1. Аммиактың сумен әрекеттесуі.
NH3 + HOH=== NН4OH
Амммиак гидраты аммомний гидроксиді. Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Себебі соңғы тепе-теңдік сол жаққа қарай көбірек ығысатындықтан, судағы ерітіндіде гидроксид ионы OH‾ аз болады. Негіздерден аммоний гидроксидінің айырмашылығы – мұнда оң зарядты ион аммоний NH4 түрінде болады.
Аммиак қышқылдармен әрекеттеседі. NH3 + HCL = NH4CL
Физиологиялық әсері. Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.
Жаңа сабақты қорытындылау:
1.Реакция теңдеуін аяқтау.
Тапсырма
NH3→ N2→ NO→ NO2→HNO3 ↓
Mg3N2
2.Есеп.
Көлемі 56л қ.ж. азот сутектің артық мөлшерімен әрекеттесті. Түзілген аммиактың қ.ж. көлемін есептеңдер.