Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
№ 3 Зертханалық жұмыс. 
Тақырыбы: Электрокардиография. 
Жұмыстын 
мақсаты: 
Жүректің 
жұмысын 
және 
оны 
электрокардтограммаға тіркеуді студенттерге түсіндіріп үйрету. 
 
Қысқаша теориялық мағлұмат: 
Организмде әртүрлі клеткалар, ұлпалар қызмет атқарады. Олардың 
электр активтілігі электр өрісінің пайда болуына мүмкіндік жасайды. 
Потенциалдар айырмасының уақыт бойынша өзгеруін электрограмма 
дейді. Бұл электрограмманы дененің қай органы шығарып тұруына 
байланысты әртүрлі атайды. Жүректің биопотенциалдарының уақыт 
бойынша 
өзгеруін 
электрокардиограмма 
(ЭКГ), 
бұлшық 
ет 
биопотенциалының уақыт бойынша өзгеруін электромиограмма (ЭМГ), ал 
ми 
қабының 
биопотенциалының 
уақыт 
бойынша 
өзгеруін 
электроэнцефалограмма (ЭЭГ) дейді. 
Электрокардиография (ЭКГ) – жүрек циклінің белгілі бір уақытында 
жүректе пайда болатын электрлік құбылысты тіркеп жазып алу әдісі болып 
табылады. Тірі ұлпаның қозбаған бөліміне қарағанда қозған бөлімінде 
электрлік терістілікті көрсететіні белгіленген. Сонымен өзінің қызмет 
барысында жүрек – жүрек циклінде бір-біріне біршама потенциалдарын 
өзгертіп тұратын, дене бойында әртүрлі бөліміне дейін таралатын электр 
тогының көзі болып табылады. 
Жүректегі электр құбылыстарын дәйекті түрде өткен ғасырдың 
басында В.Эйтховен, А.Ф.Самойлов зерттей бастады. 
В.Эйтховен ЭКГ-ны үшке тарамдау арқылы жазып алуды ұсынды. 
Қазіргі кезде бұл стандартты болып табылады. Бұл жағдайда адамның денесі 
барлық ауданына өткізгіштік қабілеті бірдей орта ретінде қарастырады. 
Жүректі электр өткізгіш ортада орналасқан электрлік диполь деп 
қарастырады. Адам немесе жануар жүрегінің биопотенциалын жазып алу 
үшін жүректі үшбұрыштың ортасында орналасқан деп алады. Он қол, сол қол 
және сол аяқ үшбұрыштың үш төбесі болып табылады (5–сурет). Бұл 
үшбұрыштан бірдей қашықтықта үшбұрыштың ішінде жүрек орналасқан. 
Сонда оң қол мен сол қол арасындағы потенциалдар айырмасын I тарам 
(
отведение) деп, оң қол мен сол аяқ арасындағы потенциалдар айырмасын 
II 
тарам, ал сол қол мен сол аяқ арасындағы потенциалдар айырмасын III 
тарам деп атайды. 
Мұны ең алғаш peт ұсынған В.Эйтховен болды (6–сурет). 
11 


5 – 
сурет. Үшбүрыштың ішінде орналасқан жүректі кескіндеу. 
ОҚ - оң қол, СҚ - сол қол, СА – сол аяқ, I, II, III -тарамдар. 
6 – 
сурет. В.Эйтховен ұсынған үшбұрыш. 
Жүрек бір рет соққанда жазып алынатын максимумдар мен минимумдар 
(P,Q,R,S,T,U) 
медицинада тістер деп аталады. ЭКГ тістерінің шамасын біле 
отырып, жүректегі ЭКГ векторы мен I тарам араларындары б-бұрышын 
анықтауға болады. Ол жүректің кеуде қуысында қалай орналасқанына және 
қозудың таралу бағытына баға беруге мүмкіншілік береді. 
Электрокардиограмманы жазып алып, жүректің жұмысын тексеруге болады. 
Осы кезде жүрек қызметінің әртүрлі өзгерістеріне бұл түрі толық анықтама 
бермейтіні мәлім. Болса да, В.Эйтховеннің берген болжамдары ғылыми 
тәжірибеде дәлелденген. 
Қазіргі уақытта I, II, III тарамдар стандартынан басқа кеуде қуысынан 
тарамдау қолданылады, онда электродтар кеуде тұсындағы жүректің тікелей 
үстіне орналастырады. 
ЭКГ–ға тіркеп жазу арнайы биологиялық күшейткіш бір және көп 
каналды термо- немесе сиямен жазу электрокардиографиясында жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет