Жаңартылған білім мазмұнындағы


Жаңа оқулықтардағы жазылым тапсырмаларын тізіп жазыңыз



бет25/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

48.Жаңа оқулықтардағы жазылым тапсырмаларын тізіп жазыңыз.
6-сынып Мектеп баспасы

  1. Төмендегі тақырыптың бірін таңдап әдеби эссе жазайық

  2. Алып Ер тұңға өмірде болған ба ,әлде мифтік бейнме тақырыбын дәлелдеп,эссе жазайық

3.Жырдағы заман келбеті мен бүгінгі заманды салыстыра отырып,әр заманның өзіне тән сипаттамамасын жазайық
4.Алып Ер тұңға сияқты батырлардың ерлік істері олардың тарихтағы ролін бағалап,сыни хабарлама жазайық
5.Әл -Фараби өлеңіндегі ақынның туған жерге деген сезімін бүгінгі күн тұрғысынан бағалап,өз елінен жырақта жүрген баланың атынан бір-екі шумақ өлең жазайық
Тапсырма түрлері әдеби эссе,сипаттама,сыни хабарлама,өлең жазу,хат жазу,
7 сынып.Арман пв баспасы
1.Мәтіннен зат есім+сын есімнен тұратын сөз тіркестерін теріп жазыңдар
2.Өздеріңе ұнаған жыр кейіпкеріне хат жазыңдар
3.Күлтегін туралы мәтінді оқып ,тірек конспект жаззыңдар
4.Ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі танымал өкілдерін,мұраларын жазыңдар
5.Өздерің Күлтегін туралы қосымша мәтін тауып,мәтінде кездескен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар
Тапсырма түрлері теріп жазу,хат жазу,қосымша ақпарат жазу,мәтіннен керек сөздерді теріп жазу
8 сынып Атамұра баспасы
1.Қорқыт ата кітабі неше жырдан тұрады жырларды логикалық жүйемен дәптерлеріңе жазыңдар

  1. Қорқыт ата мұрасы мәңгілік тақырыбында шығарма жазыңдар

  2. Шағын жоба жоспарын жазыңдар

  3. Хрестоматиямен пайдаланып көркемдегіш құралдарға мысал келтіріп дәптерге теріп жазыңдар

  4. Жырдағы үзінді де қай дәстүр баяндалады қысқаша сипаттма жазыңддар

Тапсырма түрлері шығарма жазу,сипаттама жазу,дәптерге теріп жазу,жоспар жазу,эссе жазу,түсінгенін жазу


49. Ж. Аймауытовтың “Комплексті оқыту жолдары”еңбегіндегі оқыту процесіне қатысты мәселелерді қазіргі оқу процесімен салыстыру жасаңыз.
Баланы оқытуда қолданылатын көп әдістердің «білім берудің төте жолын табуға» қызмет ететіндігін жазып кеткен Ж.Аймауытов біршама ғылыми әдістемелік негіздемелерін жасаған.
Мұғалім мен оқушының арасындағы диалогке терең мән берген Жүсіпбек бұл арада дұрыс емес жауапты қалай түзету керектігін саралап көрсетеді. Алдымен жолдастарына түзету – бүгінге дейін қолданып келе жатқан тәсілдің бірі. «Оқытушының түзетуі берілген жауаптың мәнісін түзету болмасын» деген талабынан дұрыс жауапты қалай болғанда да балалардың өздеріне тапқызу мәселесі көтеріліп отыр. Ал әдеби шығармаларға қатысты сауалдың «тілі жетпей тұрған жерін жөндеу» баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ «Қазақ баласының бір әдеті: «бәлен етіп, сонымен кетіп, содан сүйтіп…» деген тәрізді нүктесіз шұбата береді. Сөйлегенде де, жазғанда да қысқа сөйлеуге уағдалана беру керек. Ұзын әңгімені аз сөзбен қысқартып айтқызу – сөзге төселдірудің бір керекті жері» деп сөйлеу мәдениетіне ерекше ден қоя отырып, балалардың ойын жинақы, сөзін нәрлі айтқызуға үйретуді мұғалімдерге міндеттейді.
Ж.Аймауытовтың «Комплексті оқу жолдары» деген зерттеуінде комплекс дегенге берген анықтамасы қазіргі білім беру жүйесіндегі басты қағидат­тың негізі. Нақтылап айтсақ, «Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді, бір тақырыптың, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту» деген пікіріндегі біріктіріп оқытуға назар аударған жөн. Балалардың алған білімін жетілдіруде біріктіріп оқытудың бір түрі – күнделікті өмір тәжірибесін сабақтастыра оқыту мәселесіне үлкен мән береді. Ал оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыруға негізделген қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы мектеп бағдарламасында берілген тақырыптар күнделікті өмірде кездесетін құбылыстармен байланыстыра құрылуы қажеттігі бір ғасыр бұрын айтылған тәжірибелердің жиынтығы екені сөзсіз.
Түйіндей келе, Ж.Аймауытовтың қазақ әңгімелерін қалай оқыту керектігі туралы жазылған алғашқы әдістемелік еңбегінің бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоймағанына толықтай көз жеткіздік. «Мектепте қысқа әңгімелер қалай оқытылу керек?» деген мәселені көтере отырып, оны түбегейлі нақтылап беруіне әдіскерлік шеберлігімен қоса, өзінің де бірнеше шағын прозаның авторы болғаны тікелей септігін тигізгені сөзсіз. Көркем шығарманың табиғатын терең сезінген Ж.Аймауытов әдістерінде ұлттық нышан толық сақталған. Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы мектеп бағдарламасында шағын әңгімелерді оқытуда толығынан пайдалануға болады. Өйткені шағын әңгімені оқытудағы Ж.Аймауытов ұсынған әдістер – дәстүрлі жүйеде де, қазіргі таңда да қолданылып жүрген әдістердің түп негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет