Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет40/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   169
Түркизмнің Ұлы Мектебін 
құра алғандықтарын 
көреміз. Өз кезеңінің дүниетанымы терең оқымыстысы ретінде кеңінен таны-
мал болған, қоғам және саяси қайраткер Зәки Уәлиди Тоған Түркияда маңызды 
қызметтер атқарды. Уақыт өте келе Ыстамбұл Университетінде, сондай-ақ 
еуропалық Вена, Бонн, Геттинген университеттерінде профессор-ғалым ретін-
де студенттерге дәрістер берді. Әйткенмен, басқа түркішілдер секілді оған да 


75
Түркі бірлігі идеясының эволюциясы
туранизм және КСРО-ға қарсы әрекеттері бойынша айыптар тағылды, бірақ көп 
ұзамай оны әскери сот ақтап шықты. Зәки Уәлиди Тоған өзінің «Жалпытүркілік 
тарихқа кіріспе» деп аталатын маңызды шығармасында (1913) түркі халықтары 
мен мемлекеттерінің саяси-мәдени тарихын бір мәнмәтінде зерттеудің негізін 
көрсетіп берді (132). 
Ресейдің Еділ-Жайық өңірінен шыққан түркілік татарлардың өкілі Аяз Ис-
хаки (1878-1954) өте ауыр, тіпті кей жағдайда адам төзгісіз ауыр жағдайларда 
күрес жүргізді. Ол 1905 жылы Ресей империясын құлатып, халыққа, оның ішін-
де түркі жұртшылығына да егемендік алып беру жолында күреске ұмтылған 
«Танчылар» ұйымын құрды. Бір мезетте «Таң» (мағынасы – «Таңертеңгі 
орын») және «Таң жұлдызы» («Таңғы жұлдыз») газеттерімен қызмет атқарды. 
Дегенмен қамауға алынып, Сібірге айдалды, содан 1913 жылы ғана босанып 
шықты. Кеңес уақытында оның еңбектерін оқуға (29 шығарма) қатаң тиым са-
лынды. Аяз Исхаки 1923 жылы Берлинде «Тұран» ұйымын құрады, кейіннен 
Түркияға өтіп, онда «Тюрк юрду» газетінде жұмыс жасайды. Ол 1933 жылы 
Қиыр Шығысқа аттанып, онда Жапония мен Манчжурияның түркілік татарла-
рымен байланыстар орнатады (62, 6-10 беттер). Аяз Исхаки Еуропаның Герма-
ния, Англия және Польша секілді елдерінде күресін жалғастырды, сондай-ақ 
өзінің ғылыми-публицистикалық еңбектерімен де өмірінің соңына дейін үзбей 
шұғылданып, түркі әлеміне адал қызмет еткен, түркінің адал перзентінің бірі 
ретінде тарихқа енді (119). 
Түркия ХХ ғасырдың басында тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік түркизм- 
нің орталығына айналды. Түркизмнің өмірлік-маңызды мәселелері нақ осы 
жерде мейлінше кеңейтілген деңгейде қарастырылып, көптеген пікірсайыстар 
соның шешімімен жүргізіліп отырды. Мұның барлығы да нақты заңдылықтарға 
сәйкес, сол уақыттың әлемдік саясатының шынайылығы негізінде сындар-
лы нәтижелерге алып келуі тиіс болды. Түркияның әлі де болса әлсіз елді 
жалпытүркілікке шоғырландыруға бағытталған әрекеті жан-жақтан орынсыз 
шабуылға ұшырады, өйткені бұл қадам империяны аңсау секілді көрінді және 
солай қабылданды да. Түркия Осман империясының саясатынан ресми түрде 
бас тартты. Осындай аса күрделі тарихи кезеңде түркизмнің болашағы үшін ең 
оңтайлы да сындарлы тұғырнаманы таңдап алып, оны ұсына қою өте күрделі, 
бірақ маңызды іс саналды. Сол мезеттерде халықаралық қарым-қатынастарды 
орнату үдерісіне жоғарыда келтірілгендей бір жақты бағдарды ұсыну дегеніміз, 
келешекте әлемде түркілік тәуелсіз мемлекеттердің қатарының көбеюі мүмкін 
екендігін көрсетті.
Нақ осындай нәзік ойды сол уақытта Мұстафа Кемел Ататүрік айқын 
және дәл формуламен былайша сипаттап берді: «Түрлі ұлттардың басын бір 
жерге жиып, оларды ортақ тәртіп пен шарттарға біріктіру, сол арқылы күшті 
мемлекет құру – бұл сондай жарқын да өте тартымды көрініс. Бірақ, деген-
мен де бұл алдамшы нәрсе. Тіпті шекараларды мойындамай, 
жер бетінде 


76
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
тұрып жатқан барша түркілердің басын біріктіру 
(курсив менікі-Дж.Ф) 
– орындалмайтын, ешқандай да сынға жатпайтын мақсат. Бұл қисапсыз 
қанды оқиғалармен, ғасырлар бойы ғұмыр кешіп келген адамдардың тірлігі-
мен ілесіп келген шындық. Панисламизм мен пантүркизмнің қолданылуы 
бұл өмірде дәлелденбеген» (95, 436 беттер). Түркі мемлекеттерінің басын 
біріктіріп, бірыңғай мемлекет үлгісіне келтіру дегеніміз, Ататүрік заманы-
нымен салыстырғанда бүгінгі күндері мейлінше қисынсыз және абсурдтық 
идея болып көрінері сөзсіз. 
Классикалық түркизмдегі секілді,қазіргі заманғы 
түркизмнің көздеген басты идеясы жаһандық түркі мемлекетін, тіп-
ті конфедерация құру болып табылмайды, керісінше бүгінгі халықаралық 
жүйеде тәуелсіз нысандар объектілерінің бірлестігін құру екендігін
біз- 
де бірауыздан мақұлдап, мәлімдейміз. 
Түркизмнің орыстың еуразиялық тоталитаризмнен басты айырмашылығы 
міне, нақ осында жатыр. Орыстың еуразияшылығы тоталитаризмге алып кел-
се, түркілік еуразияшылық – БІРЛІККЕ жол ашады! Бұл жерде түркизмнің 
басқа да тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әрқайсының ұлттық идеологияла-
ры, саяси доктриналарымен өзара байланыс орнатуы үлкен рөлге ие болады. 
Түркизм түркі мемлекеттерінің халықаралық жүйесі ішіндегі әріптестікке ең 
жақын саясаты болғандықтан, ол ұлттық саясаттар мен идеологияларда қарама-
қайшылықтарға жол бермейді.Өйткені, кез келген мемлекеттің ұлттық саяса-
ты мен идеологиясы сол елдің даму мүддесіне қарай құрылатындықтан, ұқсас 
идеяны жалпытүркілік мемлекеттік деңгейде жылжытқан түркизм де осындай 
мақсатты ұстанды. 
Түркизм – түркі мемлекеттері бірлігінің идеясы, ал ұлттық 
идея болса, ол нақты субъектіге қатысты болмақ.
Мәселен, 
әзербайжандық 
пен түркизм 
арасында қақтығыс, тайталас пен қарама-қайшылықтар болуы 
мүмкін бе? Үзілді-кесілді жоқ! Керісінше, гуманитарлық саясаттары мен 
стратегиялық жоспарларында олардың іс жүзінде шынайы келісімде болып, 
басқа да түркі мемлекеттерінің идеологияларымен үндес келмек. 
Ақиқатында Түркизм – біздің түркілігіміздің расталуы. Біздің түркілігіміз 
өзін-өзі тануымыздың өзегі болып табылады (39). Түркілік – бұл ұлттық 
танымның сондай әмбебап деңгейге дейін көтерілуі, осы жерден түркі әлемінің 
географиялық және адамгершілік шекаралары, бүгінгі күннің тарихтан туын-
дайтын келешегінің тағдыршешті есігі анық та айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет