филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Әлімтаева Л.Т.
Офис-сағаты
Кесте бойынша
e-mail
E-mail: alimtayeva.lazzat@gmail.com
Аудитория
Кесте бойынша
Телефоны
Телефон: 87757488343
Курстың академиялық презентациясы
Курстың мақсаты: Бұл ғылыми курс қазақ тілі синтаксис жүйесі туралы теорияны білу; бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалысын таныту; оны өз тәжірибесінде дұрыс қолдану; құрылымдық, семантикалық талдау дағдыларын меңгертуді мақсат етеді.
Күтілетін нәтижелер: - сөз тіркесі мен жай сөйлем құрылысын білу арқылы өз байқағандарынан дұрыс қорытынды жасай алады;
- сөйлемнің ойлау жүйесімен, логикамен тығыз байланыстылығын пайымдай алады;
- шынайы болмыстағы қатынастардың тілдегі көріністерін синтаксистік деңгейдегі сөз тіркесі құрылымында, сөйлем жүйесінде объективтенуін саралайды:
- сөйлемнің құрылымдық, айтылу мақсатына қарай, логико-грамматикалық типтерінің коммуникативтік талаптар дәрежесіне сай түрленуін анализдей алады;
- құрмалас сөйлемдердің құрылымдық,семантикалық, функционалдық аспектіде топтастырылуын танып, қызметін, жұмсалысын анықтайды;
- мәтіндік деңгейде берілген сөйленімді нақты сөйлеу жағдаяттарына сай синтездей алады;
- орта мектептердегі синтаксис деңгейінің оқыту бағдарламасындағы проблемаларды танып, шеше алады;
- синтаксисті оқыту әдістерін меңгеріп, оқытуда қажетінше қолдана алады;
- өз пікірін, ойын дұрыс жеткізуде коммуникативтік талапқа сай дұрыс сөйлеу дағдыларын меңгереді.
Пререквизит- тер
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Постреквезиттер
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі
Әдебиеттер және ресурстар
Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – А.: Абзал-Ай, 2013. -640.
Əмір Р., Əмірова Ж. Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: «Қазақ университеті», 2014.
Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 2003.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: «Санат», 2003. – 240 б.
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар: (монография-оқулық) / – Алматы: Мемлекеттік тілдерді дамыту институты, 2016. 464 б.
Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі: синтаксис. – Алматы, Қазақ университеті, 2012ж. – 186 б.
Ермекова Т.Н. Құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: «Жəния-Пресс», 2008. – 290 б.