«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Дене қуаты дайындығы дегеніміз
– әртүрлі әрекеттердің (әскери, спорт, 
ӛнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің қимыл 
дағдысының 
нәтижесі. 
Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бӛлінеді. 
Жалпы дене қуаты дайындығы
– жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне 
бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. 
Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз
– арнайы бір спорт немесе кәсіп 
түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. 
Дене қуатының дамуы
– адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен 
ӛсуі. Табиғи жолмен ӛскенде баланың морфофункционалдық кӛрсеткіштері: 
бойы, салмағы, дене мүшесі кӛлемі ӛзінің табиғи ӛсу жолымен ӛзгереді. Мақсатты 
жолымен ӛсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар кӛмегімен ӛседі, 
ӛзгереді. 
Спорт дегеніміз
– әр түрлі жаттығулардың кӛмегімен жоғары жетістіктерге 
қол жеткізуге бағытталған ӛнер түрі. Спорт кӛпшілік спорт және жоғары 
жетістіктер спорты деп екіге бӛлінеді. Жоғары жетістіктер спорты – жоғары 
кӛрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордсмендер спорты. Кӛпшілік спорт 
– барлық адамдар қатыса алатын, қатысушылар санына шек қойылмайтын спорт 
түрі. Мысалы, кӛп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Жоғары 
жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бӛлінеді. Әуесқой 
спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт 
түрлерімен айналысатын адамдар. Кәсіпқой спортшыларға спорт түрімен 
айналысу бір жағынан жетістіктер, жоғары кӛрсеткіштер кӛрсету болса, екінші 
жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады. 
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына І-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы 
оқушылар жатады. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі 
міндеттері тӛмендегідей: 
1. Денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына кӛмектесу, 
жалпақтабандылық ауруының алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта 
әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру. Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен 
айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін 
дамытады, жүрек кан тамыры жүйесін, дем алу жүйесін, сүйек тірек апаратын т.б. 
ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі 
қалыптасады. Сондықтан, мектептің міндеті балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, 
белсенді шұғылдандыру. 
2. Дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы 
білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері
гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері 
3. Оқушылардың ӛмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, 
оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл, әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген 
барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу. 
4. Дене қуаты қасиеттерін дамыту. Бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, 
ептілік, икемділік қасиеттерін дамытамыз. 
5. Жігерлікке, батылдыққа, қажырлыққа, тәртіптілікке, еңбексүйгіштікке, 
кӛпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі 
қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады. 
6. Қозғалыс кезінде және қозғалмайтын статистикалық жаттығулар кезінде мүсін 
түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, 
жаттығулар жасағанда тұлға түзулігін әрқашанда ескеріп, арнайы тұлға 
түзулейтін жаттығулар беріп отыруымыз керек. 
7. Оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары 
жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастауымыз керек. 
8. Оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын 
оятып, оларды тұрақты, жүйелі спортпен шұғылдануға әрекеттендіруіміз керек. 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Мектептің міндеті- оқушылар дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана 
емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күнделікті 
күн тәртіптерінде әдбен қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі 
жаттығуларын орындау олардың ӛмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін 
дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі, кӛңілді ӛтуі керек.
9. Оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. 
Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет