Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 III тарау. Ортағасырлың философия



Pdf көрінісі
бет43/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   305
4 6
III тарау. Ортағасырлың философия
2. 
Кемеліне жеткен схоластика
(XIII ғ.). Аристотельдің еңбектері латын ті- 
лінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан 
бөлініп (эл-Фараби мен ибн Руштың «скіұдай ақиқат» теориясы негізінде), фило- 
софиялық-теологиялық ілімінің қалыптасьш, кең етек алған кезеңі болды. Негізгі 
өкілдері: ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.
3. 
Қүлдырау кезеңі
(XIV-XV ғ.). Шынайы ғылыми жэне философиялық тез 
қарқында дамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, 
тэжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге 
айналуына байланысты схоластика мүлде нэтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ре- 
тінде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.
Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы жэне қорғаушы - француз теолог-схо­
ласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі - «Бар жэне жоқ».
Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін - жалқьшар, бірақ олардың өзара 
ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. 
Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл- 
ойында бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. 
Олай болса, жалқыларды зерттеп алған білім де, жалпылардың шын өмір сүре- 
тіндігіне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеуі керек. Адамға ең керекті нэрсе 
- оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.
Абеляр осындай екіұшты пікірлері үшін номаналистер жағынан да, реалистер 
жағынан да сынга түсті.
Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған
шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан бастап католик шір- 
кеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған 
Фома А квинский 1225-1226 жылы туып, 1274 жылы қайтыс болды. Негізгі еңбе- 
гі - «Теологияның жиынтығы», т.б.
Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) 
мен тұрақсыз жэне қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы 
байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындагы қүдайлық (идея- 
льщ) жэне адамдық (материалдық) касиеттерін теориялық жолмен негіздеуге ты- 
рысады. Құдайдың арқасында қосьшған алгашқы бастамалар - форма мен мате­
рия жеке заттар әлемін тудырады.
Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосынды- 
сынан пайда болған. Жан «таза форма» ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. 
Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай 
жаратқан.
Рух пен материяның табигаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың 
(универсалилер) табигаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Арис- 
тотельдің жалпы ұғымдар жалқьшардың түр қалыптастыратын принципі ретінде 
жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың же- 
місі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына 
жеке-дара тіршілік етеді дей келіп, Ибн Сина сияқты универсалилердің үш түрлі 
өмір сүретіндігін көрсетеді. Олар: 1. Зат пайда болғанға дейін құдайдың ойында. 
2. Заттардың өзінде олардың мэні ретінде. 3. Заттардан кейін адамдардың ақыл- 
ойында сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет