Ж аһандану дҽуіріндегі



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата20.02.2017
өлшемі4,7 Mb.
#4555
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

ЛИТЕРАТУРА
 
1.
 
Вернер  Э.  Мифы  народов  Африки  /  Пер.  с  англ.  Т.Е. Любовской  [Текст].  –  М.: 
ЗАО Центрполиграф, 2007. 
2.
 
Истории чѐрной земли. Сказки и легенды народов Анголы [Текст]. Пер. с португ. 
Л.В. Некрасовой. – М.: Изд-во «Наука», 1975. 
3.
 
Мава  Н.  «Африканская  философия»  в  свете  диалектического  и  исторического 
материализма (на материале франкоязычной литературы) [Текст]. Дис. … канд. филос. наук. 
– М. 1985. 
4.
 
Миллер  Дж.  Короли  и  сородичи.  Ранние  государства  Сбунду  в  Анголе  [Текст]. 
Пер. с англ. О.Л. Орестова и О.С. Томановской. – М.: Изд-во «Наука», 1984. 
5.
 
Огун  //  Мифы  народов  мира  /  под  ред.  С.А. Токарева  [Текст].  –  М.:  Советская 
энциклопедия, 1980–1982. 
6.
 
Поэзия Африки. Библиотека всемирной литературы [Текст]. Серия 3. Т. 131. – М.: 
Худ. литература, 1973. 
7.
 
Africa Contemporary Record. Annual Survey and Documents. 1977–1978 [Text]. – L., 
1979.  
8.
 
Barnett  D.,  Harvey  R.  The  revolution  in  Angola.  VPLA,  life  histories  and  documents 
[Text]. – N.Y., 1972. 
9.
 
Kunene M. Great Emperor Shaka [Text]. – Zulu Epic., 1979.  
10.
 
MPLA. Angola. Exloitation esolavadiste. Resis tance nationale [Text]. – P., 1961.  

78 
 
11.
 
Ngouabi M. Vers la construction d′une société socialiste en Afrique [Text]. – P., 1975. 
12.
 
Nkrumah K. Handbook of Revolutionary Warfare [Text]. – N.Y., 1969.  
13.
 
Ogunbesana  К.  A  King  for  All  Seasons:  Chaka  in  African  Literature  [Text].  –  New 
York, 1973.  
14.
 
Okoye F.N. Tshaka and the British Traders [Text] // Transafrican Journal of History. – 
1972. – vol. 11. – № 1. 
15.
 
Remarques congolaises et africaines [Text]. – Bruxelles. – 1967. – № 3.  
16.
 
Senghor L.S. On African socialism [Text]. – London, 1964. 
17.
 
The  new  Black  Magazine  [Электронный  ресурс]  //  Terms&Conditions.  –  2005.  – 
Режим доступа: 
http://www.thenewblackmagazine.com/view.aspx?index=496
 
18.
 
Encyclopedia of African Peoples [Text]. – L., 2000. 
 
 
 
БАСТАУЫШ КЛАСТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Рабаева А.Ш. 
№36 қазақ орта мектебінің мұғалімі, Ақтӛбе қаласы 
 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамыған  кезінде  оқу-  білімнің,  соның 
ішінде  болашағымыз-  бҥгінгі  мектеп  оқушысының  білімі,  тәрбиесі  маңызды  мәселе. 
Еліміздің  әлеуметтік  экономикасының  дамуына  дамыған,  білімді  де  білікті  тҧлғаны 
тәрбиелеу- аса қҧрметті қоғамдық міндет. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  29  қаңтар  2011  жыл 
Қазақстан Халқына Жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар ҥшін ҥш тілді білу 
әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 
жылға  қарай  ағылшын  тілін  білетін  тҧрғындар  саны  кемінде  20  пайызды  қҧрауы  тиіс  деп 
есептеймін»- деген болатын [3].  
Сондай-ақ  елбасы  «еңбек  нарығының  даму  серпіні  мен  келешегіне  сәйкес  келетін 
білім  беру  мен  кәсіптік  қайта  даярлаудың  халықаралық  стандарттарын  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  мемлекеттік  саясат»  орайында  ағылшын  тілі  жӛнінде  «кез  келген  ортанқол 
мектептің  балаларға  ең  жоғарғы  деңгейде  шет  тілін  оқып  ҥйренуіне  жағдай  жасайтындай 
дәрежесіне  қол  жеткізуіміз  міндет»,  -деп  атап  кӛрсетті.    Еліміздегі  ҥштілділік  саясатын 
жҥзеге  асыру  мектептен  бастау  алатыны  белгілі.  Осыған  орай  2013-2014  оқу  жылында 
республикамыздың барлық мектептерінде ағылшын тілін 1-кластан оқыту еңгізілді.  
Бастауыш  сынып  оқушылары  еліктегіш,  жаңаны  жаны  сҥйгіш  келеді.
   
Осы 
бҥлдіршіндерді  ана  тілімен  қоса  ӛзге  ҧлт  тілін  игерту  жолдарын  дҧрыс  таңдай  білу  жақсы 
мамандар  қолында.  Дегенмен,  ағылшын  тілін  саналы  меңгерту,  оны  ӛз  деңгейінде 
қажеттілікке  айналдыру,  бір  жылғы  мәселе  емес.  Сондықтан  ағылшын  тілін  оқыту  ісімен 
шҧғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сҧрақ: ағылшын тілінде ӛз ойын ауызша 
және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай ҥйрету керек? Оқушыны ынталандыру ҥшін қандай 
әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жӛн? 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  8-бабында  «Білім  беру 
жҥйесінің  басты  міндеті  -  ҧлттық  және  жалпы  адамзаттық  қҧндылықтар,  ғылым  мен  іс-
тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптстыруға,  дамытуға  және  кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу ҥшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап кӛрсетілген. 
Чехтың  ҧлы  педагогі  Ян  Амос  Коменский  «Ҧстаз  оқушыға  ӛзінің  тәсілдерін 
ҥйретуден бҧрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы  қажет. 
Егер  шәкірттің  бойында  оқуға  деген  ынта  –  ықылас  оянбаса,  онда  жҥз  мҧғалім  оған  тӛніп 
тҧрса да одан тҥк шықпайды» деген болатын. Білім, біліктерін оқушылардың зердесіне қалай 
ҧялатудың  ҧтымды  жолдарын,  әдістерін  талмай  іздеу  –  әр  ҧстаздың  міндеті.  Баланың 

79 
 
жасырын,  тіпті  тым  терең  жатқан  қабілеттерінің  кӛрінуіне  мҥмкіндік  жасау  ҥшін  қызығу 
қабілетін ояту қажет. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру ӛте 
маңызды, кҥрделі және кӛп салалы мәселе болып есептеледі. 
1кластарда  оқушы  тез  шаршайды,  тез  жалығады,  айналасына  және  жанындағы 
отырған  жолдастарына  кӛңіл  аударып,  қасындағы  отырған  оқушыны  да  ӛзімен  бірге  басқа 
әрекеттерге  ауысуға  бейім  келеді.  Әрине  ағылшын  тілінде  олардың  кӛңілін  аулайтын  тҥрлі 
ойындар, сергіту ойындары ӛте кӛп, тек оларды тиімді пайдалану оқушыны жалықтырмауға 
және сабақ барысымен тілдік әрекеттерді байланыстыру сабақ барысын әрлендіре тҥседі. 
 Бастауыш кластарда ағылшын тілін ҥйрету мынадай тіл дамыту жҧмыстары бойынша 
жҥзеге асады.  
1. Лексикалық жҧмыс 
2. Граматикалық жҧмыс 
3. Фонеткалық жҧмыс 
Тілді  меңгеруде  ең  маңыздысы  –  лексика.  Басқа  білім  салаларының  ішінде 
лексиканың  бірінші  орын  алу  себебі  мынада  кейбір  сӛйлеушінің  сӛзінде  граматикалық 
қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мҥмкін [1]. Айтушының не айтқысы 
келгенін тыңдаушы тҥсінеді. Лексиканы меңгеру ҥшін тҥрлі әдіс  - тәсілдер пайдаланылады. 
Нақты мағыналы сӛздерді суреттер, зат, макет арқылы тҥсіндірген жӛн.  
Контексттерде  грамматикалық  қҧрылым,  ондағы  жаңа  сӛзбен  басқа  сӛздердің 
барлығы оқушыларға бҧрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сӛздерге 
аударылады.  Яғни  граматикалық  материалды  тҥсіндіруде  қазақша  мысал  келтіріп,  берілген 
мысалды  ағылшынға  аударып,  екі  тілдегі  ҧқсастық  пен  айырмашылықтарға  тоқталған  жӛн. 
Содан  кейін  ағылшын  тілінде  жасалу  жолын(ерекшелігін  тҥсіндіріп  ӛтетін  граматикалық 
материалды  бекіту  ҥшін,  практикалық  жаттығулар  кӛп  жасалу  керек[2].  Демек  шетел  тілін 
оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға 
оның  қалай  қолданылатынын  кӛрсетіп,  дҧрыс  айтуға,  жазуға,  оқуға  дағдыландырып 
тӛселдіру  керек.  Фонетикалық  материалды  меңгерту  ҥшін,  фонетикалық  дағдыларды 
қалыптастыру  және  жетілдіру  ҥшін  жаңылтпаштар,  тақпақтар,  ӛлеңдер  жаттау  оқушының 
дағдысын іскерлікке жеткізеді.  
Альфавитті ертегі ретінде алып лексикалық қорын дамыту оқушылардың ықыласын, 
қызығушылығын  арттырады.  әріптеріге  байланысты  ойын  элементтерін  қолдану,  ән  айту, 
сергіту жаттығуларын жасау оқушыларды   класс бӛлмесінде қозғалыста жиі болуы, олардың 
қызығушылығын арттыра тҥседі. 
Сондықтан  мҧғалім  сабақ  барысында  ойын  тҥрлерін  пайдаланып  отырса, 
оқушылардың  ынтасы  артып,  алған  білімдерін  ӛмірде  қолдана  білу  мен  іздемпаздық 
дағдылары жетіле тҥседі. Ойын тҥрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мҧғалімнің меңгертіп 
отырған  білімін  аса  зор  ықыласпен  тыңдап,  білімді  берік  меңгеруіне  кӛмектеседі.  Жас 
ерекшеліктеріне  байланысты  ойын  барысында  тез  сергіп,  тапсырманы  жылдам  орындауға 
тырысады.  Сабақта  ойын  тҥрлерін  қолдану  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттырып, белсенді тҥрде қатысып, тҥсінбегенін тҥсінуге мҥмкіндік туғызады. Мҧғалім ойын 
тҥрлерін  жеңілден  -  ауырға,
 
бірте  -  бірте  кҥрделендіре  жҥргізуіне  болады.  Енді  ағылшын 
әліпбиіндегі кейбір әріптерді тҥсіндіру барысындағы элементтерге тоқталып ӛтейін. Мысалы  
R  әріпі  кезінде  ―rain‖  сӛзін  тҥсіндіріп  бірнеше  бала  қолшатыр  астында  ―Rain,  rain  go  away‖ 
әнін  орындайды.  ―P‖  әріпін  ӛткенде  олар  қолшатыр  астында  тҧрып,  жаңбыр  астындағы 
кҥшікті  қасына  шақырады.  ―Puppy,  puppy  come  to  me.  Let’s  play  under  the  tree‖.  Бастауыш 
класс  оқушылары  бҧл  тақпақты  образға  кіріп  орындайды.  Енді  қолшатыр  астындағы 
оқушылар кҥшікті қасына шақырып тал тҥбіне ойнай бастағанда талдағы жыланды байқайды 
―S‖  әріпін  ӛту  барсында  ―snake‖  сӛзі  лексикалық  қорына  толықтырылады.  ―Oh,  Mary  come 
and see. A big snake on the tree‖  деп қаша жӛнеледі.  Енді олар жылан шағып алмас ҥшін  ―V‖ 
әріпін  ӛту  барыснда  бірнеше  оқушы  класс  ішінде    микроавтобусқа    ―van‖  отырып,    ―I  am 
driving in my van‖ әнін орындайды. Ән бастауыш класс оқушысы ӛте жылдам ҥйренеді. ―I am 
driving  in  my  car‖    әуенімен  орындалады.    Осылай  ертегіні  тҥрлендіру  арқылы    мҧғалім 

80 
 
алдындағы  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық  тілдік  әрекеттер  сабақтасып 
орындалып жатады.   
 
Қорыта  айтқанда  ойынның  қай  тҥрін    алсақ  та,балалардың  ӛсіп-жетілуіне,  ойлау 
қабілетінің  дамуына,сӛйлей  білуіне  ӛте  зор  әсер  ететінін    кӛреміз.  Ойын  олардың 
адамгершілік    қасиеттерін,  эстетикалық  талғамдарын  қалыптастырады,  ҧжымшылдыққа  
тәрбиелейді.  Бҧл  қасиеттердің  балалардың    сіңуі  ҥшін,олардың  ойынына  басшылық 
етіп,бағыт  беріп  отыру  керек.
 
Ойынның  кӛп  тҥрі  бар:  шығармашылық,  сюжетті-рӛльді, 
тҧрмыстық,  спорттық,  қимылды,  сӛздік  ойындар.  Аталған    ойынның  қай  тҥрін  алсақ 
та,балалардың    кҥнделікті  тіршілікте  елеулі  орын  алады.Олардың  ӛсіп-жетілуіне,  олардың 
ақыл-ойының  дамуына  әсер  етеді, дҥниетанымын арттырады.  Сӛйлеу    қабілетін  жетілдіріп, 
дҥниетанымын  молайтуда сӛздік ойындардың   орны  ерекше.  Сӛздік ойындарды  ойнатудың 
пайдасы  зор.  Мҧндай  сӛздік  ойындар  арқылы  балалар    тҥр-тҥсті  ажыратып,  нәрселерді 
топтап айта білуге, іс –әрекетті, қимылды білдіретін сӛздерді айтуға жаттықтырады. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1.
 
Америка  ғалымының  кӛзқарасы.  Идея  триединства  языков  в  Казахстане  правильна  и 
будет способствовать развитию страны. // Казинформ. -15 мамыр. - 2008жыл.  
2.
 
Президенттің  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан».  Астана, 28 
сәуір. - 2007 жыл.  
3.
 
Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауы. 
4.
 
Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н..  English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы, 
2001. 
 
 
 
ҼЛЕМНІҢ ТІЛДІК КҾРІНІСІНІҢ ТІЛ МҼДЕНИЕТІНДЕГІ БЕЙНЕСІ 
 
Сайлыбайқызы  Гҥлім 
 С. Бәйішев атындағы Ақтӛбе университеті 
филология мамандығының 1 курс магистранты 
 
Тілдің  табиғилығы  мен  оның  даму  мәдениеті  қадым  заманнан  бері  кӛтеріліп  келе 
жатқан мәселе, бҧл ҧлттық таным мен ҧлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын 
ҥрдіс  екені  белгілі.  Қазіргі  тілдің  даму  ширегіне  жеткен  кезінде,  және  жаһандануға 
байланысты  тіларалық  қарым-қатынастың  тереңдей  тҥскен  шағында  бҧны  ескі  сарынмен 
және  біржақты  заңдылықтардың  шеңберінде  қарау  кӛп  жағдайларда  қазір  тілшілердің,  тіл 
жанашырларының  сыңаржақ  пікірлерін  туындатып  жататыны  да  аян.  Қазіргі  тіл 
тазалығымен  оның  мәдениетінің  дамуын  әлеуметтік  лингвистика,  психолингвистика, 
когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның ӛзге ҧштасқан салаларымен байланыстыра 
қарап бағамдауымыз қажет. 
Айрықша теориялық ғылыми пәндердің қазіргі ӛмір талабына байланысты тәжірибеге 
араласуы  қоғамдағы  қалыптасқан  тілдік  ахуалға  байланысты.  Қазақстандағы  тілдік  қарым-
қатынастың  сан  қырлылығы  мен  кҥрделілігі  қазір  тілдің  типологиялық,  генетикалық  және 
функционалдық қасиеті жӛнінде тҧрақталған тҧжырым айтуға негіз бола алмайтынын байқап 
отырмыз. 
Ҧзақ  жылдар  бойы  орыс  тілінің  басымдылығын  кӛріп  келген  қазақ  тілінің 
тазалығымен мәдениетін орыс тілінің қарым-қатынасынсыз қарастыру мҥмкін болмай отыр. 
Бҧл  мәселелерді  кӛтермес  бҧрын  қазіргі  қазақ  қоғамында  қалыптасқан  тілдік  ахуалға  назар 
аударуымыз  қажет.  Тарихта  біртҧтас  ҧлттың  дінге,  мәдениетке,  идеологияға  және  тілге 
байланысты себептердің салдарынан екіге бӛлінуі бізге белгілі.  

81 
 
Қазіргі  қазақ  қоғамына  кӛз  жҥгіртетін  болсақ,  қазақтардың  тілге  байланысты  орыс 
тілді  және  қазақ  тілді  қазақтар  болып  екіге  бӛлініп  қалыптаса  бастағанын  байқаймыз.  Бҧл 
әсіресе  Қазақ  елінің  егемендік  алуынан  кейін  жандана  бастағаны  айқын  болып  отыр.  Осы 
мәселелерге  тҥбегейлі  кӛз  жҥгірту  ҥшін  бірнеше  жәйіттің  басын  ашып  алуымыз  қажет. 
Мәселен,  қазақтардың  ҧлтқа  ҧюы  мен  олардың  консолидациялану  жолы,  әдеби  тілдің 
қалыптасуының ҧлттық сезімді қалыптастыруға ықпалы, қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму 
жолдары  және  осыдан  келіп  шығатын  тіл  мәдениеті  мен  оның  тазалығын  сақтаудың 
проблемалары сияқты мәселелерге ҧласады. 
Тҥркі  тілдес  тайпалардың  ХІІІ  –  ХІҤ  ғасырларда  дербес  ҧлттарға  айнала  бастауына, 
біріншіден, олардың тілдік туыстықтары негіз болды. Тҥркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің ең 
жаңа  тҥркі  тілдер  категориясына  жататыны,  қазақ  тілінің  кӛнеден  дами  келе  жаңарған, 
ӛміршең  тіл  екенін  дәлелдейді.  Сондықтан  сан  ғасырлық  тарихы  бар,  миллиондаған 
адамдарға  қызмет  етіп  отырған,  Орталық  Азиядағы  іргелі  бір  мемлекеттің  тілі  болып 
табылатын  қазақ  тілі  сияқты  ірі  тілдің  тҧтас  тарихын  таныту  ҥшін  оның  даму  кезеңдерін 
қоғамдық  қҧбылыстармен  байланыстыра  отырып  сипаттау,  дамуын  дәуірлеу,  оны  дамыту 
мен  ары  қарай  жетілдіруіне  ҥлес  қосқан  қайраткерлер  әлемінің  тілдік  кӛрінісін  бағамдау 
сияқты қыруар мәселелерді жҥйелеу қажет болады. Бҧны бір мақаланың кӛлеміне сыйдыру 
мҥмкі  емес.  Қазақ  тіл  мәдениеті  қазақтың  ауызша  және  жазбаша  кӛркем  әдеби  тілімен 
ҧштасып жатқандығы, оның кӛптеген мәселелері қазақ қауымының қазақ поэзиясы тарихын 
танып-білуімен  шешілетіні  мәлім.  Кез-келген  тілдің  стильдерінің  барлығы  әдеби  тілден 
тарамдалып шығады. 
Қазақ тіл білімінде осы кҥнге дейін «әдеби тіл» деген ҧғымға тиянақты бір анықтама 
берілмей келеді. «қазақ әдеби тілі», «қазақ жазба әдеби тілі», «қазақтың ауыз әдебиеті тілі», 
«қазақтың  жалпыхалықтық  тілі»  деген  ҧғымдар  бір-бірінен  ажыратылып,  әрқайсысы  нақты 
анықтамаға ие бола қойған жоқ. Ӛйткені қазақ тілінің бізге мәлім тарихының ӛн бойындағы 
сыры,  ерекшеліктері,  жҧмсалу  ӛрісі  толық  зерттелініп,  қазақ  қауымы  тарпынан  тҥйсініліп 
біткен жоқ. Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен 
тығыз  байланысты.  Қауымның  ру-тайпалық  дәуірін  айтпағанда,  бірнеше  саяси-
территориялық  бӛліктерге  бӛлініп  келген  дәуірдегі  халықтың  әдеби  тілі  мен  ҧлт  болып 
қҧралғаннан  кейінгі  ҧлттық  әдеби  тілінің  сипаты  бірдей  болмайды.  Осы  кҥнге  дейін  «ҧлт» 
деген  ҧғымның  нақты  мағынасына  жете  тҥсінбей  жҥрген  қазақ  ҥшін  бҧл  мәселе  кҥрделі. 
Орыс  тіліндегі  «нация»  мен  «национальность»  атаулары  қазақтың  бір  ғана  «ҧлт»  сӛзімен 
беріледі. Шын мәнінде орыс ҧғымында «Русская нация» тек орыс халқын қамтымайды, Ресей 
Федерациясын  мекендейтін,  мемлекетті  қҧрайтын  барлық  ҧлттардың  мемлекетті  қҧрайтын 
бірлік ретіндегі атауы, ал «национальность» ҧғымы белгілі бір этностың ӛзіндік шығу тегін 
білдіреді.  Ал  біртҧтас  Қазақ  мемлекеті  ҥшін  «қазақ»  этнонимінің  мемлекетті  қҧрайтын 
барлық этностардың ҧлттық ортақ атауы екінін тҥсіндіру ҥшін біз Қазақстанда бір ғана қазақ 
ҧлты,  130  этностың  не  халықтың  бар  екенін  дәлелдеп  беруіміз  қажет.  Лингвистикадағы 
әлемнің тілдік кӛрінісі деген саласына жҥгінетін болсақ, халықтың санасында осы ҧғымның 
тҧрақтылығын  біз  Ресейге  қоныс  аударған  орыстарды  ресейліктердің  қазақтар  деп 
қабылдауынан,  Монголия  мен  Қытайдан  қоныс  аударған  қандастарымызды  жергілікті 
қазақтардың  монғол  не  қытай  деуінен  байқаймыз,  бҧл  мемлекеттен  сырт  халықтардың 
оларды ӛздері келген мемлекеттегі ҧлттың қҧрамдас бӛлшегі деп тануынан шығып отыр. 
Қазақтың  жазба,  тӛл  ҧлттық  тілі  ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысында  Абай  мен  Ыбырай 
шығармаларының  негізінде  қалыптаса  бастағаны  белгілі.  Әдеби  тіл  осы  ауызша  және 
жазбаша  тілден  нәр  алып  қалыптасады,  дамиды,  сӛйте  тҧрып,  олардың  да  нормаға  тҥсіп, 
толысуына ықпал етеді. Тілдің ауызша және жазбаша формалары жетіліп, кемелденіп, әдеби 
тілдің  кӛрсеткіші  дәрежесіне  жету  ҥшін  нормаға  тҥсуі  қажет.  Нормалар  неғҧрлым  бірізді, 
қалыптасқан болса  тіл де соғҧрлым мінсіз қызмет етеді. 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуына  байланысты  қазіргі  жағдайы  нормадан 
ауытқушылықтарға  ҧрындырып,  әркімнің  еркін  кӛсеуіне  айналып,  ала-қҧла  терминдер  мен 
аудармалардың қаптап кетуіне әкеп соқтыруда. 

82 
 
1947  жылы  ҚССР  ҒА  –ның  сессиясында  ғалымдар  тарапынан  айтылған  орыс  графикасына 
негізделген  қазақ  жазуы  сӛздердің  дыбысталуы  мен  жазылуы  арасындағы  кереғар 
алшақтықты  жояды  деген  сыңаржақ  пікір  «қазақ  тілінде  сӛздер  қалай  жазылса  солай 
оқылады»  деген  ҧғымның  қалыптасуына  әкеп  соқтырып,  қазіргі  қазақ  орфоэпия  саласын 
тҧралатып, транскрипциялау әдісінен жҧрдай болуына алып келді. Қазақтан тҧңғыш шыққан 
тілші-ғалым  С.Аманжолов  ХХғасырдың  20  жылдарынан  бастап-ақ  қазақ  тілінің  графикасы 
қалыптастыруға ерен екбек еткені белгілі. Алғашында латын графикасына кӛшірілген қазақ 
тілінің  тазалығымен  мәдениетін  сақтау  ҥшін  кҥрескен  ғалым-жерлесіміз  40  жылдары  қазақ 
тілі  кирил  графикасына  кӛшірілгенде  орыс  әліппесінің  қазақ  тіліне  неғҧрлым  зиянсыз 
қолданылу  жағын  барынша  зерттеген  болатын.  Ғалымның  орыс  графикасының  қазақ  тілін 
берудегі қыры мен сырын тҥсіндіретін тҧжырымдары кейінгі тілші ғалымдардың тарапынан 
кӛзге ілінбей, 30 жыл бойы ғалымның жеке архивінде қалып қойғаны белгілі. 
Қазіргі кезде қазақ тілін басқа ҧлт ӛкілдеріне ҥйрету әдістемесі де осы «қазақ тілінде сӛздер 
қалай  жазылса  солай  оқылады»  деген  сарынымен  дамып  келеді.  Қазақ  тілін  ҥйрету 
оқулықтарының  ешқайсысында  транскрипциялап  оқыту  әдісі  жоқ,  қазақ  тілін  меңгеріп 
шыққан тҧтынушыларды былай қойғанда, қазақ тілінде ойлайтын адамдардың ӛзі қазақ тілі 
мәдениетіндегі  сӛз  әуезділігінен  айырылған.  Қазіргі  таңда  қазақ  мектебін  бітірген  қала 
жастарының арасында «койне» тілдің қалыптасып келе жатқанын байқау қиын емес. 
Осыдан  сексен  жыл  бҧрын  Халел  Досмҧхамедҧлы:  «...елдің  елдігіне  негіз  болып  тҧрған 
нәрселердің  де  абайламастан  ӛзгеріп  кететіні  болады.  Мәдениет  қуған  елдің  алдымен  тілі 
ӛзгермекші»,  -  деп,  сақтандырып,  тілдің  тӛл  заңынан,  табиғи  болмысынан  қол  ҥзіп 
қалмауына  шақырды.  Кӛрнекті  фонетист-ғалым  С.Мырзабеков:  «Тілдің  грамматикалық 
қҧрылымының  жаны  сірі,  ӛміршең  екені  анық  болды.  Іргесі  екі  мың  жыл  бҧрын  қаланған 
жалғаулар мен жҧрнақтарды бабаларымыз ӛзге тілдерге жалтақтамайтындай етіп, кең пішкен 
екен», - деп нақты айтқан.   
Флектив (қопармалы) тілдер жҥйесіне жататын орыс тілінің заңдылықтарын негіз етіп 
алған агглютинативті (жалғамалы) қазақ тілі сӛздеріндегі сӛйлем мҥшелерінің орын тәртібі 
бҧзылды.  Қазіргі  кездегі  заң  қҧжаттарының  қойыртпақ  қҧрмалас  сӛйлемдермен  берілген 
қазақшасын  қазақ  мектебін  бітірген  адамдардың  ӛзінің  тҥсінбеуі  осының  салдары.  Ауызекі 
тілден де осындай сорақылықтарды ҧшыратамыз, мәселен: «Мен айттым ол келмейді деп», 
«Қашан әкеп бересің маған кітапты?» деген сияқты сан-алуан сауатсыз тіркестер «Я сказал 
что он не придет», «Когда занесешь мне книгу?» деген орыс сӛйлемдерінің тҧп-тура кӛшірме 
аудармасы.  А.Байтҧрсынов:  «Тілдің  ауанына  қарамай,  харіптің,  емленің  ауанына  бҧрылып, 
тілдің  кӛркін  бҧзған,  әдеби  тілмен  жазамыз  деп,  жат  тілмен  жазып,  ӛз  тілінен  айырылған 
басқа  тҥріктердің  ізіне  тҥсіп,  тілімізді  аздырғанымызды  мақҧл  кӛрмейміз»,  -  десе, 
Х.Досмҧхамедов әдеби тіл бҧқара тілге жақын болмаса халық арасына сіңбейтінін, сондықан 
жер  жҥзіндегі  жҧрттың  кӛбі  әдебиет  тілін  қара  тілге  (яғни  жалпыхалықтық  тілге  –  О.С.) 
жақын қылып елге тҥсінікті қылуға тырысатынын айтқан. 
Әрине  әрбір  халықтың  тарихында  ҥлкен  әлеуметтік,  қоғамдық,  мәдени  ӛзгерістер 
дәуірі болады. Бҧлар сол халықтың тіліне жаңа тіркестер мен жаңа ҧғымдарды алып келеді 
де  соған  орай  тілімізде  жҥздеген  жаңа  сӛздер  мен  тіркестер  кӛрініс  табады.  Тілдегі  жаңа 
сӛздер  мен  молығулар  20-30,  40-60,  80-95  кезеңдерді  қамтиды.  Мәселен оқулық,  мінбе, 
сенбілік,  еңбеккүн,  ӛнеркәсіп -  20-30  жылдары; аялдама,  балмұздақ,  бӛлшек  сауда, 
жылжымалы кітапхана, кӛрермен, оқырман, басылым сӛздері - 40-60 жылдары; теледидар, 
азагүл, аялдама, мәлімет, құлақтандыру, жағажай, әуежай, мейрамхана – 80-95 жылдары 
қалыптасты.  Ал  шамамен  95  жылдан  бастап  осы  атаулар  сҧрыпталып,  тың  ҧғымдар 
аударманың  бірнеше  тәсілінің  негізінде  нормаланып  ене  бастады,  қазіргі  таңда  біз 
терминжасау саласында атауларды саралап, олардың жасалуын нормалауға әрекеттенудеміз. 
Бҧл қазақ тіл мәдениеті мен әдеби тілінің нормалануының соңғы кезеңі, яғни тікелей тілдің 
тазалығымен әуезділігіне бет бҧрған кезең деп тануымыз тиіс. 
Бҧл  мәселені  кӛтергенде  кірме  сӛздердің  енуі  мен  олардың  қазақ  тіліне  тӛселуін, 
бейімделуін айтпай кетуге болмайды. Жиырмасыншы ғасырдың басында  қазақ тіліне енген 

83 
 
орыс  сӛздері  ауызекі  сӛйлеу  тілінің  ықпалымен  тез  тӛселіп  бейімделіп  кетті. 
Мәселен жәрмеңке,  жанарал,  майыр,  кереует,  бӛкебай,  насыбай,  самауыр т.б.  сӛздер  бір 
ғасыр  шамасында  қазақ  тіліне  әбден  сіңісіп  кетті.  Қазақ  тілінің  шҧбарлануы  жазба  әдеби 
тілінің қалыптасуымен ілесе келді. Ең алдымен графикаға байланысты сӛздерді дҧрыс жазу 
мәселесі  кӛтерілді.  Орыс  сӛздерін  былай  қойғанда  латын  және  орыс  графикасы  қазақ 
сӛздерінің әуезділігі мен табиғилығын дҧрыс бере алмады, осыған байланысты әр жылдары 
тілшілер тарапынан бірнеше тҥзетулер мен ӛзгертулер болды. Бҧларды бір ізге тҥсіру ҥшін 
1934 жылы терминкомдар қҧрылды. Оларға кірме терминдерде неғҧрлым дәл баламалар табу 
жҥктелген  еді.  Алайда  жылдар  ӛте  келе  терминком  ӛзінің  алғашқы  міндетін  атқаруды 
ҧмытты.  Енді  бҧл  мәселемен  БАҚ  қҧралдары  еркін  айналысып,  бір  терминнің  бірнеше 
атауларының  қалыптасуына  алып  келді.  Сондай-ақ  қазақ  тілінде  терминнен  басқа  да  осы 
кҥнге дейін бірнеше фонетикалық нҧсқада қатар қолданылып, бірізге тҥспеген дублет сӛздер 
бар.  Мысалы, күнбағыс  –  пісте  –  шекілдеуік  –  шемішке,  суағаш  –  мойынағаш  -  иінағаш, 
сақпаншы  –  сақманшы,  диірмен  –  тиірмен,  кесе  –  кәсе т.б.  кӛптеген  сӛздер.  Бҧл  қазақ 
сӛздерінің  проблемасы  болса,  орыс  тілінен  және  орыс  тілі  арқылы  енген  кірме  сӛздердің 
дҧрыс  берілуі  мен  олардың  қазақ  мәтінінде  бейімделуі  мәселесі  кӛтеріліп  отыр.  Бҧл  тек 
соңғы  бес  жылдың  барысында  қазақ  тілінің  орыс  тілінің  дәнекерінсіз-ақ  шетел  тілдеріне 
тікелей  шығу  мҥмкіндігіне  ие  мамандардың  пайда  бола  бастауымен  байланысты  кӛтерілді. 
Орыс тілі арқылы енген кӛптеген шетел сӛздері тҥпнҧсқа тілде мҥлдем басқа естіліп, басқа 
жазылатынына кӛзіміз жетіп отыр. Қазақ тілі сонау 30-40 жылдары қалыптасып қалған орыс 
және  орыстілі  арқылы  енген  шетел  сӛздері  орысша  қалай  жазылса  қазақша  да  солай 
жазылсын деген кереғар пікірдің салдарынан тазалығына нҧқсан келген. Мәселен Уашиңтоң 
сӛзі  қазақ  мәтінінде  Вашингтон,  Бейжің  Пекин,  Ханс  Ганс,  Самсоң  Самсунг,  Тосиба 
Тошиба болып беріліп жҥр. Бҧл сӛздер қазақша дыбыстармен берілген болса тҧпнҧсқаға әлде 
қайда  жақын  болатынын  сәйкес.  Сол  сияқты  қазақтың  тӛл  дыбыстары:  ң,  і,  ә,  ӛ,  ҧ,  ҥ,  ғ, 
дыбыстары шетел сӛздерінің осындай дыбыстарына дыбыстарына  субституция болады.      
Қорыта келгенде, қазақ тілінің мәдениеті мен тазалығы кӛптеген факторларға тәуелді екенін 
мойындауымыз  қажет.  Қазақ  тілінің  сауаттылығы,  оның  әуезділігімен  табиғилығы 
ҥндіевропа  тілдерінің  кеселінен  ҧзақ  жылдар  бҧзылып  келді.  Бҧған  тек  орыс  не  латын 
графикасы ғана ықпал еткен жоқ, табиғаты жағынан бір-біріне қабыспайтын ҥндіеврпа тіліне 
алтай  тілдері  жҥйесінің  ӛкілі  болып  табылатын  қазақ  тілінің  грамматикасы,  сӛзжасамы, 
фонетикасы,  жасанды  тҥрде  телінгендігінде  болып  отыр.  Яғни  лингвистиканың 
заңдылықтары  қазақ  тіліне  кӛп  жағдайда  сарапталынбай,  табиғаты  ескерілмей 
пайдаланылғандығынан туындаған. 
Қазіргі  таңда  қазақ  тілі  оқытушыларының  алдына  қазақ  тілінің  табиғатын,  тарихын  терең 
тану,  оның  ӛзге  де  ғылым  салаларымен  ҧштасуынан  пайда  болған  пәндерін  терең  меңгеру 
міндеті жҥктерінуі тиіс. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет