Сынаманы алу көзі жəне цех бойынша микробиологиялық бақылау обьектілері
Шикізат. Өндіріске əкелінген жүзімді, жеміс-жидектерді
тұқымдастырылуына қарай талдайды. Сусло микрофлорасын ми-
кроскопирлеу арқылы зерттеп, бірыңғай партиялардан сынамаларды
алады.
Вакуумдық суслоны, бал жəне қантты да микроскоптау арқылы
талдап, егу арқылы өндіріске əкелінген əрбір өнім партиясының
құрамын анықтайды. Сонымен қатар зауытқа алынған барлық шарап
материалдары бақылауға алынады.
Жабдықтар. Өндірісте инфекция көзінің пайда болуы,
санитарлық нормаларды сақтамаудан пайда болуы əбден мүмкін.
Тығыздау бөлімінде микробиологиялық бақылау обьектісі ретінде
аппаратура қарастырылады. Жуу сапасын бақылау үшін, ең алды-
мен жуудан кейін қалған суда немесе жабдықтың ішкі жағын жуған
судың ішінде кездесетін микроорганизмдер қалдығының бар жоғын
анықтайды. Бір аптадан кем емес уақыт аралығында цистернаның,
чандардың, өнімді тасымалдау ыдыстарының, насостардың,
шлангтардың тазалығын тексереді.