3) Микроорганизмдер – санитарлық жағдайдың көрсеткіші. Біздің елде микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіші ретінде
бағалануына байланысты, сүт жəне сүт өнімдерінің санитарлық
жағдайын анықтау үшін ішек таяқшалары бактерияларының топ-
тары таңдалған. Құрамында ІТТБ-ның (ішек таяқша тобының
бактериялары) болуына қарай өнімнің ластануы, тұтынушыларға
эпидемиологиялық қауіптің болғанын көрсетеді.
Техникалық пайдалы микрофлорасы кездеспейтін, сүт жəне
сүт өнімдерінің санитарлық жағдайын, олардың құрамындағы
мезофильді, аэробты жəне факультативті – анаэробты микроорга-
низмдер (МФжФАММ) мөлшеріне қарай анықтай аламыз.