50. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес «Арман-ПВ» баспасынан шыққан 5-9 сыныптардың «Қазақ әдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі).
5 сынып.Авторлары Тұрсынғалиева С.,Зайкенова Р.2017 жылы баслып шыққан .144 беттен тұрады
Оқулыққа оқу бағдарламасының білім мазмұнына сәйкес халық ауыз әдебиеті үлгілері ,ертегілер,батырлар жыры,аңыз әңгімелер,ақын-жазушылар шығармалары енгізілген.Оқулықтың тілі жеңіл ,оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқулық құрылымы .Қазақ әдебиеті оқулығы Таза мінсіз асыл сөз,Тәрбиенің қайнар бұлағы ,Адамгершілік асыл қасиет,Отбасы құндылықтары атты бөлімдерден тұрады.Әр бөлім оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес тақырыптарды қамтиды.Қазақ әдебиетін меңгеру үшін оқулық тапсырмаларын мұқият орындаудың маңызы зор.Әр тақырып соңында білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау, баға беру деп аталатын тапсырмалардың мазмұны қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі , білімді қолдану және талдау деңгейіндегі ,сонымен қатар шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды қамтиды.Тапсырманы орындау барысында хрестоматияны ,сөздіктер мен анықтамаларды,электрондық ресурстарды ,қосымша материалдарды пайдалана білу қажет
Тақырыпты тереңірек ,жан -жақты меңгеру үшін оқулық құрылымына бірнеше айдар енгізілді. Артық болмас білгенің айдарында ғылыми,тарихи,мәдени деректермен қоса,ақын жазушылар өміріне байланысты қызықты деректер ұсынылған.Сөзмаржан айдары сөз құпиясын ашуға арналса,Даналық ойдан дән ізде , Сөздің көркі -мақал,Зергер сөз айдарында әдебиет,қаламгер немесе оның шығармасы туралы айтылған қанатты сөздер мен ойтолғаулар,мақал-мәтелдер енген.Түйін айдарында тақырыптың негізігі ойы мен қорытындысы айтылған.Оқулыққа қосымша ретінде ұсынылған сд дискіде фильмдерден үзінділердің сілтемесі,щығармалардың аудионұсқасы берілген
Тапсырма түрлері: венн диаграммасы,тірек сызба,5 w тәсілі, презентация дайындау, синквейн стратегиясы, ПОПС формуласы, кластер, оқиға тізбегі, киносценарий жасау, қатені тап ойыны, диалог-ертегі құрастыру, хрестоматиямен жұмыс
6 сынып.Авторлары: С.Ч.Тұрсынғалиева,Р.Зайкенова – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018. – 192 бет.
І. Нормативтік бағалау
Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес
ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы, құрылымы:
Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық;
Оқулыққа негізгі білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес халық ауыз әдебиеті үлгілері, ақын-жазушылар шығармалары енгізілген;
Оқулық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес «Туған жерім – аялы алтын бесігім», «Абайды оқы, таңырқа», «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған», « Тәуелсіз дік – қасиет тұнған ұлы ұғым» ат ты бө лімдерді қамтиды;
Жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмалары «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақ тау», «Қолдану», «Баға беру» деп аталатын қадамдардан тұрады;
Қадамдар тапсырмаларының мазмұны бі лім мен түсінік дең гей індегі, білімді қолдану және талдау деңгей ін дегі, шығармашылық және ізденуші лік сипаттағы тап сырмаларды қамтиды;
«Артық болмас білгенің» және «Бағалы дерек» айдарында білім кеңейтуге бағыт талған материалдар ұсынылған. Шебер сөйлеуді үйрету мақсатында «Сөздің көркі -мақал» деген де айдары бар.
Кері байланыс формасы әр тақырыптан кейін берілген. Мысалы: Әл-Фараби өлеңінің мазмұны бойынша пікірлеріңді «ПОПС формуласы» арқылы білдірің- дер. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, …» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына факті , мысалдар мен дәлелдей аламын…» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…» (
7 сынып.Авторлары С.Ч. Тұрсынғалиева,Р.Зайкенова
2017 жылы басылып шыққан ,192 беттен тұрады
Оқулық құрылымы
Оқулық Көне күндерден жеткен жәдігерлер,Толғауы тоқсан қызыл тіл, Балалар мен үлкендер, Ұрпақ тәрбиесі атты бөлімдерден тұрады. Әр бөлім оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес тақырыптарды қамтиды.
Тақырыптардан кейін Білу Түсіну, Талдау, Жинақтау, Қолдану, Баға беру деп аталатын қадамдардан тұрады.Қадамдар тапсырмаларының мазмұны қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі ,білімді қолдану және талдау деңгейіндегі ,шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды қамтиды.Ойнап отырып ойлау-қиялдарыңа қанат бітіріп.жаңа әрі қызық жәйттәрді білуге көмектеседі.. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің алған білімдерін тексереді, не білемін не білдім нені білгім келеді деген сұрақтарға жауап алады. Артық болмас білгенің ,бағалы дерек айдарларында тақырып бойынша білімді кеңейтуге бағытталған танымдық материалдар ұсынылды.Онда ғылыми дернктермен қоса тарихи,мәдени деректер,ақын-жазушылардың өміріне қатысты қызықты деректер қамтылған. Даналық ойдан дән ізде,Сөздің көркі -мақал айдарлары өздеріңе ұнаған пікірлер мен ұлағатты ,нақыл ,қанатты сөздерді ,мақал-мәтелдерді жинауды ,есте сақтап,орнымен қолдануды үйретеді.Сөз құпиясын ашуға арналған Сөзмаржан айдары сөздік қорды толықтырып ,әдемі сөйлеуге ықпал етеді
Тапсырма түрлері:венн диаграммасы,тірек сызба,сұхбат құру, салыстыра суреттеу,диалог құру, кластер құру, мазмұндама, тірек конспект, талқылау ойыны,презентация жасау,синквейн әдісі, рафт әдісі, дербес пікір әдісі, эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |