ЖаңА Әліпби негізіндегі астана, 2018 Қазақ тілі емлесінің ережелері



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата31.05.2022
өлшемі473,73 Kb.
#36045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Емле соңғы

Лексикаланған фразеологизмпоэтикалық мағынасын 
жоғалтқан, сөз орнына жүретін тұрақты тіркес. 


9
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
І тарау
ӘРІПТЕРДІҢ ЕМЛЕСІ
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптер: a, á, е, і, о, о́, 
u, ú, у.
§1. а, е, і, у әріптері сөздердің барлық буынында жазыла-
ды: ana, baqyt, shaǵala, balapan, bota, bolashaq; еlik, egemendik, 
elgezek, qurmet, kórkem; yqpal, yrys, mysal, jańǵyrý, baqsy, jaqsy; 
irgeli, irimshik, bilim, izgilik, кishipeıil, senim.
§2. а́, о, о́, u, ú әріптері сөз басында, бірінші буында, сон-
дай-ақ қос сөз бен біріккен сөздің соңғы сыңарының бірінші 
және екінші буындарында да жазылады: ádis, álem, sán, dán, 
mádenıet, báıterek; ozyq, ońtaıly, qoǵam, torsyq; óris, ómirsheń, 
kósem, bórik; utymdy, ustaz, qujat, tumar; úrdis, úkimet, júıe, 
túbegeıli; ataq-dáreje; atakásip, habar-oshar, kásiporyn; sózbe-sóz, 
kelissóz; el-jurt, tikushaq, qaz-úırek, aqtútek, endigári, ájeptáýir. 
Е с к е р т у. Кейбір кірме және шеттілдік сөздердің екінші, 
үшінші буынында да а́, o, ó, u, ú, әріптері жазылады: sirá, kiná, 
kýá, ińkár, kúmán, shúbá, zámzám, dúdámal; bulbul, maǵlumat, 
samuryq, májbúr, dúldúl, dástúr, manо́vr, montо́r, parashút, absalút, 
festıvál, kоbált, banknot, skrınshot.
j, sh мен ı әріптерінің арасындағы а дыбысы жіңішке ай-
тылғанымен, жазуда а әрпі таңбаланады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, 
shaılyq, shaılaný.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет