Қосымшалардың жалғануы
§14. Қосымшалар түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты
дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке болып жазы-
лады: jumys-shy-lar-dyń, qart-tar-dyń, baqsha-myz-da; mekeme-
de, bereke-si, teńiz-shi-ler; kitap-tyń, qudiret-ke, muǵa-lim-niń;
kógal-ǵa, kógoraı-ǵa.
§15. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қо-
сымшалар қатаңнан басталады, дауысты, ұяң немесе үнді бол-
са, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады: halyq-qa,
qyrat-tar, mektep-ke, kólik-pen; táj-ge, qaryz-ǵa, juldyz-dar; tań-
ǵa, pán-der, tal-dyń, kól-ge, bala-ǵa, bala-lar, áje-ge, áje-niń.
§16. Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан
кейін тұрған y, i әріптері тәуелдік қосымшасы жалғанғанда
түсіріліп жазылады. Мысалы: aýyl – aýly, daýys – daýsy, erin
– erni, halyq – halqy, oryn – orny, ǵuryp – ǵurpy, qyryq – qyrqy,
kórik – kórki (бет-ажар), árip – árpi, naryq – narqy, paryq –
parqy, qulyq – qulqy.
Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i
түсірілмей жазылады. Мысалы: qulyq – qulyǵy; kórik – kórigi
(ұстаның құралы); qalyp – qalyby (нанның қалыбы); qyryq –
qyryǵy (сандық мағына); naryq – naryǵy (термин).
§17. Соңғы буынында á әрпі жазылатын түбір сөздерге қо-
сымшалар жіңішке жалғанады: kinási, kinásiniń, kináli, kúnási,
kúnásiniń, kúnásinе, kúnásinеn, shúbási, shúbásiniń, shúbásiz,
kýási, kýásiniń, kýásinе, kýásinеn, kýálik, kýáger, kúmáni,
kúmániniń, kúmándi, kúmánshil. Бірақ ашық дауыстылармен ке-
летін қосымшалар жуан жалғанады: kúnáǵa, kúnádan, kinálaý,
shúbálaný, kýáǵa, kýádan, kúmánǵa, kúmándaný.
Достарыңызбен бөлісу: |