«Жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы» пәнінен коллоквиум материалдары Халықаралық қатынастар



бет3/6
Дата22.05.2023
өлшемі34,6 Kb.
#95865
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Коллоквиум материалдары

4. Экспансиябір мемлекеттің, халықтың, мәдениеттің өз ықпал ету зонасын кеңейтуі.
5. Поляк мұрасы үшін соғыс – Ресей, Австрия, Саксония және Франция, Испания, Сардиния корольдігі арасындағы 1733-1738 жылдардағы әскери қақтығыс; ол 1733 жылы поляк королі ІІ Август қайтыс болғаннан кейін поляк тағына таласудан туындады; соғыста антифранцуздық коалиция жеңіске жетті.
6. 1740-1748 жылдардағы Австрия мұрасы үшін соғыс. 1740 ж. қазанда император VІ Карл қайтыс болады, оның 1713 ж. қабылдаған «Прагматикалық санкция» бойынша габсбургтік жерлерді оның қызы Мария Терезия иеленуі тиіс еді. Соғыстың себебі: «Прагматикалық санкцияны» мойындамаған еуропалық елдер австриялық жерлерді бөлісіп, Габсбургтердің империялық тағын жоюды, Австрияны әлсіретуді ойлады; Пруссияның ұмтылыстары. Алайда Мария Терезия берілмеді, габсбургтер жерінің тұтастығын қорғады; оның қарсыластары – прусс королі ІІ Фридрих (аумақ үшін) және бавариялық курфюрст Карл Альбрехт (империя тағы үшін) болды. Көп ұзамай ІІ Фридрих Гогенцоллерн Силезияға басып кіріп, оны алады.
Антипрустық коалиция құрылып, оған Австрия, Ресей, Англия, Нидерланды, Саксония, Сардиния кірді. Ал Испания, Франция, Пруссиямен одақ жасады және Баварлық Карл Альбрехті қолдады. Силезия соғысы 1740 – 1748 жж. Австрия мұрасы үшін соғысқа ұласты. 1741 ж. Франция Германияға, Нидерландыға әскерін кіргізді, бірге әрекет еткен испан-француздар Англия, Италия әскерлерін жеңіліске ұшыратты. Баварлықтар Австрияға басып кірді, француздармен бірге Праганы алды. Мария Тереза ІІ Фридрихпен құпия келісім жасап, Силезияның бір бөлігінен бас тартты, ІІ Фридрих соғыстан шықты. 1742 ж. 25 қаңтарда Карл Баварский (VІІ Карл) император етіп сайланды; бұнымен келіспеген Австрия әскері Баварияға кіріп, императорды иелігінен қуды. Күресте Австрия мен оның одақтастары басым болды. 1745 ж. Австрия мен Пруссия сепараттық бітім жасады: Силезия Пруссияға қарады; прусс королі Мария Терезияның күйеуі Франц Стефанды (І Франц) герман императоры деп мойындады. Әскери іс-қимылдар Оңт. Нидерланды, Италия, отарларда, Англия мен Франция, Англия мен Испания арасында жалғасты.
Соғыстың қорытындылары. 1748 жылғы Аахен бітімі Австрия мұрасы үшін соғысты аяқтады. VІ Карлдың Прагматикалық санкциясы бекітілді. Пруссия Силезияны, Испания мен Сардиния Италиядағы аумақтарды алды, Франция Нидерландыдағы аумақтарды Австрияға, Үндістандағы Мадрасты, Америкадағы шағын аумақтарды қайтарды. Мария Терезия габсбург мемлекетінің ыдырауына жол бермеді және ол Силезиядан айырылумен келіспеді. Франция өзін соғыс олжасынан құр қалдым деп есептеді; Англия өзінің Солтүстік Америкадағы басып алған иеліктерін бекіте алмады. Ағылшын және француз отаршылдары арасындағы соғыстар тоқтамады және 1756 ж. Жетіжылдық соғысқа ұласты. Пруссия ірі жеңіске жетті; еуропалық державаға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет