«Жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы» пәнінен коллоквиум материалдары Халықаралық қатынастар


ХVІІІ ғ. аяғындағы Француз буржуазиялық революциясының халықаралық қатынастарға тигізген ықпалы



бет6/6
Дата22.05.2023
өлшемі34,6 Kb.
#95865
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Коллоквиум материалдары

11. ХVІІІ ғ. аяғындағы Француз буржуазиялық революциясының халықаралық қатынастарға тигізген ықпалы. 1789-1799 жылдардағы Француз революциясы халықаралық қатынастардың дамуына үлкен әсер етті. Англия, Ресей, Пруссия, Австрия Франциядағы революциялық оқиғалардың өз елінде болуынан қауіптеніп, Францияға қарсы біріккен іс-әрекеттер жасау жолын іздеді; олардың саяси және дипломатиялық жақындасуы басталды.
1790 ж. 27 шілдеде Англияның үкімет басшысы Питтің қатысуымен антифранцуздық коалицияның негізі қаланды.1792 ж. 7 ақпанда Пруссия мен Австрия арасында декларацияға қол қойылып, Францияға қарсы 1-коалиция құрылды. Шетел интервенциясынан қауіптенген Франция соғыстың басталуын күтпей-ақ, 1792 ж. 20 сәуірде Австрияға қарсы соғыс бастады; алайда ол Франция үшін сәтсіз болып, прусс әскерлері Парижге жақындады. 1792 ж. 10 тамызда Францияда монархия құлатылды, 22 қыркүйекте Франция республика болып жарияланды.
1792 ж. 20 қыркүйектегі Вальми түбіндегі шайқаста прусс әскерлері шегініп, Франциядан кетті. Француз армиясы шекарадан өтіп, көрші халықтарға өз тирандарын құлатуға көмектесеміз деп, Савойя мен Ниццаны, Рейн өзенінің оң жағалауларын, Бельгияның бір бөлігін Францияға қосып алды. Антифранцуздық коалиция кеңейтілді: оған Ресей, Австрия, Пруссия, Испания, Голландия т.б. кірді. Олар Франциядағы революцияны тұншықтырып, Франция аумағының бір бөлігін тартып алғысы келді. 1793 ж. 1 ақпанда Франция Англияға соғыс жариялады.
1793 ж. шілденің соңында Францияға еуропалық елдер армиясының жаңа басып кіруі басталды. Биліктегі якобиншілдер Францияның басты жауы Англия деп санады. 1794 ж. ел аумағы коалиция әскерлерінен азат етіліп, Францияға қауіп жойылды. Француз ірі буржуазиясы Францияның өз шекарасында қалуын айыптап, соғысты жалғастыруды, Рейн өзенінің сол жағалауын басып алуды талап етті.
1794 ж. соңы – 1795 ж. басында Франция Бельгия, Голландия, Рейн өзендерінің сол жақ жағалауын басып алды. Антифранцуздық 1-ші коалиция ыдырай бастады; 1795 ж. Франция мен Пруссия, Голландия, Испания арасында бітімге қол қойылды. Францияның соғыстары 1797 жылдан бастап басқыншылық сипат ала бастады. 1796 ж. Н.Бонапарт әскері Австрия езгісіндегі Солтүстік Италияға жорық жасап, австриялықтарды талқандады, 1797 ж. оны бітімге қол қойдыртты.
1797 ж. француздар Рим мен Неапольға басып кірді; Йоний аралын, 1798 ж. Швейцарияны, Мальта аралын басып алды; Италия мемлекеттері Франция мен Австрия арасында бөлінді. 1798 ж. Наполеон Египетке жорық жасап, Александрия, Каирді басып алады, Сирияны ала алмады. Адмирал Нельсон басқарған ағылшын эскадрасы 1798 ж. Египетте француздарды жеңді. 1798 ж. Францияға қарсы 2-коалиция құрылды (Англия, Ресей, Түркия, Неаполь, Австрия, Португалия т.б.). Француздар Германияда жеңілді, оларды Суворов басқарған орыс әскерлері Солт. Италиядан, адмирал Ушаков басқарған орыс эскадрасы Жерорта теңізі, Йоний аралдарынан қуды. Француздар Неапольден де қуылып, 1800 ж. Нельсон эскадрасы Мальта аралын азат етті. Н.Бонапарт 1799 ж. 18 брюмерде (9-10 қарашада) төңкеріс дайындап, өз диктатурасын орнатты, консулдық кезең басталды. Француз революциясы аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет