Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау



Pdf көрінісі
бет21/93
Дата07.09.2023
өлшемі8,26 Mb.
#106544
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93
Байланысты:
v13008424 2.17-10-2018.kaz


Глава 10. Требования к уровню подготовки обучающихся 8 класса
100. Предметные результаты.
101. Обучающиеся будут знать:
1) о вариативности жестов и о существовании выразительных средств жестового 
языка;
2) о способах выражения временных, целевых, пространственных, 
причинно-следственных и целевых зависимостей в жестовом языке (в сопоставлении со
словесным языком);


3) жестовые обозначения предметов по тематике;
4) о адекватном эмоциональном реагировании.
102. Обучающиеся будут уметь:
1) выполнять жестовое описание предложенного предмета, предложенной ситуации
;
2) обозначать временные, целевые, пространственные, причинно-следственные и 
целевые зависимости в жестовом языке и сравнивать способы их передачи в жестовом 
и словесном языках;
3) осуществлять двусторонние связи жест - слово, слово - жест на пройденном 
материале;
4) применять примеры саморегуляции эмоциональной сферы.
Глава 11. Требования к уровню подготовки обучающихся 9 класса
103. Предметные результаты.
104. Обучающиеся будут знать:
1) жестовые синонимы, омонимы, антонимы;
2) о вариативности жестов и о существовании выразительных средств жестового 
языка;
3) структуру жеста.


105. Обучающиеся будут уметь:
1) свободно пользоваться жестовником для оформления коммуникативных 
намерений;
2) инициировать диалоги;
3) связно описывать события личной, семейной, общественной жизни;
4) пользоваться прямым и обратным переводом (с жестового и словесного языка).
Глава 12. Требования к уровню подготовки обучающихся 10 класса
106. Предметные результаты.
107. Обучающиеся будут знать:
1) историю неслышащих, особенности общения неслышащих;
2) калькулирующую жестовую речь и разговорную жестовую речь;
3) способы выражения в жестовой речи логических и других отношений.
108. Обучающиеся будут уметь:
1) пользоваться прямым и обратным переводом (диалоги, рассказы);
2) применять примеры саморегуляции эмоциональной сферы;


3) связно описывать события личной, семейной, общественной жизни.
109. Личностные результаты. Ожидается, что обучающиеся проявят:
1) мотивацию к труду, умение преодолевать трудности;
2) навыки сотрудничества со взрослыми и одноклассниками;
3) умение моделировать свое речевое общение в различных ситуациях;
4) умение соблюдать правила речевого поведения;
5) умение закреплять и совершенствовать калькирующую жестовую речь и 
разговорную жестовую речь.
110. Системно-личностные результаты. Ожидается, что обучающиеся овладеют:
1) умением выражать просьбу, желание;
2) умением задавать вопросы и отвечать на них;
3) умением участвовать в диалоге;
4) навыками калькирующей жестовой речи и разговорной жестовой речи.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 328-қосымша


Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта 
білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Сөйлеу-тұрмыстық тіл" пәнінен 
үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 328-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 
сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Оқу пәнінің мақсаты – естімейтін білім алушыларда сөйлеу тілінің ауызша 
формасын қарым-қатынасқа түсудің құралы ретінде қалыптастыру және естіп 
қабылдауының деңгейіне сай, сөйлесім әрекетінің түрлеріне сәйкес, түсінікті сөйлеуге, 
сауатты жазуға үйрету.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) қатынас құралы ретінде толық сөйлеу тілін қалыптастыру;
2) сөйлеу тілін белсендіру және сөйлеу мәдениетін арттыру;
3) сабақта алған сөйлеу дағдылары мен біліктерін бекіту және жетілдіру;


4) диалогтық және монологтық нысанда ауызша сөйлеу тілін дамыту.
4. "Сөйлеу-тұрмыстық тіл" пәні – білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Ол 
мынандай жұмыс түрлерін қамтиды:
1) сөйлеу тілі қарым-қатынас дағдыларын (өзі жайлы, достары, мектебі жайлы хат 
жазу, сюжетті суреттер бойынша шығарма жазу) бекіту;
2) әңгімені бастап, жалғастыра (әңгімені аяқтау, қорытындылау, диалогты түрде 
әңгімелесу, ауызша және жазбаша тілде күрделі сөйлемдерді қолдану арқылы) білу;
3) айтылғанды анықтап немесе қосымша сұрақ қою арқылы тақырыптарды ары 
қарай (мәтіннің негізгі ой-түйінін таба білу, мәтін құрылымын, басын, негізгі бөлімін, 
соңын, оқыған мәтін бойынша жоспар құрып, 80-100 сөзден тұратын мазмұндама жазу)
дамыту;
4) көріп-есту арқылы берілген мәтінді қабылдап мазмұнын айтып беру (55-60 
сөзден тұратын);
5) құттықтау қағазын, хабарландыру, қабырға газетіне мақала және қысқаша хат 
жазуды үйрету;
6) қысқаша күнделік хат жазу (отбасы, олардың мекен-жайы, туыстары жайлы);
7) мектеп ішіндегі сынып, шеберхана, жатақхана жайлы сипаттап, салыстырып жазу
;
8) демалыс күнін қалай өткізгені жайлы (мектеп өмірінен, серуендер) жоспар құрып
мазмұндама жазу;
9) сөйлеу-тұрмыстық тіл сабағы барысында, сабақтан тыс кездерде, еңбек 
сабақтарында қажетті сөздік материалдарды пайдалану арқылы білім алушының сөздік 


тілі қалыптасады. Олар бастауыш сыныптарында алған сөйлеу тілін қалыптастыруға 
арналған сөздік материалдарды әрі қарай дамытып, қалыптастырып, бекітеді. 
Орындалған жұмыстар жайлы қысқа және толық есеп бере алады;
10) байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру үшін мәтінді байланыстырып құра 
білуге үйретеді. Алдымен үлгі бойынша мәтін құрастыруды үйретіп, мазмұндама жазу, 
содан кейін өздері көрген, естіген, оқыған жайлары арқылы жаттығулар жасату (
шығарма жазу). Байланыстырып сөйлеуге жаттығулар ауызша және жазбаша түрде тіл 
дамыту сабағында ана тілі және қазақ тілі сабақтарында қолданылады;
11) 5-сыныптан бастап жазбаша сөйлеу тілінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлінеді
. Білім алушылар өз ойын, тілегін жеткізе білуге үйренеді. Қарым-қатынасқа түсуді 
қалыптастырудың негізгісі – қысқаша хат жазу, қабырға газетіне мақала жазу, хат 
жазысу;
12) диалогтық және монологтық сөйлеу тілін дамыту бір уақытта және бір-бірімен 
байланыста жүргізіледі. Оқу материалдарын қабылдау – білім алушының естіп-көру 
қабілетіне беріледі;
13) сөйлеу - тұрмыстық тіл жұмыстары – оқулықтағы тілдік материалдар негізінде 
білім алушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай, педагогикалық қағидаға 
тығыз байланысты жүргізілетін іс-тәжірибелік жұмыстар болып табылады. Білім 
алушының ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, сөздің 
мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдана білуге, сөйлеу, айту, жазу дағдыларын 
жетілдіру жұмыстарының бәрі де тіл дамыту мәселесіне байланысты;
14) сөйлеу-тұрмыстық тіл сабағында сөздік тілмен қатар байланыстырып сөйлеу 
және жазуды дамыту, сөйлеуге үйрету (сұраққа жауап беру, өз өтінішін білдіру, оқыған
мәтін бойынша тапсырыс орындау) мен есту қабілетін дамыту кіреді;
15) сөйлеу-тұрмыстық тілі сабағында мұғалім сөздік тілмен жұмыс жүргізеді: сөздің
айтылуын, мағынасын меңгертіп, оны көріп-есту, есту арқылы қабылдауға 
жаттықтырады, сөзді дұрыс, бір тыныста, бөлмей, бірқалыпты дауыс ырғағымен айтуға
үйретеді.


5. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат;
6) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
2-тарау. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны
6. Сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын бекіту (2 сағат):
1) әңгімені бастай білу; әңгімені жалғастыру;
2) әңгімені аяқтау; әңгімені қорытындылау.
7. Сұраққа жауап беру, сұрақ қою дағдыларын дамыту (2 сағат) (Мысалы: "Сұраққа 
жазбаша жауап бер", "Сен шығарма жаздың ба?"):
1) белгілі бір жағдайда, сұрақтар арқылы диалогта жүйелілікті қолдану және қозғау 
салатын сөйлемдерді ауызша және жазбаша орындау;


2) сұраққа жауап беру;
3) әңгімелесу;
4) сөз орамдарын қолдану.
8. Тапсырманы орында: сұра, түсіндір, хабарла (2 сағат):
1) сыныптастарыңа хабарлама (ауызша, жазбаша) жасау;
2) ауызша және жазбаша тілде күрделі сөйлемдерді (неге, не үшін, себебі, 
сондықтан, сол үшін) деген сөздер арқылы қолдана білуді үйрету.
9. Етістіктің болымды, болымсыз түрлерін сипаттайтын сөздері арқылы іс
әрекеттерді білдіретін сөйлем түрлерін қалыптастыру (4 сағат):
1) болымды етістік түрлерін сипаттайтын сөздермен сөйлем құрастыру: мысалы: 
Алма ағаштары ерте гүлдеді. Апта бойы жаңбыр жауды;
2) болымсыз етістік түрлерін сипаттайтын сөздермен сөйлем құрастыру: мысалы: 
Баланың айтқысы келмеді ме? Айнұр оған кітабын бермеді ме?
3) берілген сөздерді пайдаланып, күрделі сөйлемдер құрап, әңгімелесу;
4) ауызша және жазбаша түрде әңгімелесу: "Дәрігерде", "Кітапханада" 
тақырыптарға әңгімелесу түріндегі әңгімені ауызша айту және жазу.
10. Сөйлемдерге сұрақ қою, сұраққа жауап жазуды үйрету (2 сағат):


1) мәтінді оқып, сөйлемдерге сұрақ қою, мысалы: Вокзалға қалай баруға болады? 
Билетті қай жерден алады?
2) сұрақтарға жауап жазу, мысалы: Вокзалға Абай көшесімен баруға болады. 
Билетті билет сататын жерден алуға болады.
11. Мәтіннің негізгі ойын анықтап, мәтіннің құрылымын (басын, ортасын, соңын) 
ажыратып ауызша айту, жазбаша орындау (4 сағат):
1) мәтіннің негізгі ойын айту: мәтінде достық туралы айтылған. Достық дегенміз - 
…;
2) мәтіннің басын, ортасын, соңын ажыратып айт, жаз, соңын тауып оқу және жазу.
12. Ұжымды түрде құрылған жоспар бойынша мәтінді оқып, мазмұндама жаздырту 
(80-100 сөз) (2 сағат).
13. Естіп қабылдау үшін (50-60 сөз) мәтінді тыңдатып, қайталап айтқызу (2 сағат):
1) мәтінді тыңдау;
2) мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс жүргізу;
3) мәтін бойынша жоспар құру;
4) жоспар бойынша мазмұндама жазу.
14. Қысқаша хат жазуды қалыптастыру (2 сағат):


1) қысқаша хаттың мағынасын ұғындырып, іс-жүзінде әр түрлі тақырыптарға сай 
жұмыс түрлерін жүргізіп, қысқаша хат жазуға үйрету;
2) хатты жоспар бойынша жазуды үйрету; (іс-жүзінде жазып көрсету).
15. Қабырға газетіне мақала жазуды қалыптастыру (2 сағат):
1) мектеп қабырға газетіне мақала жазу жолдарын іс-жүзінде көрсетіп 
қалыптастыру;
2) мақала (шығарма): мақалаға жоспар; мақаланың аталуы;кіріспе; негізгі бөлімі; 
қорытынды және тұжырымы; қолын қою; айы, күні, жылы;
3) мақалада кездесетін жаңа сөздермен таныстыру.
16. Құттықтау хат, хабарландыру жазуды қалыптастыру (2 сағат):
1) отбасына, достарына туған күндерімен, мерекелерімен құттықтау хат, мәтінін 
жазуды іс-жүзінде жаздырып, айтқызып үйрету;
2) хабарландыру жазудың неге қажет екенін түсіндіріп, хабарландыруды әртүрлі 
тақырыптар бойынша жазуды үйрету.
17. Қысқаша хат жазу кітапшасы. Оның қажеттілігі. Кітапшаға қысқаша хат жазуды
қалыптастыру (2 сағат):
1) іс-жүзінде қойын кітапшасына қысқаша хат жазуды үйрету;
2) кітапшаға ата-анаң жайлы, олардың қызметі, туған күндерін жазып қой (жаңа 
сөздіктермен жұмыс, сөз мағынасын ұғындыру);


3) қойын кітапшасының қажеттілігін (есте сақтауға қажетті материалдар, 
мекен-жайлар, телефон) ұғындыру.
18. Сипаттап, салыстыруды қалыптастыру (2 сағат):
1) суреттер, заттар арқылы оларды сипаттауды, салыстыра білуді іс-жүзінде, сабақ 
барысында үйрету.
19. Суреттерге қарап, әңгімелеуді қалыптастыру (2 сағат):
1) табиғат аясында (серуенге шыққанда) немесе суреттерге қарап әңгіме құрып 
айтуды, жазуды іс-жүзінде сабақ барысында қалыптастыру.
20. Ауызша әңгімелеуді және оны жазбаша жазуды қалыптастыру (2 сағат):
1) іс-жүзінде, сабақ барысында жоспар құрып, ауызша айтқызып, жазбаша жазуды 
үйрету (әртүрлі тақырыптар бойынша);
2) шығарма жазуды қалыптастыру (білім алушы өмірінен тақырыптар бойынша);
3) білім алушы өміріне жақын тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша түрде 
шығарма жазуға үйрету немесе сюжетті суреттерді пайдаланып, жоспар құрып 
шығарма жазуға үйрету;
4) сюжетті суреттер бойынша шығарма жазу, жоспар құру.
21. Шамамен берілген тақырыптар: "Жазғы демалыс", "Жаздағы табиғат", "Оқу 
бөлмелері", "Демалыс күні", "Кезекші", "Мектеп үлескесіндегі жұмыс", "Табиғатқа, 
өндіріс орындарына серуенге шығу", "Білім күні", "Республика күні", "Мереке күндерін
өткізу", "Үйде, мектепте өзіне-өзі қызмет ету жұмыстары", "Қысқы табиғат", "Қысқы 
спорт түрлерімен айналысу", "Жолдастарымен достық қарым-қатынас", "Құрылыс 


орындарына серуенге бару", "Жаңа жылға дайындық", "Қысқы демалыс", "Қысқы 
ойындар", "Қыс қызықтары", "8 наурыз – аналар күні, наурыз мерекесіне дайындық", "
Асханада кезекші болу", "Көліктер түрі, оларды пайдалану".
3-тарау. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
22. Сұхбаттасуды, әңгімелесуді қалыптастыру (2 сағат):
1) айналасындағы адамдармен тығыз сөздік қарым-қатынасқа түсу дағдысын 
қалыптастыру (сұраққа 2-3 сөйлеммен жауап беру, әр сөйлем алдыңғы сөйлемнің 
мазмұнын ашып отыратындай болады);
2) іс-жүзінде білім алушыларды бір-біріне тақырыпқа сай сұрақ-жауап беру 
жолдарын үйрету; Әңгіме, мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеуге 
үйрету және мазмұндама жаздыру (жоспар құрап).
23. Қысқаша хат жазуды қалыптастыру (3 сағат):
1) іс жүзінде әртүрлі жағдайларға байланысты қысқаша хат жазу жолдарын үйрету; 
Жаттығу, тапсырмаларды орындату арқылы қысқаша хаттың маңызын, қажеттілігін 
үйрету;
2) күнделік, күнделік жазу жолдарын іс-жүзінде көрсетіп, қандай кездерде, 
жағдайларда жазылатынын айтып, түсіндіру; Күнделік жазудың адам өмірінде 
қажеттілігін ұғындыру.
24. Жазба (естелік) кітапшасын пайдалануды қалыптастыру (2 сағат):
1) жазба (естелік қойын) кітапшасының қажеттілігін іс-жүзінде көрсетіп, ұғындыру;


2) тапсырмаларды орындату арқылы қойын кітапшаға (достарының, мұғалімнің 
мекен-жайын, үйінің телефонын) жаздырып, мәдени түрде пайдалану жолдарын үйрету
.
25. Іс-қағаздарымен жұмыс жүргізу жолдарын қалыптастыру (2 сағат):
1) хабарландыру жазуды қалыптастыру;
2) іс жүзінде іс-қағаздары түрлерімен таныстырып, іс қағаздарының аса қажеттілігін
ұғындыру;
3) іс-қағаздарды дұрыс қатесіз толтыру жолдарын үйрету.
26. Қолхат жазуды қалыптастыру (3 сағат):
1) қолхат жазудың қажеттілігін түсіндіріп, іс-жүзінде әртүрлі жағдайларға 
байланысты жаздырып үйрету;
2) арыз беру, өтініш білдіру жолдарын қалыптастыру;
3) адам өміріндегі қажеттіліктерге байланысты арыз беру, өтінішін білдіру 
жолдарын іс-жүзінде жаздырып, ұғындыру.
27. Хабарлама қағазбен жұмыс істеу жолдарын қалыптастыру (2 сағат):
1) іс-жүзінде почтаға серуенге барып, хабарлама-қағаздың нелерге қажет 
болатынын көрсетіп, ұғындыру;
2) хабарлама қағаз түрлерімен таныстырып, оны дұрыс толтыру жолдарын үйрету.


28. Орындалған жұмыстарға есеп беруді қалыптастыру (2 сағат):
1) іс-жүзінде орындалған жұмыс жайында есеп беру жолдарын үйрету.
29. Қабырға газетіне мақала жазуды қалыптастыру (3 сағат):
1) қабырға газетіне мақала жазу, оны талдау жұмыстарын жазылу тақырыптары мен
жолдарын іс-жүзінде таныстырып, оқытып, талдап, өз бетінше қабырға газетіне мақала 
жазу жолдарын көрсетіп, жаздырып, үйрету.
30. Сипаттау, сипаттап жазу жолдарын қалыптастыру (2 сағат):
1) сипаттаудың не екенін ұғындырып іс-жүзінде суреттер бойынша сұрақ қою 
арқылы суреттегі заттарды, қимыл-қозғалыстарды сипаттауды және табиғат 
көріністерін, жыл мезгілдерін сипаттап жазуды үйрету.
31. Әңгіме айту, әңгімелесу жолдарын қалыптастыру (2 сағат):
1) әңгімені оқып, қайталап айту, сұраққа жауап беріп әңгіме құрастыру, әңгімені 
толықтыру, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру жолдарын үйрету;
2) құрмалас сөйлемді пайдалану.
32. Өз ой-пікірін білдіру жолдарын қалыптастыру (3 сағат):
1) оқыған, тыңдалған әңгімелер, өлеңдер жайында өз ой-пікірін, көзқарасын 
қалыптастырып, өз бетінше айтып беруге үйрету;
2) оқылған мәтін бойынша мазмұндама жазу (ұжыммен және өз бетінше құрылған 
жоспар бойынша мазмұндама жазу – 120-140 сөз көлемінде).


33. Оқылған мәтін ішінде сипаттау, суреттеу элементтерін кездестіріп, тыңдатып өз 
бетінше немесе ұжыммен жоспар құруға, сол жоспар бойынша мазмұндама жазуға 
үйрету (2 сағат).
34. Көріп-есту арқылы тыңдап, мазмұндаманы әңгімелеп айтуды қалыптастыру (70-
80 сөз көлемінде) (2 сағат):
1) көріп-есту арқылы бірнеше сөйлемді қайталап, айтқызу, жазғызып, жаттықтырып
мазмұндама жазуға дайындау;
2) көріп-есту арқылы тыңдап, қайталап айтып беру.
35. Оқылған шығармалар бойынша шығарма кейіпкерлеріне мінездеме құруды 
қалыптастыру (2 сағат):
1) оқылған шығармалар бойынша шығарма кейіпкерлерін анықтап, әр кейіпкерге 
мінездеме беруді үйретіп, мінездеме жазуды қалыптастырып, шығарма жазуға үйрету. 
Жоспар құру жолдарын, шығарма жазу ретін, әдістерін үйрету.
36. Сюжетті суреттермен жұмыс (2 сағат):
1) сюжетті суреттер, жеке суреттер өз іс-тәжірибесінен бақылау арқылы мұғалім 
берген дайын жоспар бойынша және ұжымдық жоспар бойынша оқыған 
шығармаларына жазбаша шығарма жазуды қалыптастыру;
2) сюжетті суреттер, жеке суреттер, оқыған шығармалары бойынша, мұғалім берген
немесе ұжыммен құрастырған жоспар бойынша шығарма жазу жолдарын үйрету.
37. Шамамен берілген болжамды тақырыптар: "Жазғы каникул", "Қазақстан 
конституциясы", "Мектептегі кезекшілік", "Республика күніне дайындық", "Мектеп 
шеберханасында", "Жаз және күз", "Мереке күндері мен жай күндер", "Қыс келді", "
Қыс қызықтары", "Білім алушылардың сабақ үлгерімін талдау", "Бастауыш сынып 


білім алушыларымен жұмыс жүргізу", "Қоғамдық тапсырмаларды орындау", "Қысқы 
каникул", "Қысқы спорт түрлері", "Оқыған кітаптар жайлы ой-пікір бөлісу", "8-наурыз 
мерекесі", "Наурыз – жыл басы", "Мерекеге даярлық", "Қоғамдық жұмыстарды", "Оқу 
құралдарының күтімі", "Көктемгі ауа-райы", "Ғарышкерлер күні", "Мектеп 
үлескісіндегі жұмыс", "Жеңіс күні", "1-мамыр – Қазақстан халықтар достығы күні", "
Жазғы демалыс".
4-тарау. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
38. Сұхбаттасу. Әңгімелесу (9 сағат):
1) сұхбаттасу кезінде оқыған шығармалар, көрген фильмдер мазмұны бойынша 
қойылатын сұрақтарды сөздік тілде қолдануды үйрету;
2) сөйлеу тілінде күрделі сөйлемдерді қолдануды үйрету, мысалы: Менің ойымша, 
ең алдымен үйге берілген тапсырманы орындап, содан кейін ойын ойнауға шығуға 
болады;
3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілінде оқшау сөздерді (қаратпа, қыстырма, 
одағай) пайдаланып әртүрлі тақырыптар бойынша әңгімелесе білуге үйрету;
4) байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру (ауызша және жазбаша).
39. Іс-қағаздармен жұмыс істеуді қалыптастыру (8 сағат):
1) хат жазу, қабырға газетіне мақала жазу дағдыларын қалыптастыру.
40. Қабырға газетіне өз мектебі, өз басынан каникул кезінде өткен қызықты 
жағдайларды жазуды мұғалім көмегімен қалыптастыру (8 сағат):


1) іс-қағаздар: өз өмірбаянын, жұмысқа оқуға орналасу жайында өтінішін, арызын, 
құттықтау хат жазу жолдарын қалыптастыру.
41. Мазмұндама жазуды қалыптастыру (9 сағат):
1) мазмұндама жазу барысында: салыстыру, сөзді ауыспалы мағынада қолдану;
2) метафора, фразеологиялық айналымдарды пайдалану, сөз тіркестері арасындағы 
байланыстарды пайдалану жолдарын қалыптастыру (150 сөзге дейін);
3) көріп-есту арқылы мазмұндама жазуды қалыптастыру (100 сөзге дейін);
4) оқылған кітаптары, әңгімелері, шығармалары жайында өз ой-пікірін жазуды 
қалыптастыру;
5) оқыған шығармалары бойынша, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз 
ойын түйіндеп, айта білу;
6) кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата біліп, жақсы жағынан 
үлгі ала білу;
7) сурет бойынша шығарма жазу;
8) еркін тақырып және әдеби шығарма тақырыптарына шығарма жазуды 
қалыптастыру.
42. Шамамен берілген болжамды тақырыптар: "Жазда оқыған кітаптары, оның 
мазмұны", "Жағымды кейіпкердің мінездемесі", "Мамандық таңдау", "Жазғы, қысқы, 
күзгі табиғат", "Табиғатты қорғау", "Білім алушылардың таңдауы бойынша алынатын 
тақырыптар", "Республика күні", "Қоғамдық пайдалы жұмысты орындау", "Көрген 
фильмдер", "Ұқыптылық деген не?", "Қызықты оқиғалар", "Менің ата-анам", "Білім 
алушылар ұйымының жұмысы", "Спортпен шұғылдану", "Көктемгі каникул", "Менің 


сүйікті кітабым", "8-наурыз – аналар мерекесі", "Наурыз мейрамы", "Көктемгі демалыс
", "Көктем мен жаз"; "Білім алушылардың таңдауы бойынша алынатын тапсырмалар", "
Аталар жолымен", "Бейбітшілік үшін күрес", "Жеңіс күні".
5-тарау. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
43. Заттарды сипаттау (15 сағат):
1) заттарды, олардың негізгі сипатын ауызша және жазбаша түрде сипаттамасын 
құру, қысқаша жоспар құруда оларды пайдалана білу, құрылған жоспарды заттарды 
салыстыру мен сипаттауда пайдалану;
2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілінде әртүрлі тақырыптар бойынша
әңгімелесуге енгізу.
44. Шығарма (19 сағат):
1) салыстыру, суреттеу, талқылау элементтерін пайдалана отырып тақырып 
бойынша шығарма жазу;
2) дайын жоспар бойынша (қысқаша, күрделі жоспар бойынша) шығарма жазу;
3) суреттерге сүйеніп және ойша ұжыммен қысқаша жоспар құру;
4) өз тәжірибесін, оқылған әңгіменің үзіндісін қолдана отырып салыстыру, 
талқылау элементтерін пайдаланып мұғалім көмегімен шығарма жазу.
45. Шамамен берілген болжамды тақырыптар: "Үй шаруашылығы", "Көліктердің 
адамдарға қажеттілігі; "Сауда мәдениеті", "Аяқ киімдер дүкені", "Жиһаздар дүкені", "
Адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынас", "Почта қызметі", "Жанұя шығынын 


есепте", "Денсаулық – зор байлық", "Кәсіби білімді игеру", "Қандай мемлекеттік 
мекемелерді білесің?", "Тазалықты сақтау ережелері", "Киімдер күтімі", "Азық түлік, 
олардың адам ағзасына тигізетін пайдасы".
6-тарау. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
46. Оқиғаларды сипаттау (17 сағат):
1) күнделік жүргізу: күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілінде әртүрлі тақырыптар 
бойынша әңгімелесуге енгізу;
2) қызықты оқиғалар, мектептегі жаңалықтар жайлы күнделікке жазу, тақырып 
таңдау (ұжыммен, жекелей), жоспардағы негізгі кезеңдерді ерекшелей білу және оны 
әңгімелеуде бейнелеу;
3) экскурсия жайлы әңгіме құрау;
4) сыныптасының іс-әрекеттері жайлы сұрау: досыңа сұрақ қою арқылы оның 
іс-әрекетінің мән-жайын ұғыну, оның іс-әрекетін суретте бейнелеу және басқа 
адамдарға сипаттап айтып беру.
47. Заттарды сипаттау (17 сағат):
1) заттарды, олардың негізгі сипатын ауызша және жазбаша түрде сипаттамасын 
құру;
2) қысқаша жоспар құруда оларды пайдалана білу, құрылған жоспарды заттарды 
салыстыру мен сипаттауда пайдалану;
3) сырт-келбетті сипаттау: адамның сырт-келбеті мен мінезін сипаттау;


4) өз бақылағандарына сүйене отырып, ауызша және жазбаша түрде сипаттамасын 
құрау;
5) сипаттаудың ұжымдық және өз бетінше қысқаша жоспарын құру.
48. Шамамен берілген болжамды тақырыптар: "Банкет, фуршет", "Тұрғын үй", "
Нотариус қызметі", "Халыққа қызмет көрсету орындары", "Транзит", "Билетті броньдау
", "Сауда", "Отбасы", "Отбасындағы қарым-қатынас", "Отбасы экономикасы", "
Байланыс құралы", "Дәрігерлік көмек", "Жұмысқа орналасу өнеркәсіп және ауыл 
шаруашылық орындары".
7-тарау. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны
49. Табиғатты сипаттау: өз бақылағандарына, экскурсия кезіндегі суреттерге, 
анықтамалық құрал ретінде кітаптарға сүйене отырып ауызша және жазбаша түрде 
табиғаттың сипаттамасын құру (5 сағат).
50. Хат жазу. Ұжыммен хаттың толықтай жоспарын құру, өз бетінше хат жазуда (
досына немесе басқа адамға) құрған жоспарды пайдалана алу (6 сағат).
51. Суретпен жұмыс: сериялы суреттер желісімен, бір суретке қарап әңгіме құрау: 
әңгіменің қысқаша жоспарын құрау (6 сағат):
1) жабық сурет: сұрақтар көмегімен жабық суреттің мазмұнын білу, мұғалім 
көмегімен суретті жалғастыру және әңгіме жазу; жауаптарды қысқаша жазу және 
мұғалім көмегімен әңгіме жазу.
52. Мазмұндама: әңгімеге жоспар құру және жоспар бойынша мазмұндама жазу (
оқылған әңгіме бойынша) (5 сағат).
53. Шығарма: салыстыру, талқылау элементтерін пайдалана отырып, тақырып 
бойынша шығарма жазу; дайын жоспар бойынша (қысқаша, күрделі жоспар бойынша) 
шығарма жазу; суреттерге сүйеніп және ойша ұжыммен қысқаша жоспар құру; өз 


тәжірибесін, оқылған әңгіменің үзіндісін қолдана отырып, салыстыру, талқылау 
элементтерін пайдаланып мұғалім көмегімен шығарма жазу (6 сағат).
54. Газетке мақала жазу: дайын мақалаларды олардың тақырыбын ерекшелей 
отырып талқылау; мақалаға тақырып таңдау, ұжыммен қысқаша және күрделі жоспар 
құру, соңынан сол жоспар бойынша мақала жазу (6 сағат).
8-тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
55. Пәндік нәтижелер.
56. Білім алушылар:
1) бақылауда болатын сөз бірлігін (мәтін сөйлем, сөз тіркестері, сөз);
2) жан-жақты хабарлау түрлерін (сұрақ, тапсырма, хабарлама, көрген нәрсеге 
сүйсіну, айтылған нәрсені теріске шығару);
3) әңгімелесуді, мәнерлеп өлең оқуды, сұраққа толық жауап беруді;
4) өз бетінше сұраққа жауап беруді, айналасындағылармен сөйлесуді (өтініш 
білдіруді, білгені туралы айта білуді, сұрақтарды түсініп, жауап беруді);
5) өз бетінше берілген тапсырмаға сай, сөйлем құрастыруды, әңгіме құрастыруды 
серуенге барғаны туралы, көргені, білгені туралы әңгімелеп айтып беруді;
6) мазмұндама жазуды (80-100 сөз көлемінде), хат жазу газеттерге шағын мақала 
жазуды білетін болады.


57. Білім алушылар:
1) мәтінді оқып, негізгі мазмұнын айтып беруді; әңгіме кейіпкерлерін, авторларын 
айта білуді; оқыған мәтіннің негізгі тақырыбын ажырата білу;
2) мәтінді рөльдерге бөліп оқуды, мәтіннен жаңа сөздерді қолдана білуді, 
кейіпкерлердің сырт-пішінін сипаттауды, олардың жағымды, жағымсыз жақтарын 
ажыратып, жағымды жақтарын өз өмірінде пайдалана біліп, өз бетінше орындау 
дағдыларын меңгеретін болады.
9-тарау. 6-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
58. Пәндік нәтижелер.
59. Білім алушылар:
1) сұрақтарға 2-3 сөйлем арқылы жауап беруді; сұрақты түсініп, оған жауап беруді, 
білгені, көргені туралы айтуды;
2) қабырға газетіне мақала жазуды; қолхат, қысқа хат, құттықтау хаттарын жазуды;
3) іс-қағаздарын (өмірбаян, өтініш, арыз, хабарландыру, хабарлама қағаз) дұрыс 
толтыра алуды; қолхат, қысқа хат, құттықтау хат, күнделік газеттерге өз бетінше 
мақала жазуды;
4) диалогқа кіріп, сөйлем құрап әңгімелесуді;
5) айналасындағы адамдармен сөйлесу арқылы сөйлеу тілін қалыптастыруды 
білетін болады.


60. 6-сыныптың соңында білім алушылар:
1) сюжетті суреттер, оқыған шығармалары бойынша шығарма жазу;
2) күнделік жазуды; сұрақтарға өз бетінше жауап бере алуды, өз бетінше көргені (
серуен кезінде) білгені (шығармаларды оқығанда) айта білу, сюжетті суреттер, оқыған 
шығармалары бойынша өз бетінше кей жағдайларда мұғалім көмегімен құрастырған 
жоспар бойынша мазмұндама жазу дағдыларын меңгеретін болады.
10-тарау. 7-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
61. Пәндік нәтижелер.
62. Білім алушылар:
1) суреттер бойынша мәтін кұрастыру, оқыған шығармалар бойынша шығарма жаза 
білу, көріп-есту арқылы мәтінді тыңдап, мазмұндама жазуды;
2) іс-қағаздарымен жұмыс істеуді;
3) өз өмірбаянын, жұмысқа оқуға орналасу жайында өтінішін, арызын, құттықтау 
хат жазу жолдарын;
4) оқыған шығармалары, әңгімелері жайлы өз пікірін айтуды және жазуды;
5) почтадан сәлемдемені алу, жөнелту жолдарын білетін болады.
63. Білім алушылар
:


1) берілген суреттермен, еркін тақырыпқа немесе әдеби шығармалар бойынша 
шығарма жазу;
2) суреттер бойынша шығарма жазу;
3) еркін тақырып және әдеби шығарма тақырыптарына шығарма жазу;
4) оқыған мәтіндер бойынша сұраққа күрделі сөйлемдерді қолданып, жауап бере 
алу;оқшау, қаратпа, қыстырма, одағай сөздер жайында түсініктерді әңгімелесу кезінде 
қолдану дағдыларын меңгеретін болады.
11-тарау. 8-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
64. Пәндік нәтижелер.
65. Білім алушылар:
1) бет терісі күтімінің ережесін сақтау; бетті жуу, маска жасау, крем жағу: бет 
күтімінде қолданылатын косметикалық құралдар түрлерін және оларды пайдалану 
ережесін;
2) кір жуатын жердегі көрсетілген қызмет түрлерін білу. Кір жуатын жерге 
бұйымдарды өткізуді;
3) қазақ халқының ұлттық киім түрлерін атай біледі. Олардың күтімін (тазалау, жуу
);
4) қыз бала мен ер бала арасындағы өзара қарым-қатынаста адамгершілікті, 
сыйласымдылықты, инабаттылықты сақтау туралы айтуды;


5) қыз (ер) баланың сыртқы пішінін сипаттау: сүйкімділік сыры жайлы айта білетін 
болады.
66. 8-сыныптың соңында білім алушылар:
1) ас мәзірін әртүрлі етіп, денсаулыққа пайдалы әсерін біліп, сипаттау;
2) жолдастық және достық ара-қатынасқа байланысты жоспар құру дағдыларын 
меңгеретін болады.
12-тарау. 9-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар
67. Пәндік нәтижелер:
1) таңертеңгілік және кешкілік жеке бас гигиенасының ережесін сақтауды;
2) шылым шегудің өзіне және жанындағы адамдарға тигізетін зиянын;
3) сән үлгісінің шығу тарихы туралы жалпы мағлұматтарды білетін болады.
68. Білім алушылар:
1) қазақ халқының тағамдарын біліп, дастархан мәзірін сипаттау;
2) әртүрлі халықтардың салт-дәстүрінен хабардар болу, үйлену тойының 
салт-дәстүрін сипаттап айта алу дағдыларын меңгеретін болады.
13-тарау. 10-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар


69. Пәндік нәтижелер.
70. Білім алушылар:
1) билет сатып алу тәртібін, әуежай қызметкерлерімен әңгімелесуді;
2) жаңа және ұсталған заттардың баға мөлшерін анықтай;
3) отбасында қолданылатын салық түрлерін;
4) нотариалдық қызмет түрлерін білу және нотариалдық қызметтер үшін салынатын
мемлекеттік баж салығын білетін болады.
71. 10-сыныптың соңында білім алушылар:
1) жұмысқа орналасу жолдарын білу, жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттарды, 
оларды хаттау;
2) іс-қағаздар түрлерін (өтініш, сауалнама, жеке іс қағазы, қолхат, баяндау хат), 
оларды құрастыру (жазу) ережелерін орындау;
3) сәлемдемені жіберу тәртібін, ережелерін, жіберілетін қағазды қалай толтыруын, 
жіберу-алу дағдыларын меңгеретін болады.
72. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) Қазақстан Республикасы 
, заңдарын құрметтеу;
Конституциясын


2) азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен 
оған қызмет ете білу;
3) өз ана тілін, мәдениетін салт-дәстүрін және де басқа ұлт өкілдерінің салт дәстүрін
құрметтеу дағдыларын танытады.
73. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:
1) естімейтін білім алушыларды оқуға деген жағымды қатынасқа тәрбиелеуінен;
2) естімейтін білім алушылардың оқу процесінде алған түрлі ақпараттарды дұрыс 
қабылдауын және дұрыс түсінуін, сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру арқылы іске 
асырып, тәрбиелеуінен;
3) білім алушының сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру барысында 
шығармашылық іс-әрекеттерге қызығушылығын арттыруынан көрініс табады.
Қазақстан 
Республикасы
Білім 
және 
ғылым 
министрінің
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 329-қосымша
Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған негізгі орта 
білім беру деңгейінің 5-10 сыныптары үшін "Сөйлеу-тұрмыстық тіл" пәнінен 
үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Ескерту. Бұйрық 329-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым 
министрінің 27.07.2017 
(1, 2, 6, 8, 9, 10, (11, 12)-сыныптарының ерекше білім 
№ 352
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 05.09.2017, 3-сыныптың ерекше білім 
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары және 10-сыныптың білім алушылары үшін 
01.09.2018, 4-сыныптың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары, 


сонымен қатар 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019 бастап қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет