Жұмысты орындау реті: Бақаның артқы сирақтарының терісін
сыдырып алып, одан «қапшық» жасайды. Ол үшін қимылы тоқтатылған
бақаны белінен кесіп екіге бөледі де, оның ішкі ағзаларын алып тастайды.
Сол қолмен сегізкөзден ұстап тұрады да, оң қолымен сүлгі салфеткамен
сирақтерісін абайлап тартқылап, асық жілік буынына дейін сыдырады. Тізе
терісін сыдыру қиын, сондықтан «тері қапты» тұтас сақтау үшін, буын етін
теріден ажыратады. Асық жілік буыннан кесіп жіберіп балтыр сүйектерін
алып тастайды. Бақаның табаны «тығын» ретінде қалдырылады. Екі «тері
қапшықтың» біреуі теріс айналдырылады, екіншісі сол күйінде
қалдырылады. «Қапшықтар» дөңгелек тығындарға кигізіліп керіледі де,
шеттерін инелермен бекітеді, содан соң физиологиялық ерітінді құйылған
екі шыны цилиндрге салынады. Баллонмен жалғасқан пипеткамен әрбір
қапшыққа метилен көгінің ерітіндісі құйылады. Физиологиялық ерітінді
мен «тері қапшықтардың» сыртын метилен көгімен былғап алмау керек.
Бірнеше минутган соң теріс айналдырылмаған «тері қапшықтың» сырты,
20–
30 минут өтісімен цилиндрдегі физиологиялық ерітінді боялады. Теріс
айналдырған қапшықтың сырты мен физиологиялық ерітінді боялмайды:
метилен көгі ерітіндісі қапшықтан өтпейді.
Көрсету: Алдын–ала күкірт қышқылының 10%-дық ерітіндісіне
малып алса «тері қапшықтардың» екеуі де бір бағытта өткізу қасиетінен
айырылады метилен көгі терінің екі бетіне де өте береді.
Жұмыс нәтижесін көрсету:
Тәжірибе схемасының суретін салыңыз
Тәжірибе нәтижесін жазып алыңыз
Бақылау сұрақтары: 1.
Биологиялық мембраналардың құрылысы ?
2.
Енжар (пассивті) тасымалдау механизмі ?
3.
Белсенді (активті) тасымалдау механизмі ?
4.
Мембрананың құрамы ?
5.
Биологиялық мембраналардың маңызы ?
Әдебиеттер: 1.
Ремизов А.Н., Медицинская и биологическая физика.- M., Высшая
школа, 2003. – 608 с.
2.
М.Е.Блохина, И.А.Эссаулова, Г.В.Мансурова. Руководство к
лабороторным работам по медицинской и биологической физике. –М.,
Дрофа 2002.
10