52
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын ...
сыртқы себептер әсер ететіндігі анықталды.
Ішкі себептерді білім алушының ынта-жігері
(100%); өз-өзіне, өз күшіне сенімсіздігі (55,8%);
өзін-өзі тану, өзінің күшті және әлсіз жақтарын
нақты мойындамау (35,7%);
сындарлы ойлау,
шы ғармашылықпен жұмыс істеу төмендігі
(41,2%) құрады. Сыртқы себептер білім алушы-
лардың материалдық жағдайы (75 %), топтық,
жолдастық көмектің аздығы (39,8%), уақытты
тиімді қолдана алмау (82 %), күнделікті тәжі-
ри беде цифрлық технологияны, цифрлық білім
беру ресурстарын
қолдану әдістемесіне құрыл-
ған пәндердің аздығы (55%), студенттерге
арналған шеберлік сыныптары, білім жетілдіру
курстарының тапшылығы (52%), университет
көлемінде үздіксіз
білім алуға арналған инно-
вациялық технологиялармен, ЦББР жабдық-
талған кабинеттердің жеткіліксіздігі (90 %).
Сондай-ақ
«Цифрлық білім беру ресурстары
туралы танымы» сауалнамасы жауаптарында
«цифрлық білім беру ресурстары туралы таным
дүниетанымымды кеңейтеді», «өзімді жүзеге
асыруға көмектеседі» деген жауаптар алынды.
Цифрлық білім беру ресурстарының универ-
ситетте білім сапасын
арттыруға ықпалы бар
деп ойлайтындар және білім беру үдерісінде
цифрлық білім беру ресурстарының перспек-
тивасын жете түсінгендермен қатар, әлі де
бүгінгі күн сұранысына ие технологияның ора-
сан зор мүмкіндіктерін негативті қабылдайтын
көзқарастар да орын алды.
«Цифрлық білім беру ресурстары туралы
танымы
» атты
сауалнамасы бойынша бақылау
тобы бойынша 22% – «төмен», 28% – «орташа»,
27% – «орташадан сәл жоғары», 23% – «жоғары»
деңгейлерді көрсетсе,
эксперименттік топта
25% – «төмен», 29% – «орташа», 25% – «орташа-
дан сәл жоғары», 21% – «жоғары» деңгейлеріне ие
болды. Бұл көрсеткіштердің диаграмма түріндегі
бейнесін 1-суреттен және кестеден көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: