Өндірісте аммиакты азот пен сутектің тікелей синтездеп алады. (1-сурет)
N2 + 3H2 = 2NH3 Δ Н0 = - 92,4 кДж
Лабораторияда қатты аммоний хлориді NH4CІмен сөндірілген әкті Ca(OH)2 араластырып, қыздырып, аммиак алады
2NH4CІ+Ca(OH)2 =2NH3↑ +CaCІ2 +2H2O
1-сурет
Физикалық қасиеттері: Аммиак – түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш улы газ.
Қайнау температурасы -33,4ºC, -77,8ºC қатты күйге айналады.
Аммиак суда өте жақсы ериді, бөлме температурасында 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3•H2O, NН4OH түзеді.
Аммоний тұздары алынуы:
NH3+ H2SO4 = (NH4)2SO4 аммоний сульфаты
NH3 + НСІ = NH4СІ аммоний хлориді
NH3 + H3PO4 = (NH4)3 PO4 аммоний фосфаты
Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мүсәтір спирті (2-сурет) деген атпен дәріханада сатылады, ол медецинада, тұрмыста кір жуу және киімнің дағын кетіру үшін қолданылады. Аммиактың 18-25% -тік қоюлау ерітіндісі аммиакты су деп аталады, ол, негізінен сұйық азот тыңайтқышы ретінде және өнер кәсіпте сода және аммоний сулфатын алу үшін қолданылады.
Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дірмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0,7-0,8мПa) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады. (3-сурет); көптеген тұздары техникада қопарылғыш заттар есебінде қолданылады; Оның қышқыл тұзы NH4HCO3 қамырды көтеру үшін –кондитер өнімдерін пісіруде пайдаланылады.. (4-сурет) Кез-келген тұзды қолдану үшін оның қасиеттерін білу қажет. Аммоний хлориді түтіндегіш шашкалар жасауға қолданылады. (5-сурет) Аммоний тұздарының химиялық қасиеттері: (NH4)2СО3+ НСl === 2NН4Сl + СО2 + Н2О
Иондық теңдеуін құрыңдар.
(NH4)2СО3+ ВаСl2 === 2NН4Сl + ВаСО3
Гальваникалық элементтерде (құрғақ батарея) энергия берудеде қолданылады. Аммоний хлориді металлдардың бетіндегі оксидті қабықшаны ерітеді, сондықтан металдарды пайкілеуге қолданылады. Катализатор ретінде алюминий, калий, кальций, кремний оксидтерін қолданылады..