Мақсаты:диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Қолдану көрсетілімдері:буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10,20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 70 спирт ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.
Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.