1) ағаш гидролизаттарын ашыту арқылы (гидролиздік спирт)
сульфиттік сілтілерден (целлюлоза өндірісінің қалдықтарынан)
2) этилен құрамындағы газды синтездеу жолымен, алады. Тағамдық
спирттің микробиолгиясы төменде көрсетілген.
Технологиялық процестің негізгі кезеңдері. Спирт өндірісі
бірнеше этаптан немесе кезеңнен тұрады, əр спирт зауытында не-
месе цехта осы кезеңдерге жауапты бөлімшелер бар.
3-кесте. Спирт зауыттарының бөлімшелері
Стадия
Бөлімше (цех)
Технологиялық процестің
негізгі кезеңдері
I
Дайындық
Шикізатты ашытуға дайындау
II
Ашытқы
Себінді ашытқыларды дайындау
III
Ашыту
Ашыту
IV
Ашыған ашымақты
айдау
Спиртті айдау
V
Ректификация
Спиртті ректификациялау
Спиртті өндіру үшін əртүрлі шикізаттар құрамында жеткілікті
мөлшерде ашытқыш қант немесе ашытқыш қантқа айнала алатын
көмірсутектер қолданады.
Көп қолданатын шикізаттар:
крахмал құрамдас заттар – картоп жəне заводтағы крахмал
қалдықтары, əртүрлі астық дақылдар – қара бидай, бидай, жүгері,
арпа, сұлы, тары жəне т.б. Сондай-ақ қайта өңдеуге ақаулы астық
шикізаты да қолданады;
қант құрамдас шикізаттар – қызылша мелассасы, қант
қызылшасы;
Технологиялық процесте қайта өңделетін шикізаттың өз
ерекшеліктері бар.