сүті немесе дефекционды батпақ (құрғақ күйінде) саңырақұлақтар
дамуына қолайсыз жағдайлар (сілтілі əсер) туғызады, алайда
кейде бактерия дамуы белсендіріледі жəне қызылша бұзылуы
жалғасады.
Қант қызылша жоңқаларының тұқымдану дəрежесін бақылау. Майдаланған қызылша-жоңқалары оңай инфекциялана-
ды, əсіресе қызылшаны мұқият жумаған кезде. Батареялық диффу-
зия кезінде жоңқаларға талдау жасау үшін басты диффузордан сы-
нама алынады, ал үздіксіз жұмыс істейтін диффузионды аппараттар
жұмысы кезінде булау алдында алынады. Анықтауды биологиялық
əдіспен жүргізеді, яғни 60°С температурада 6 сағатан кейін
залалсыздандырылған судағы жоңқалардың қышқылдылығының
өсуімен анықталады. рН-ты сағат сайын анықтайды. Егер 6 сағаттан
кейін бастапқы рН 6-8 төмендемесе, яғни ортаның қышқылдануы
жүрмесе, онда жоңқа жақсы деп саналады.