Жаңартылған білім мазмұнындағы


​Әдебиет сабағында көркем шығарманы талдау жолдарын жүйелеп жазыңыз



бет23/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
44.Әдебиет сабағында көркем шығарманы талдау жолдарын жүйелеп жазыңыз.
Шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердін характерін бейнелеу принциптері тұрғысынан, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, егер поэзиялық шығарма болса ырғактык интонациялық өзгешеліктері, әр түрлі шумақ, тармақ, ұйкастарды қолдану жағынан талдауға болады. Шығарманы осындай бірнеше қырынан тексергенде жеке ерекшеліктердің өзіндік сипат белгілерін де олардың бір-бірімен байланысында аңғаруға мүмкіндік бар. Әрине, шығарманы боршалап, бөлшектеп, талдап карастырғанда оның мағыналық көркемдік бірлік түтастығынан туатын әсері бір сәт әлсірейді. Оның есесіне шығарманың күрылыс-бітімін-дегі әншейінде көзге түспейтін, байқала бермейтін сипат белгілері айкын танылады. Ал оларды көре білу, түсінудін шығарманы тұтас кабылдағандағы алатын әсерімізді толықтырып, байыта түсетіні сөзсіз.
Әуелбек Қоңыратбаев талдауға жататын құрамды элементтер ретінде бірнеше шығарма бірліктерін атайды: 
тақырыбы мен идеясы
басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі, мүддесі арқылы көрінетін немесе шешілуге тиіс болған проблемалар
шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы; 
ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтар
композициялыық құрылыс, олардың формалары, қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, портрет, диолог, монолог т.б.); 
шығарманың сюжеті; 
шығарма тілі (баяндау, афоризм, мақал-мәтелдер); ондағы кейіпкер тілі (диалог, монолог);
шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны; 
жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы; 
дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы. 
Атымтай Көшімбаев (1910-1977) талдауға жататын құрамды элементтерді (тақырыбы, идеялық мазмұны, кейіпкерлері, сюжеті мен композициясы, тіл ерекшеліктері, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс-салт бейнелері т.б.) саралай келіп, меңгерту жолдарын әдіс-тәсілдерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет