1.Науқастағы аурудың қызметтік және морфологиялық белгілерін көрсетіңіз. Науқастағы аурудың қызметтік белгілері - орталық жүйке жүйесінде қозымдылық басым, жөнсіз қызбалығы, өз жағдайын дұрыс бағалай алмаушылығы, есте сақтау қабілеті мен назар аударудың нашарлығы.
Науқастағы аурудың морфологиялық белгілерінанықтап, аурудың механизмін білу үшін жасалған электроэнцефалография және компьютерлік томография ешқандай патологияны анықтамаған
2. Ауру дамуындағы «аурудың түрі мен функциясының» арасындағы өзара арақатынас қандай? Науқас дерті ОЖЖ-нің функциялық бұзылыстарымен көрініс беріп, психиатриялық ауруларға жатқызылып тұр. Науқаста аурудың дамуына биологиялық емес, әлеуметтік факторлардың әсері айқын. Сондықтан аурудың морфологиялық формасы және функцияның өзгерістерінің бір-біріне түрткі болуы байқалмайды.
3.Тек қана қызметтік аурулар болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз. Алғашқыда «фукнциональді бұзылыстар» деп анатомиялық және морфологиялық ауытқумен негізделмеген жүйке жүйесінің ауруларын атады. Бірақ себеп-салдарлы арақатынас тұрғысынан қарағанда материальді емесауру болмайды, яғни тек қызметтің бұзылуы мүмкін емес. Себебі функция - биологиялық құрылымның іс-әрекетінің көрінісі, ал осы құрылымның қасиеттері мен ондағы кез-келген құрылымдық өзгерістер оның қызметімен органикалық байланыста болады.
Қазіргі зерттеулер бойынша мидың әр түрлі функционалды жүйелерінің қалыпты өзара әрекеттесуін өзгертетін әр түрлі биохимиялық бұзылулар (биологиялық белсенді заттардың, электролиттердің метаболикалық бұзылыстары) болады. Бұл церебральды бұзылулар әдетте функционалды биохимиялық зерттеу әдістерімен ғана анықталады.
I.3-5 жағдаяттық тапсырма Науқас Ц., 52 жаста, поликистозды бүйректегі жылауықтың іріңдеуіне байланысты оң бүйрегі алынып тасталды. Операциядан кейінгі кезеңнің ағымы асқынуларсыз өтуде. Шумақшалық сүзілуде және бүйректің Несепті қоюландыру қызметінде өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық талдамасында: қалдық азот, креатинин, Несепнәр, калий мөлшерлері қалыпты деңгейде.