Пайдаланылған әдебиеттер.
1.
Ремизов А.Н., Медицинская и биологическая физика.- М.,
Высшая школа, 2003. - 608 c
2.
Байзақ Y.A., Құдабаев Қ.Ж. және басқалары. Медициналық техника
бойынша лабораториялық практикум. Шымкент, ОҚММА
баспаханасы. 2002,146 б
3.
Б.Көшенов Медициналық биофизика. Алматы, 2008 ж. 224 б
№ 4 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Спектрофотометрлердің құрылысы мен жұмыс жасау
принципі.
Жұмыстың мақсаты: Спектрофотометрдің жұмыс жасау принципін
оқып білу, ерітінділердің оптикалық
тығыздығының концентрацияға
тәуелділігін зерттеу.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Оптикада кеңінен қолданылып жүрген құралдардың бірі - спектрлік
деп аталады. Электромагниттік сәулелердің (оптикалық диапазондағы)
спектрлік құрамын зерттейтін құралды спектрлік құралдар деп атайды.
Спектрлік құралдардың көмегімен спектр талданады. Атап айтқанда,
спектрді талдау дегеніміз белгілі толқын ұзындықтарына сәйкес келетін
сызықтардың, энергиясын өлшеу болып табылады.
Спектрлік құралдың
көзбен бақылауға арналған түрін спектроскоптар, фото пластинкаға тіркеп
алатын түрін спектрограф деп атайды. Қазіргі
кезде спекрофотометрлер
кеңінен қолданылады. Спектрофотометрлер бір мезгілде бірнеше спектрлік
сызықтар энергиясын жеке–жеке өлшей алады. Спектрофотометрия
көмегімен жануарлар организмінің жасушалары
мен ұлпаларындағы
заттарды және де микроағзаларды анықтауға болады. Спектрофотометрия
жарықтың толқын ұзындығына байланысты оның энергиясының
шығарылуын,
жұтылуын, шағылуын, шашыратуын тіркей алады.
Спектрофотометриялық талдауды спектрдің көрінетін, ультракүлгін және
инфрақызыл аймақтарында жүргізуге болады. Спектрофотометрияда
монохромат жарықтың (белгілі толқындағы жарықтың) жұтылуы зерттеледі.
Мұны, абсорбциялық спектрофотометрия деп атайды.
Заттардың шығару
қабілиетін зерттеуді эмиссиялық спектрофотометрия деп атайды.
Эмиссиялық спектрофотометрияда дене шығаратын жарықтың ұзындығы
алдын – ала белгілі жарық ұзындығымен (эталонмен) салыстырылады. Ал
абсорбциялық спектрофотометрияда зерттелетін затқа жарық түсіріледі, сол
түсірілген жарықтың (I) қаншасының жұтылғанын анықтайды (І
0
). Сөйтіп
16
Бугер – Ламберт – Бер заңын пайдалана отырып дененің жұту қабілетін
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: