Зиянды микроорганизмдердің ену жолдары Дəн. Нан дақылдары кейде өсу жəне даму процесі кезінде
микробтық зақымдануға ұшырайды. Мұндай дəннің ұны сапалы
емес, кейде денсаулыққа зиян болып келеді. Сондай-ақ, дəннің беткі
жағында жетілу процесі, ары қарай астықты жинау жəне тасымал-
дау кезінде топырақ жəне ауадан түскен түрлі микроорганизмдердің
көптеген мөлшері болады. Бұл – эпифитті микрофлора. Дəнді сақтау
кезінде бір бөлігі өледі, ал басқа бөлігі өлмейді жəне сақтаудың
жағымсыз жағдайында, дəннің жоғарғы ылғалдылығында көбейеді
жəне үлкен шығын əкеледі.
Өсу жəне жетілу процесі кезінде дəнді зақымдайтын микроор- ганизмдер. Дақылдық өсімдіктер паразиттік саңырауқұлақтармен
жиі зақымдалады. Бұлар денсаулыққа қауіпті саңырауқұлақ ауру-
лары туғызады. Саңырауқұлақпен зақымданған өсімдік сабағында
қанық-күлгін сыбызғылар, тығыз байланған гиф-склероциялар
түзіледі. Склероцияда қосымша заттары көп алкалоид түрінің
улы заттары (эрготин, эрготинин жəне т.б.) түзіледі. Жерге түскен
сыбызғы топырақта қыстайды, ал көктемде бос түріндегі соңғы
бөлігінде жеміс денелері дамитын өскін түзіп өседі. Масақ
ішінде жіп пішінді споралары бар қапшықтар болады. Спора-
лар қарабидайдың гүлденуі кезінде жетіледі жəне қапшықтардан
«атылып шығады», жел оларды қарабидайдың гүлденіп жатқан
сабақтарына ұшырып апарады. Түйін түзіп споралар мицелийге
дейін өседі, онда вегетативті көбеюдің мүшелері – конидилері бар
конидий түзіледі. Қара бидайдың жетілу уақытында зақым далған
түйіндерде, саңы рауқұлақ мицелийі тығыздалады жəне бұзылған
түйін орнында күлгін сыбызғы – склероций пайда болады, сыбызғы
ұзындығы 9-20 мм. Олардың ұндағы қоспасы өте қауіпті. Дəн не-
месе ұнда сыбызғылардың 1-2% болуы жиі өліммен аяқталатын
ауру (эрготизм) туғызуы мүмкін. Дəн сыбызғы қоспасынан та-
залануы керек. Тағамдық
дəмде олардың қоспасының
болуына жол берілмейді, ал
жем-шөпте – 0,05% жоғары
болмауы керек.
Бидай, жүгері дақылдарын
қара күйе зақымдайды. Бұл
ауруды көп клеткалы бази-
дия түзетін базидиалды топқа
жататын паразиттік саңы рау-
құлақтар туғызады. Саңы -
рауқұлақтар өсімдікті (би-
дай) не өсу кезінде, не гүл-
дену уақытында зақым дайды,
ал кейбір түрлері (мысалы,
жүгерінің
көпіршікті
қара
күйенің басы) вегетация жалға-
суында зақымдалуы мүмкін.
Бидайды қара күйенің екі
12-сурет.Қастауыш. 1 – склероциялары
шығып келе жатқан сыбызғы масағы;
2 – əртүрлі пішінді склероциялар;
3 – склероцияның көлденең тілігі