыни очерк деуге де болады.
Сын кітабы, автордың ойынша, әсіресе, роман-
пор третке жақын. Өйткені, көркем сын жанрында
79
бұрын
нан бар әдеби портрет пен монография
лық
саны очерк тің үлгілерінде кездесетін кейбір ортақ
белгілердің, міндет тердің, талаптардың, өз оңтайына
келетін тұстарын ғана тірек етіп алған.
Оның үстіне сыншы ұлы суреткер Тахауи Ахта-
нов
ты өз көзімен ашуға ұмтылған. Оның эсте
ти-
ка
лық көз
қарастарын – сыншы өз объектісінің
туынды лары мен әр алуан мақалаларынан жарыс-
тыра отырып, яғни сол кездегі әдеби процестегі
Ахтановтың ұлы қалам қайрат
керінің күресі мен
рөлін жарыстыра отырып қарастыр ған. Қарас тыра
отырып соның екі өрім, бір өзек табиға тын талант
тектоникасындағы ішкі қасиеттерді ашып көр се туге
ұмтылған. Сыншы үшін роман-портрет тің прин ципті
кілті де осынысында.
Тілші: Сіз бұған бұрын 2002 жылы «Қазы ғұрт»
баспа
сынан шыққан «Шерхан Мұртаза. Жұл
ды-
зы нұрлы сурет
кер» (екінші басылым) атты кіта-
б ы ңызды роман-моно лог деп айқындап едіңіз.
Сонда роман-портрет дейтін атау лар оқырман дарды
үркітпей ме немесе мезі етпей ме? Қа лай ойлайсыз?
Сыншы: Көркем сын да – әдебиеттің поэзия,
проза, драма тәрізді жанрларының бірі екендігі
ақиқат болған дықтан, оның да бойына тән ішінара
өзгешеліктері, ерек
шеліктері болатыны заңды.
Әлемдік әдебиетте, көр кем сын жанрында жазыл-
ған роман-зерттеу, деректі ро
ман, толғау роман,
повесть-зерттеу, этюдтік-эскиздік әралуан сипатта-
малар және тағы басқа түрдегі туынды лар жыр ты-
лып айырылады.
Мәселен «Жұлдызы нұрлы суреткер» 1993 жылы
«Өл
ке» баспасынан монографиялық очерк болып
шықты. Ол кезде автор кеңестік идеология мен
социалистік реа лизм эстетикасы бойынша солайша
80
Сайлаубек Жұмабек
болуы тиіс еді. Тәуелсіз дік жылдарының талаптары
мен мұраттары тұрғысы
нан түбірімен қайта
жазылған еңбек-сыншының моно логы, сыншының
толғанысы болып шыққандықтан ро
ман-монолог
деген анықтама берілген еді.
Әдебиетте көркем роман түрі – поэзияда да,
проза да да, драматургияда да, сында да бар.
Әрине, жанр заңдылықтары бойынша аталынып
жату
ында да гәп бар. Бұл арада автордың не
көздегенін де жоқ қа шығаруға болмайды. Мәселен,
сыншының роман-монологын біреулер қабылдар,
біреулер қабылдамас. Гәп онда емес. Өйткені, кез
келген романның бәрін бір
дей қабылдау мүмкін
емес қой. Сыншы сын жанрының іш кі ерекшеліктері
мен заңдылықтарына сүйене отырып, бар болғаны
тек роман-монолог, тек роман-портрет қа на жазып
шықты.
Ең бастысы, бұл кітаптардың сын жанрына қойы-
ла тын белгілі бір әлеуметтік-қоғамдық тапсырыс тар
бойын ша жазылмағанында.
Ең бастысы, бұл кітаптардың сын жанрында жүрек
қалауымен дүниеге келуінде. Белгілі бір жағдай лар-
да әлеуметтік-қоғамдық сұраныс тұрғысынан қол дау
тауып, оқырмандарға жетіп жатуында.
Тілші: Алдағы жұмыс жоспарыңыз?
Сыншы: Бірнеше жәйттердің толғандырып
жүргені рас. Әр жылдар беделінде әр түрлі сипатта
жазылған әралуан нәрселердің желілері бар. Әсі-
ресе, соның ішінде әдебиет те әрқилы себе п термен
әрқилы сыныққа сылтау мен айтылып жүрген бірде
солақай, бірде әдік, бірде мінем паз, бірде сынампаз,
бірде жолбике, бірде жүрдім-бардым үр ме жәйттар
жөнінде роман-полемика түріндегі сын-кіта
бын
жазып жүрмін.
81
Тілші: Біраз адамның құлағына алтын сырға де-
гені ңіз бе, әлде...
Сыншы: Сында қаламгерлер атаулының пікір
айта са луы оңайдың оңайы. Әдебиеттің жалпы өл-
шеміне сүйе
не отырып, пәленшенің, жеке
леген
туын дылары, шамамен пәленшенің туындыла ры мен
орай лас, деңгейлес бо лар деген долбармен жал пы-
лама айтылып жататын пікір лер әлі де жетіп жа тыр.
Редакциялық өтініштерге сай, нақ ты оқылып ба рып
жазылса бір жөн...
Бірақ мәселе – нақты оқуда, нақты дәлел деуде,
нақ
ты сіңіруде, нақты сендіре білуде. Сыншы-
ның да, қалам герлердің де пікір білдіру бары сын-
да оқырмандар
дың ой-пікір призмасының қатал
айнасына тап болатыны да осы тұс. Мұндайда,
баспасөзде, бұқаралық ақпарат құрал дарында көп
көрінетін қаламгерлердің мұз айдыны
на кейде
роликті конькимен немесе желаяқтар жүгіре
тін
стадионға кейде кәдімгі мұз конькиімен шығаты ны,
сөйтіп қалың көрерменнің – оқырманның әския
келе межіне айналатыны әлі де ұшырасып жататыны
бар. Сон дық тан да, сын жанрының, шын сыншы ның,
шынайы эсте тикалық полемикалардың қажет ті лігі
де, сұраны сы да әр қашан тек қоғам мен өмірдің өзі-
нен туындай бере ді дейтініміз осыдан болса керек.
Тілші: Әңгімеңізге рахмет. Бір мезет уақытыңыз-
ды алғанымызға айып етпеңіз.
Сыншы: Сізге де рахмет. Сұхбатымыз бір мезет
кәде
ге асып, оқырмандарымыздың ой-пікіріне өз
үлесін қо сып жатса, нұр үстіне нұр.
Сұхбатты жүргізген
Алтынай Жолдыбекова
82
Сайлаубек Жұмабек
сахнаДа тарихи тұлғалар
1985 жылдың сәуірі әкелген қайта құру, де
м
о-
кратия лық пен жариялылық кезеңінің қоғамды жа-
ңартушы лебі әлеуметтік-мәдени өміріміздің бар-
лық саласына түбегей лі өзгерістер енгізді. Жа ңаша
ойлау жүйесі мен бәз-бая
ғы қасаң бюрократизм-
нің арасындағы күрестің Драматиз
мі, Трагизмі,
Жеңістері мен Жеңілістері қазір көз алды
мыз
да
әрқилы деңгейде, әралуан сипатта өтіп, әрқа
шан
та рих беттеріне айналып кетті. Үш ұйықтаса, ойға
кірмей тін саналуан кедергілер бой көрсетіп жатты.
Алайда, қо
ғам өзінің алдына қойған мақсатына
қинала-қинала, іл
ге
рі жылжи түсті. Мұның бәрі
қаламгер үшін қажет өмір
лік материалдар әрі
қозғаушы күштер болған еді.
Қайта құру мен жариялылық әкелген соны леп тің
тұрлаулы нышанын біз, негізінен, ең әуелі публи-
цисти
ка мен поэзиядан, драматургиядан көрдік.
Бұған Қал тай Мұхаметжановтың «Біз періште емес-
піз», Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің
хаты», Баққожа Мұқаевтың «Тоят түні» драмаларын
ең алдымен атар е дік. Бұл орайда, көпшілігіміз үшін
прозашы Ш.Мұртаза ның драматургиядағы қа дамы
мүлде тосын көрінгені, күдік тудырғаны, күмән
келтіргені кездейсоқтыққа балаға ны рас. Бұған оның
Қалихан Ысқақовтың бірлесіп жаз ған «Қызыл жебе»
(«Революция сарбазы») пьесасы дап-дайын та мызық
болып, отқа май құя түскені бәріміз ге және мәлім.
83
Ал «Сталинге хат» пьесасын жеке бір сәттілік деп
қана қарастырдық. Бұған іле шала «Бесеу дің хаты»
қосылғанда, бұрынғы пікірлерімізге енді өзде рі міз
де күмәнмен қарайтынды шығардық. Оның үсті-
не республикалық Жастар театрындағы екі спек-
такль дің зор табысы да ел аузында болып, ешкімді
де бейта
рап қалдырған жоқ. Прозада кемеліне
келген суреткердің ат басын кенеттен драматур-
гияға бұруына, меніңше, жаңа жанрда күш бай қап
көру ғана емес, сонымен бірге ең бас ты себеп –
ғажайып драматизмі мен шырғалаң траге дия сы мол
өмірлік материалдардың сахнаға мейлінше сұранып
тұрғанында, итермелеп тұрғанында еді.
Мәселен Тұрар Рысқұловтың Сталинге жол даған
ха тын прозада көркем документ-дерек ретінде оқу
бір бө лек те, сондағы айтылған жәйттерді сах надан
көру және бір бөлек. Оқып қабылдау мен көріп
қабылдаудың айырма
сы екі түр
лі болады. Оқыр-
ман ретінде романда мысалға кел ті рілген осы хат-
тағы көптеген деректер мен сорақылық тарға, ащы
шындыққа толғана-тебірене отырып, налу мен ғана
шектелер едіңіз. Ал, көрермен ретінде сол жәйт терді
сахнадан көрген сәтте, сол өмірді кейіпкермен бірге
ке шіп, сол тіршіліктегі тартыс пен айқасқа бірдей
арала
сып, бармағыңды қалай шайнағаныңызды
білмей қалар еді ңіз.
Енді «Сталинге хат» спектаклінің авторы мен
режис сері «Жас алаш» «Бұрынғы «Лениншіл жас» –
С.Ж.) газетінде не дейді екен, оқып көрейік.
Ш.Мұртаза: «Тұрар Рысқұлов өмірінен роман
жа
зып жүрген кезімде көптеген архив материал-
дарымен таныстым, елеусіз қалып келген дерек терге
ұшырастым. Хат қолыма бертінде тиді. Голощекин-
нің лаңы туралы С.Мұқанов «Өмір мектебінде»
бір дерек келтіретін. Бі
рақ бұған назар аударып,
|