Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
сабағы кезiнде қызықты тапсырмалар беру, ойындар ӛткiзу, жүйелi түрде баға
қою, жетiстiктерiн мадақтау, марапаттау, жеке тапсырма беру оқушыларды
ынталандыра түседi. Үйрету және тәрбиелеу үрдiстерi жаттығушылардың бiлiмiн,
танымын қалыптастырады. Жаңа амалдар, әдiстер, қозғалыстың жаңа
элементтерiн орындау, әр түрлi тәсiлдер iздеу оқушыларды қызықтырады,
шығармашылық iзденiске, белсендiлiкке ұмтылдырады, ынталандырады.
3. Жаттығушылардың ӛз әрекетiн байқауға, бақылауға қабiлетiн ояту. Бұл
талапты орындау үшiн, оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәттi немесе сәтсiз
әрекеттерiне ӛздерi талдау жасай бiлуi, орындау техникасынан қате таба алуы,
олардың пайда болуы және оны қалай түзету керек екенiн үйренулерi қажет. Ӛз
кӛңiл-күйiн, жаттыққандығын бақылау, жаттығу күнделiгiн жүргiзе бiлуi,
объективтi және субъективтi мәлiметтерге талдау жасау оқушылардың қабiлетiн
жетiлдiредi. Қазiргi кездегi дене тәрбиесi сабақтарында оқушылардың ӛз
әрекеттерiн саналы бақылауға ынталандырудың мынандай әдiстемелiк тәсiлдерi
кӛп қолданылады:
- жаттығуды үйреткенде қимыл-қозғалысты кӛрсетпей, тек қана сӛздi қолдану
әдiсi арқылы үйрету;
- мұғалiмнiң тапсырмасымен дене қасиеттерiн дамыту жаттығуларын ӛз
бетiмен iрiктеп ала бiлу;
- жаттығуды орындаған соң, орындау техникасының сапасын ӛзi бағалау
немесе екi-екiден орындағанда оқушылардың бiр-бiрiне дұрыс баға бере бiлуi;
- жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезiнуге кӛмектесетiн
арнайы тренажерлар, қондырғылар қолдану;
- жаттығуды орындаған соң жаттығудың техникасының орындалу сапасы
туралы бiрден хабарлау, ақыл-кеңестер беру.
Достарыңызбен бөлісу: