Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Май өндірісіндегі микробиологиялық бақылау



Pdf көрінісі
бет234/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Май өндірісіндегі микробиологиялық бақылау
Май зауыттарында келіп түскен сүтке, қаймаққа, ашытқыға жəне 
қосымша  материал  мен  дайын  өнімге  микробиологиялық  бақылау 
жүргізіледі.  Сонымен  қатар  өндіріс  цехында,  қоймасында,  май 
сақтағыш пен ашытуға арналған орындарда өндірістің режимі мен 
ауасына санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіледі. 
Пастеризациядан  кейін  КМАФАнМ  (сапасы  қанағаттанарлық 
қаймақ  үшін 5000 КТБ/см
3
  мөлшерге  жол  беріледі)  жəне  ІТТБ (10 
см
3
 қаймаққа жол берілмейді) анықталады. 
Май  өндірісінің  технологиялық  процесіне  микробиологиялық 
тексеріс жүргізе отырып, техникалық зиян микрофлорасы жоғарғы 
мөлшерді жайылған орынды анықтап, оның көбеюінің алдын алады. 
Май  өндірісіне  санитарлық-гигиеналық  тексеру  жүргізген  кез-
де,  құрылғылар,  құбыр,  құрал-сайман,  ағаш  шелек,  жұмысшы 
қолдары,  ауа,  су,  пергамент,  бөшкенің  қалақ  бөлшегі,  тұздың 
микробиологиялық тазалығын тексереді.
Дайын өнімдегі микробиологиялық көрсеткіштерді анықтау айы-
на 2 рет жүргізіледі.  
Қышқыл кілегей майында ІТТБ мен патогенді микроорганизмдер, 
сонымен қатар сальмонелла мөлшері нормаланады. ІТТБ май түріне 
байланысты 0,01-0,001 г массадан аспауы керек, ал сальмонелла 25 
г майда болмауы керек. 
Ал тəтті кілегей майында жоғарыда айтылған көрсеткіштен басқа 
КМАФАнМ  анықтайды.  Мезофильді  аэробты  жəне  факультативтік 
анаэробты  микроорганизм  саны  май  түріне  байланысты 1 г  тəтті 
кілегей майында 10
4
-10
5
 КТБ мөлшерден аспауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет