Сыналған аққайнардың құрамында ешқандай микроорганизмдер
болмауы қажет.
Іріктелген сынамалардағы талдау əдістері Шикізат. Жалпы тұқымдануды анықтау үшін 50 жемісті 100 мл
залалсыздандырылған сумен центрифугада 5 мин араластырады.
Одан микроскопиялық тұнба түзіледі. 1 мл қант құрамында микроор-
ганизмдер болмау керек.
Сусло жəне мезга. Микробиологиялық талдауға суслоны
қолданар алдында, чаннан кейін де тексереді. Ашытқылардағы
бактериялардың аздығы сульфиттің жетіспеушілігіне байланысты.
Ашытқылардың таза дақылы. Таза дақылды бөгде
микрофлораның болмауымен жəне ашытқының физиологиялық
жағдайы арқылы тексереді. Өндіріске беретін кезде əр партиядан өлі
жасушалардың санын анықтау үшін үлгі алып, микроскоп астында
қарап, тексереді.
Ашыған шарап. Ашу процесі əрқашан бақылауда болу
қажет, ашыған суслоны ашу алдында, қарқынды ашу жəне ашу
кезінде тексереді. Үлгіні микроскоппен қарағанда ашытқының
физиологиялық жағдайына, бөгде жəне зиянды микроорганизмдердің
инфицирлеу дəрежесіне қарай анықтайды.