Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы


ЭКГ интервалдары мен тістері



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Биофизика практикум 2016 Нускаулык сабақ

ЭКГ интервалдары мен тістері. 
ЭКГ 5, кейбір жағдайда 6, тістерден тұрады. Оның жарты бөлігі нольдік 
(
изопотенциалды) сызықтан жоғары бағытталған, жарты бөлігі төмен 
бағытталған. В.Эйтховен бұл тістерге өз атауларын берді және осы уақытқа 
дейін қолданылып келеді (7 – сурет). 
12 


7 – 
сурет. Қалыпты жағдайда ЭКГ интервалы мен тістерінің жинағы. 
Жүрекше бұлшық етіндегі қозуды қамтитын нәтижелер Р тісі арқылы 
көрсетілген. Қозу синусты қуысынан басталады, ал бірақ оны ЭКГ тіркеп жаза 
алмайды. Жүрекше бұлшық етінің бойымен қозу тарала бастағанда потенциал 
пайда болады. Р тісінің жоғары бағытталған иіні оң жақтағы жүрекшеде 
туатын қозуды қамтиды, ал төмен бағытталған иіні сол жақтағы жүрекшеде 
туатын қозудың теріс таңбадағы потенциалын қамтиды. 
QRS 
жинағы қарынша бұлшық етінде туатын қозудың таралған 
уақытында жүректе қалыптасатын потенциалдың динамикасын бейнелейді, ал 
ST 
интервалы – қарыншаның толық қозуына сай келеді (изопотенциалды 
сызық). Потенциалдың жаңа айырымы пайда бола бастаса (тісі), онда ол 
қарынша түбі теріс зарядталғанын (қозған) растайды, ал төбесі оң 
потенциалға ие бола бастағанда қалпына келу процесі жүреді. 
U 
тісінің шығу тегі осы кезге дейін анықталмаған. Зерттеушілердің 
көп бөлігі бұл тіс Пуркинье талшықтарының 2–ші фазасын бейнелейді деп 
санайды (реполяризациялы). 
Дені сау адамның Р тісі дұрыс (оң) болып келеді, яғни жоғары 
бағытталған және кетіктері немесе ыдырау бөлшектері болмайды. Р тісінің 
ұзақтылығы өте қажетті диагностикалық көрсеткіш болып табылады. 
Қалыпты жағдайда 0,1 с аспайды. ST интервалының да диагностикалық мәні 
бар. 
ЭКГ интервалдарының ұзақтылығын бағалаудың мәні зор, өйткені ол 
қозудың таралу жылдамдығын көрсетеді. /RR және ТР интервалдары жүректің 
жиырылу ритмін анықтайды/ және ЭКГ-да күтпеген жағдайда пайда болған 
тістер 
немесе комплекстерді 
көрсетеді 
/экстрасистол 
немесе 
атриовентрикулярлы түйіннің өткізгіштігінің бұзылуы/. 
ЭКГ–ға талдау жүргізгенде жеке тістердің ұзақтылығы мен 
амплитудасы анықталады, сондай-ақ интервалдардың ұзақтылығы 
анықталады, ал ескертпеде ST интервалының жай-күйі және жүректің 
электрлік осінің бағыты белгіленеді. Жүректің электрлік систолы /QRST 
комплексі/ және систол көрсеткіші /Фогельсон -Черногоров бойынша/ 
есептелінеді. 
13 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет