5. К.Маркс: таптық қоғам. Таптық қоғамдар деп марксизмде құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдарды атайды. Ал алғашқы адамдар коғамында тап сияқты топтар болмаған, демек ол қоғамда қанаушылық та орын алмаған. Тап деп аталатын әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылады. Коммунизм –бұл тапсыз қоғам. К. Маркстын нақты жөне терең зерттеген қоғамы капиталистік қоғам, оның әлеуметтік – таптық құрылымы. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап елеулі орын алады. Осы таптарды К. Маркс негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құл иеленуші қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда - феодалдар мен шаруалар, капитализмде - буржуазия мен пролетариат. Осы таптардың арасында тап күресі үздіксіз жүріп отырады. Соның салдарында бір
тап жеңіліп екінші тап жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатынасқан
таптардың бәрі де жеңіледі, жеңіске баска бір жаңа тап ие болады. Бұл тап
күресінің заңдылығы, бүл заңдылық барлық елдерде орын алады делінген.
К.Маркстың әлеуметтік, таптық құрылым туралы концепсиясының көптеген позитивтік және негативтік жақтары да бар. К.Маркстың әлеуметтік құрылым, әлеуметтік стратификация туралы теориясы тарихта орын алып келе жатқан теориялардың, концепциялардың бірі деп қарастыруымыз қажет. Ол теорияның өзіндік дұрыс жақтары аз емес. Мысалы, адам тарихында
орын алып келе жатқан бай тап пен кедейлер табының арасындағы тап күресін ешкімде бекерге шығара алмайды.
К. Маркс XIX ғасырдың ұлы ғалымы. Бірақ та, XX ғасырда көптеген
дүниеде ірі өзгерістер болды. Сондыктанда К.Маркстың теориясының біраз
принциптері, заман өзгерісіне байланысты ескіріңкіреп кетті. Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына өте жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген.
6.К.Поппер «Ашық қоғам». Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам. “Ашық” және “жабық” қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген. Ол мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған. “Жабық” қоғам — догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, “ашық” қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму қашанда “жабық” жүйеден “ашық” жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді. “Жабық” жүйелерге өзінің әлеум. және саяси құрылымдары жөнінен әрқилы елдердегі (Спарта, Пруссия, патшалық Ресей, нацистік Германия) әміршіл-әкімшіл қоғамдар,
“Ашық” қоғам үлгісі ретінде көне дәуірдегі халық кеңесі басқарған Афина мен жаңа замандағы мемлекеттер мысал бола алады. Демокр. мемлекеттердің түрлері көп болғанымен олардың өзіне тән ортақ белгілері бар. Халық билігі, теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемл. жүйеде ғана А. қ. өркен жаяды. Қазақстан мемлекеті де биліктің түп иесі халық болып табылатын демокр. республика әр адамның негізгі құқық және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады. Қазақстан осындай демокр. принциптер негізінде құқыӘдеб.: Корнфорт М., Открытая философия и открытое общество, пер. с англ., М., 1972; Назарбаев Н.А., На пороге ХХІ века, А., 1996; Ә. Нысанбаев, Адам және ашық қоғам, А., 1998; Popper K.R., The open socіety and іta enemіes, 5 ed., v. 1-2, L., 1966. қтық және әлемге ашық мемл. құру үстінде. Бұл принциптер 1995 ж. қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында толық көрініс тапқан.
Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам.