156
157
тоза мен раффинозаны əлсіз ашытады, олардың өсіп-өнуі үшін ең
қолайлы температура 26-30
о
С. «М-квасная» ашытқысының квас
суслосында алынған 24 сағаттық дақылының клетка ұзындығы
6,3-7,5 мкм, ені 5-7 мкм. Сүтқышқылды бактериямен біріккен
дақылда олар 0,04% квас өніміне тəн спецификалық дəм мен иіс
беретін заттар түзеді (этилацетат, диацетил).
Сүтқышқылды бактериялардың 11 жəне 13 түрлері бетабак-
терияларға (
Betabacterium) жатады жəне гетероферментативті бо-
лып табылады.
Квас суслосында өну барысында олар аз мөлшерде СО
2
жəне
ұшқыш ароматты өнімдерін түзеді. Олар – жалғыз немесе екіден
біріктірілген қысқа таяқшалар, Грам оң түсіне боялатын анаэ-
робтар. Арпа ашытқысы мен ашытқы бактериясының сұйық ор-
тасында алынған 24 сағаттық культура клеткасының өлшемдері
төмендегідей:
Клетка өлшемі......................... 11 раса 13раса
Ұзындығы................................. 1,2-2,1 1,1-18
Ені.............................................. 0,5-0,6 0,5-0,6
Сусло-агарда терең себу кезінде олар дұрыс формалы (11раса)
немесе бұрыс формалы (13раса) тегіс аймақтары бар колониялар
түзеді. Беткі өсуі əлсіз. Ең қолайлы даму температурасы 30
0
С-та
жүреді. Бактериялар глюкоза, сахароза, мальтозаны ашытады.
Ашытқы суслосында 15 сағат ішінде 0,06-0,1% ұшқыш қышқыл,
93,2-105 мг % спирт жəне нормальді NaOH ерітіндісінің 100мл
қоректік ортасында 6,0-13,5 мл қышқыл жинақталады. 8% қант
қосылған квас суслосында сүтқышқылды бактериялар 4 сағат
ішінде 1% сүт қышқылын, 0,1% ұшқыш қышқылын масса бойын-
ша 0,28% спирт түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: