§88. дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, -ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der).
Е с к е р т у. -дж әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда d әрпі сақталып жазылады: búdjet, lodjy.
§89. Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, -ǵa, -dar), bal (-dyń, -y, -ǵa,-dar).
§90. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, programıs, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd, bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat; efekt, efýzıa, afekt, afrıkat, koefısent; týnel, aneksıa, anotasıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent, popýrı, sparıń, korektor, korozıa, presýpozısia, aparatýra, aplıkasıa, ıpodrom, opozısıa, oponent; aglútınatıv, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým.
Е с к е р т у. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады: esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna; súrrealızm, ırrasıonal, ırreal; trýppa; býdda, býddısm; ekker.
§91. -ий-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана ı әрпі жазылады:
kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı.
§92. Шеттілдік сөздердің соңындағы а әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (-tyń, -y, -qa, -tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |