Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет39/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

лауды өзінің табиғи түбірінде жаңғыртуға, яғни түркілендіру жұмыстарын 
жандандыруға үгіттеді. 
Гасан бек Зардаби үшін «Экинчи» газетінен кейін-
гі үгіт-насихат алаңына айналған басылым «Тәржіман» газеті болды. Ол 1883 
жылдан бастап отыз бір жыл бойы (ғасырдың үштен бірі) Бақшасарайда адам 
айтқысыз қиындықтармын шығарылып келген, түркі тіліндегі үнпарақ ретінде 
тарихта қалды. Исмаил бек Гаспыралының алдына қойған ең үлкен мақсаты 
– «Тілдегі, пікірдегі және істегі бірлікті» - түркі әлемі тұтастығының негізгі 
бағдарламасы ретінде ойластырып қарау еді. Сондықтан да, ол 1900 жылы 
жалпытүркілік мәдениетті қалыптастырушы – ғалымдар және әдебиетші 
қаламгер-қайраткерлердің өмірі мен олардың атқарған қызметтері туралы 
энциклопедиялық сөздік басып шығарады. Мұстафа Кемел Ататүріктің кезін-
де Зия Гекалп (1876-1924) жайлы «Егер менің етім мен сүйегімнің әкесі Әли 
Рза болса, онда менің ойларымның әкесі Зия Гекалп болып табылады», – деп 
айтуының өзі бұл адамның түркі мемлекеті мен қоғамының қалыптасуына
түркизм идеясының жан-жақты дамуына 
сіңірген еңбегінің ерен екендігін 
білдірсе керек. 
«Түркизмнің негіздері» аталатын (1923) айтулы еңбектің авторын түріктің 
ұлы идеологы деп нық сеніммен айтуға әбден болады. Аталған бағдарламалық 
еңбекті өзінің өлерінен тура бір жыл бұрын жарыққа шығарып үлгерген Гекалп, 
түркизмнің тұжырымдамалық бағыттарын тек өз уақыты үшін ғана емес, соны-
мен қатар болашақ үшін де айқындап берді. Ол «Түркизмнің мәні» тарауын-
да «Түркизм деген не?» сауалына жауап іздеп, «Түркизм тарихын» зерттейді, 
ұлттық мәдениеттерге кеңінен өте түсінікті етіп сипаттама береді. Сонымен қатар 
түркизмдегі «Халыққа қарай» және «Батысқа қарай» аталатын бағыттардың 
да ара-жігін айырып, ұлттық ар-ождан мен ұлттық ынтымақтастықты 
нығайтудың, ұлттық мәдениеттің дамуын кемеліне жеткізудің шарттарын алға 
тартады. Ал, «Түркизм бағдарламасында» түркизмнің тілі, эстетикасы (өнер), 
тәртібі (адамгершілік), құқығы, діні, экономикасы, саясаты мен философиясы 
(гуманитарлық ғылымдар) салаларындағы мақсаттары, міндеттері мен болмысы 
негіздерінің неден қаланып, қалай құралатындығы жайында егжейлі-тегжейлі 
зерттейді. Бұдан әрі, ол өз ойын жинақтай отырып, түркизмнің нақты әлеуметтік-
идеологиялық сұлбаларын белгілейді, оларды бірыңғай 
дүниетаным жүйесіне 
негіздейді. Маңыздысы сол, ұлы ойшыл күні бүгінге дейін талай пікірталастың 


74
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
өзегіне айналып келе жатқан «Түркизм» мен «Тұранизм» түсінігін терең тал-
дап, олардың келешегін бағдарлайды. Оның айтар пікіріне қарағанда, түркизм 
идеологиясы өзінің мән-маңызына қарай үш дәрежеге бөлінеді: 1. Түркілік 
(Türkiyәçilik). 2.Оғыздық (Oğuzçuluq) немесе Түрікмендік (Türkmәnçilik). 3. 
Тұрандық (Turançılıq) (40, с.39). Шындығында, автор түркизмнің ұлттық және 
универсалдық деңгейін көрсете отырып, келешекте әрбір тәуелсіз мемлекеттің 
өзінің саяси идеологиясы болатындығын назарға алады. Осы тұрғыдан келген-
де, «Түркизмнің алыс идеясы – бұл Тұран... Ал, Тұран – түркілер үшін өтіп 
кеткен, мүмкін келешектегі – жалғыз үлкен Отан саналады» (40, 37-39 беттер). 
Зия Гекалптің бұдан басқа бірқатар шығармалары, атап айтқанда, «Түркі- 
ленбек, Исламданбақ, Жанғыомақ» («Türklәşmәk, İslamlaşmaq, Müasirleşmәk»), 
«Жаңа өмір», «Алтын әлем» «Түркі торасы» («törә» - көнетүркілік сөз, мемле-
кеттік құрылымнан қоғамдық дәстүрлерге дейінгі аралықты қамтитын түсінік 
деген ұғым береді), «Дұрыс жол», «Түркі мәдениетінің тарихы», «Алтын дас- 
тан» және «Үш ағым» аталатын еңбектерінің барлығын да қай жағынан алып 
қарамаңыз, түркизм идеалдарымен тығыз байланысып жатқанын байқайсыз. 
Башқұрттың тарихшы-түркітанушысы Зәки Уәлиди Тоған (1890-1970) башқұрт 
революциясы мен тәуелсіздік қозғалысының көшбасшысына айналды. Түркі 
әлемі мен мәдениетінің тарихын ұзақ жылдарғы зерттеулері оның ұлттық-саяси 
көзқарасының қалыптасуына ерекше ықпал етті. Небәрі жиырма төрт жасын-
да Ферғана мен Бұхараға аттанған ол, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» (ХІ 
ғасыр) шығармасын зерттеп, әлемді түркінің осы жазба жәдігерімен таны-
стырды. Зәки Уәлиди Тоған Башқұртстан автономиясы жарияланған соң Ресей 
мұсылманының өкілі ретінде 1917 жылы Думаға сайланады; соңынан үкімет 
жасақталғанда қорғаныс министрі болып тағайындалады. Ұлттық тәуелсіздікке 
қол жеткізуді талап еткен ол Ленин, Сталин және Троцкийлермен бірнеше 
рет кездесулер өткізеді. Алайда, мұның барлығы да нәтижесіз болғандықтан, 
мұндай әрекеттерінен түк шықпасына көзі әбден жеткен ол Түркістан басма-
шыларына барып қосылады да, Түркістан Ұлттық Бірлігін құрушы және оның 
бірінші жетекшісі болады. Ресейде ұлттық тәуелсіздік қозғалыстарының кез-
келген әрекеті басып-жаншылып, өз өміріне де қатер төне бастаған соң, амал 
жоқ, Зәки Уәлиди Тоған шет елге бас сауғалай тұруға мәжбүр болады.
Сол кездері түркі ұлттық қозғалыстарының көшбасшылары Түркияда жина-
лып бас қосты және осы жерде жан-жақты байланыстарын дұрыс жолға қойды. 
Сөйтіп, мемлекеттік деңгейдегі ықыласқа бөлене алған олардың өз қызметтерін 
бір арнаға тоғыстыра отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет