Шарап өндірісіндегі микробиологиялық бақылау Шарап өндірісіне қойылатын микробиологиялық бақылау
өндірісте пайда болатын инфекцияларды анықтап, дер кезінде жою
жұмыстары үшін жасалады. Негізгі мақсаты шарап ауруларының
ерте кезінде-ақ анықтап, олардағы инфицирленген микроорганизм-
дермен күресіп, емдеу. Ең алғашқы тексерулер шикізатта, жабдықтар
мен ыдыстарда, өндірістік ашытқыларда, қосалқы материалдарда,
су мен ауада жүргізіледі. Жоғарғы сапалы шарапты тек санитарлық
жағдайы жақсы өндірістен алуға болады.
Шарап өндірісіндегі зиянкестерді анықтау үшін, əртүрлі микроор-
ганизмдер топтарына элективті болып келетін, арнайы қоректік ор-
талар қолданылады. Колониялардың морфологиялық қасиетіне жəне
сыртқы түріне қарай микроорганизмдерді қай топқа жататындығын
белгілейді.