Жаңартылған білім мазмұнындағы


​Қазақ әдебиеті пәнінен А/И бөлімі бойынша авторға хат, өлең жазу тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет24/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
45.Қазақ әдебиеті пәнінен А/И бөлімі бойынша авторға хат, өлең жазу тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады.Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.Бүгін оқушылар әңгімеден алған әсерлерін,кейіпкерлерін сипаттап авторға хат жазады.
Авторға хат жазудың үлгісі:
1.Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет.(хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек.)
2.Жазу барысында:
а) хат жолдаушының өзіне,қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.
б) Мазмұнды баяндауды анықтау.
в) Қорытынды жасау.
г) Авторға тілек айту,ой салу керек.
д) керек болған жағдайда «P.S» белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар)
е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, …
Өлең жазу оқушылардың сезіну,елестету арқылы туындайтын шығармашылық жұмыс.Өлең жазу кезінде оқушылардың шабыты күтпеген жерден келеді.Бұл оқушылардың жасанды шабыттан гөрі, мағыналы,тиянақты өлең туына себеп болады.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай өлең өлемдері,ұйқасы,жанры әртүрлі болып келеді.
46.А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» еңбегінің құрылымына талдау жасап, «Әдеби шығарманы оқу және мазмұнын ұғыну» тарауындағы көркем шығарма мазмұнын түсінудегі қадамдарға сипаттама беріңіз.
А. Көшімбаевтың бұл еңбегі әр сыныпта әдеби шығармаларды қалай оқыту керек, және қандай әдус тәсілдер ыңғайлы туралы түсіндіріліп жазылады. Әдебиетті оқыту методикасы, әдебиетті оқытудағы жетекші мазмұндар, әдебиеттің басқа ғылымдармен байланысы сынды тараулар бар
Әдеби шығарманы оқу және мазмұнын түсіну бөлімінде шығарманы тек оқып қана қоймай, оны түсініп оқуға тоқталады. Оқушы шығарманы түсініп оқу үшін мұғалім алдымен шығарма алдындағы жұмыс жүргізу керек. Оқушыларды дұрыс оқуға жаттықтыратын тәсілдерді көрсетеді. Бір түрінде оқушы оқып тұрғанда мұғалім мен оқушылар бақылап тұрады. Бұрыс жерлерін түзетеді. Екінші бір түрі оқушының текст оқу қарқынын дұрыс жолға қою. Көп оқушылар өзіне берілген текстті тез оқимын деп қате жібереді. Әр оқушыда орташа қарқын болу керек.
Шығарманы оқытуды үйде және сыныпта дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім оқу жылының басында класс бойынша оқушылармен әңгіме жасап, олардың іштен және дауыстап оқу дағдысын қадағалайды. Көлемі шағын және үзінділер сыныпта, көлемді шығармалар үйде оқытылады. Үйде оқылған шығармамен сыныпта тапсырмалар, талдау жүргізіледі.
Шығарманы келістіріп оқыту мәселелері
Келістіріп оқыту дегеніміз-әдеби текссті сазына келтіріп мәнерлеп оқу. Бұл ең алдымен көркем сөз текстін дұрыс оқу, түсінуді талап етеді. Оқушылар осы шарттарды толық орындап, оқу техникасын меңгергенде ғана әдеби шығарманы келістіріп оқи алады. Келістіріп оқу әдебиеттік оқу сабақтарында аса маңызды орын алады. Келістіріп оқу қарсаңында жүргізілген дайындық жұмыстарда, шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшеліктерін дұрыс түсінуге айрықша көңіл бөлінеді.Оқушыларды келістіріп оқу ға үйретудің жолдары әр түрлі: дара оқу, рөльге кіріп оқу, хорға қосып оқу. Бұлардың ең негізгісі дара оқу.
Шығарманы ауызша мазмұндау жұмысы.4-7 сыныптарда көркем шығармаларды оқып үйренумен қатар оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыта отыру-аса маңызды жұмыстың бірі. Бұл оқушыларды коммунистік рухта тәрбиелеуге, олардың тіл мәдениетін жетілдіруге жәрдемдеседі.
Мұғалім шығарманы класта немесе үйде оқылуын қамтамасыз етумен қатар, онык мазмұнын оқушылардың қаншалықты ұққанын тексеріп біліп отыруға міндетті. Демек ауызша мазмұндау тек тіл дамыту үшін ғана емес, осы сияқты арнаулы мақсатты көздейді
47. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы жетекші ұстанымдарды жіктеп жазыңыз. Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» еңбегінің құрылымына талдау жасап, еңбегіндегі «Әдебиетті тереңдетіп оқытудың өзекті мәселелері» тарауындағы мәселелерді қазіргі білім беру ісімен сабақастырып жазыңыз.
Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділіг пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттерні орай жүргізіліп, екніші жағынан әлеуметтік норамалар, яғн тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.
Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олрдың рақатынасы сипатталады. Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:1) сөздік қор және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор және ұғым.
К.Бітібаеваның әдебиетті тереңдетіп оқытудың өзекті мәселелері ,негізгі белгілері таруында әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейтесті мәселері ретінде мыналарға көңіл бөледі
1.Оқытылатын авторлар санын әрі олардың қадау қадау шығармалаларына кең жол
ашу,көркем сөз иесінің әдемін тұтастай қарастыру
2.Тереңдетіп оқытудың келесі бір белгісі-көркем туынды ,әдебиеттану ғылымы тұрғысынан тереңдеп талдау
Тереңдеп талдауда мынандай мәселелрге ерекше көңіл бөлген жөн,көркем туындының негізінде жатқан ой ,автор позициясы,идеялық проблематика,шығарманың көркем формасы,сөз айырмашылықтары,образды кестелі тілі.Мысалы,осы жұмысты төменгі кластардың өзінде қалай жүргізуге болады соның бір жолын мына бағандардан көруге болады

Абай Жаз





Өлең негізінде жатқан идея,авторлық ой

Өлеңдегі негңзгң ойды ашатын шумақтар,өлең жолдары

Айшықты әдемі образды көркем сөздер

Өзіне ұнаған жырлар ,шумақтар

Ақын стилі әдісі

3. Тереңдете оқытудың тағы бір белгісі-тақырыпты қосымша материалдармен,ғылыми еңбектермен байыту .Бұл жерде еске ұстайтын екі мәселе бар:


1).мұғалім қосымша материалдармен ғылыми еңбектерді тақырыпқа сай сұрыптап,қадау қадау түйінділерімен алады
2.) ғылыми еңбектердң тұтастай оқытады
4. Бала ең алдымен өз пікірі ,түсінігін айтуға талпынсын. Оның түсінігін оқулвқ толықтырсын,ғылыми еңбектер байытсын
5. Білімді тереңдетуде мұғалім күрделі ,қиын әдістемелермен емес,жеңіл жолынан іздеуі тиіс. Бұл мәселе көмек -нұсқаулар жазылған дидактикалық материалдар,карточкаклар,кесте,сұлба сияқты көрнекіліктер
Енді осы оқулықтағы білім беру үлгісін бүгінгі білім берумен салыстырсақ,көп ұқсастықтар бар.Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың өзіндік ізденіс тарапына көңіл аударылады.Оқушылардың жеке тұрғыда сыни ойлау қабілеті алдыңғы қатарға қойылады.Сабақты түсіндірудегі әртүрлі әдіс-тәсілдер,көрнекі құралдар оқушылардға тақырыпты түсінуі үшін көмектеседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет