1) Техникалық маңызы бар микрофлора. Ол пайдалы
микрофлораға (ашытқылар микрофлорасы: сүт қышқылды жəне
пропион қышқылды бактериялар, бифидобактериялар, ашытқылар,
сірке қышқылды бактериялар) жəне зиянды микрофлораға (сүт
өнімдерінде ақаулар туғызатын микрофлора) бөлінеді.
Техникалық маңызы бар микрофлоралардың кейбір өнімдері, сүт
өнімдерінің сапасының құрылымында оңтайлы, кейде керісінше зи-
янды рөл атқаруы мүмкін. Сүт қышқылды бактериялар сүттің ашу
процесіне қатысады, бірақ өнім бұзылады. Ашытқылар айранның,
қымыздың, ацидофильді ашытылған сүттің жетілуіне қатысады,
алайда басқа өнімдерде жəне мөлшерден тыс аталған өнімдерде бо-
луы қампаюға əкеледі. Сірке қышқылы айран саңырауқұлағының
микрофлорасының құрамына кіріп, өзіндік дəм береді. Бірақ оның
көп болуы дəмді жəне конститенцияны бұзады.
Техникалық маңызы бар микрофлораның басқа өнімдері