«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Қатаң шектелген жаттығу әдiстерi. 
Жаттығу кезiнде кӛп қайталанатын 
жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетте қатаң шектелген 
жаттығу әдiстерiн пайдалану кӛптеген мүмкiншiлiктерге қол жеткiзедi: 
1. Жүктеме кӛлемiн қатаң мӛлшерлеуге. Бұл әдiстi қолдану кезiнде 
жүктеменi ең тӛменгi шамаға дейiн жоғарылатып, басқаруға болады. 
2 Әр түрлi дене қуатының қасиетiн дамыту және жаттығу арқылы жеке 
дене мүшелерiне әсер ету. 
3. Дене тәрбиесi үдерiсiнде жеке үйретудi пайдалану. 
4. Кез келген күрделi жаттығуларға үйрету. 
5. Дене тәрбиесi жаттығуларын әр түрлi жастағы адамдар арасындағы 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
сабақ, жаттықтыру кездерiнде пайдалану мүмкiншiлiгi. Бiз осы әдiстiң кӛмегiмен 
жаттығуларды жас балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейiн қолдана 
аламыз. 
Қатаң шектелген жаттығу әдiстерi екi топқа бӛлiнедi: а) қимыл-әрекетке 
үйрету; ә) дене қасиеттерiн жетiлдiру. 
Қимыл-әрекетке үйрету әдiстерi. 
Қимыл-қозғалыстың күрделiлiгiне 
қарай тұтас та, бӛлшектеп те үйретуге болады. 
Тұтас үйрету әдiсi жаттығуларды бӛлшектемей толық үйрету кезiнде 
мынадай жағдайларда қолданылады. 
- қарапайым қимыл-қозғалысқа үйрету кезiнде; 
- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен 
жүргiзiлетiн жаттығу сабақтарында; 
- қимыл-қозғалысты бӛлшектеп үйретуге болмайтын, бӛлшектесе техника 
негiзiнiң сапасы болмайтын жағдайда; 
- бұрын үйренген жаттығуларды жетiлдiруде. 
Жаттығуларды бӛлшектеп үйрету әдiсi кезiнде қимыл-әрекеттi бӛлшектеп 
жеке-жеке меңгерiп, сонан соң бәрiн қосып толық қайталайды. (Мысалы, 
гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу 
жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйренiп, меңгергеннен кейiн толық 
қайталау және т.б.). 
Күрделi қозғалыс техникасын үйренудi жетiлдiруге жақындататын 
жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негiзгi, күрделi 
жаттығудың бӛлшектерiне ұқсас болып келедi. Бұл жаттығулар бiртұтас түрде, 
оқушыларға түсiнiктi және қолайлы болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет