Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 10-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны



Pdf көрінісі
бет120/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132

2. Оқу пәнінің 10-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны

      17. «Кіріспе (1 сағат)»:

      1) биология ғылымы, ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны, әлемнің ғылыми бейнесін түсініп

білуде биологияның маңызы, биологияның басқа ғылымдармен (химия, физика, математика, география,

астраномия және басқалары) байланысты, жаратылыстану ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы биология»

курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері;

      2) көрсетілім: биолог-ғалымдардың суреттері, "Биологияның басқа ғалымдармен байланысы" —

сызбанұсқа.

      18. «Цитология. Цитологияның міндеттері (1 сағат)»:

      1) заманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері. Цитологиялық зерттеулердің

басқа биологиялық ғылымдар мен медицина және ауыл шаруашылығы үшін маңызы.

      19. «Жасушалық теория (19 сағат)»:

      1) «Жасушаның химиялық құрамы» (9 сағат):

      жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, оның

биология ғылымының дамуындағы маңызы;

      жасуша тірі тіршілік иесі дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі;

      жасушаның химиялық құрамы;

      су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық

заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және

жасушадағы рөлі;

      ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі;

      2) «Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі» (2 сағат):

      прокариоттық жасушаның құрылысы, бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің

ерекшеліктері. Бактериялар тіршілігінің алуантүрлілігі;

      3) «Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық құрылыс ерелкшеліктері» (8 сағат):

      жасушаның негізгі құрам бөліктері, түрлі жасушалық құрылымдар мембранасының құрылысы мен

функциялық ерекшеліктері;

      цитоплазма және оның органоидтері, олардың құрылысы және қызметі: цитоплазма,

(эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, жасуша

орталығы, рибосома), итоқаңқа;

      қозғалу органоидтері, жасушалық қосындылар;

      ядро, оның құрылысы мен қызметі, хромосомалардың химиялық құрамы мен құрылысы,

саңырауқұлақтар, жануарлар мен өсімдік жасушаларының құрылысындағы ерекшеліктер.

      20. «Тіршіліктің жасушалық емес формалары (2 сағат)»:

      1) вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы,

оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері, вирустық аурулардың алдын алу.

      21. «Жасушадағы зат және энергия алмасу (метаболизм) (9 сағат)»:

      1) жасушадағы зат және энергия алмасу, зат алмасу реакцияларының катализдік сипаты,

пластикалық және энергиялық алмасулар, энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері, жасушалық тыныс

алу процесінің ерекшеліктері, органикалық заттарды түзу және қабылдау әдістері: автотрофтар және

гетеротрофтар;


      2) фотосинтез, оның сатылары, биосферадағы ғарыштық рөлі;

      3) хемосинтез, оның биосферадағы рөлі;

      4) нәруыз биосинтезі, генетикалық ақпараттың негізі — ген туралы түсінік, генетикалық код,

нәруыз синтезіндегі матрицалық принцип. ДНҚ-лық матрицаға сәйкес а-РНҚ-ның түзілуі, биосинтездің

реттелуі;

      5) гомеостаз туралы түсінік, жасушадағы зат және энергия алмасу процестерінің реттелуі;

      6) көрсетілім:

      өсімдік және жануар жасушаларының микропрепараттары; фотосинтез процесін бейнелейтін

тәжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ мен РНҚ-ның және түрлі молекулалар мен вирустық бөлшектердің

моделдері; жасушадағы метаболизм жолдарының сызбанұсқалары, "Нәруыз биосинтезінің" аппликациялық

— моделі;

      7) зертханалық жұмыстар № 1 «Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық

(бактериялар) жасушалардың құрылысы»;

      № 2 «Пияз эпидермисінің жасушаларындағы плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын бақылау»,

№ 3 «Өсімдік жасушаларындағы цитоплазманың қозғалысын бақылау».

      22. «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы (онтогенез) (10 сағат)»:

      1) «Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі (2 сағат)»:

      өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет;

      митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және

биологиялық маңызы;

      организмдердің жыныссыз көбею формалары:

      қарапайымдар жасушаларының митоздық бөлінуі, споратүзуі;

      біржасушалы және көпжасушалы организмдердегі бүршіктену;

      вегетативтік көбею;

      жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.

      2) «Жынысты көбею (3 сағат)»:

      жынысты көбею;

      мейоз, оның биологиялық маңызы;

      сперматогенез, овогенез, ұрықтану, гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері,

ұрықтанудың биологиялық маңызы;

      3) «Жеке даму (онтогенез) (3 сағат)»:

      организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі;

      бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, қартаю, организмнің өлуі;

      Э. Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы. Өсімдіктердің онтогенезі. Жануарлардың

онтогенезі. Дамып келе жатқан ұрықтағы дене бөліктерінің өзара әсері;

      4) «Организмнің дамуы және қоршаған орта (2 сағат)»:

      организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі,

улы заттардың (токсиндік): темекі түтіні, алкоголь, есірткі, түрлі-түсті, ауыр металлдар және

радиоактивті заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму барысына әсері (туа біткен

кемтарлықтар);

      организмнің өсуі және дамуы, орта жағдайларының өзгерістеріне организмнің бейімделу

деңгейлері, организмнің қартаюы және өлуі, жыныссыз көбеюдегі онтогенез өзгешелігі;

      көрсетілім: жыныссыз, жынысты көбеюді, жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриондық және

постэмбриондық дамуын бейнелейтін кестелер, сызбанұсқалар; омыртқалы жануарлар ұрықтарының

ұқсастығы, митоз және мейоздың сызбанұсқалары.

      23. «Генетика негіздері (12 сағат)»:

      1) «Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (7 сағат)»:

      генетиканық даму тарихы;

      белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары;

      тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық әдісі; моногибридтік будандастыру; басымдылық көрсету

заңдылығы; ажырау заңдылығы; толық және толық емес доминанттылық; гаметалар тазалығының заңы,

оның цитологиялық негіздемесі, көптік аллельдер, талдаушы шағылыстыру, дигибридтік және

полигибридтік шағылыстыру, тәуелсіз үйлесімділік заңы, фенотип және генотип, тұқым қуалаудың

генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері, жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс



хромосомаларының генетикалық құрылымы, гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес

тұқым қуалайтын белгілер, тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы, гендердің тіркесу топтары,

белгілердің тіркес тұқым қуалауы, Т.Морган заңы, гендердің толық және толық емес тіркесулері,

хромосомалардың генетикалық картасы, генотип — біртұтас жүйе, хромосомалық (ядролық) және

цитоплазмалық тұқымқуалаушылық, белгілердің анықталуында аллельді гендердің өзара әрекеттесулері

(доминанттылық, толық емес доминанттылық, кодоминанттылық және аса жоғары доминанттылық) және

аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулері (комплементарлық, эпистаз және полимерия);

      сарамандық жұмыс, генетикалық есептер шығару.

      24. «Өзгергіштің негізгі заңдылықтары (5 сағат)»:

      1) өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар.

      2) гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар, сомалық және генеративтік мутациялар,

жартылай летальды және летальді мутациялар.

      3) мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар, мутациялардың эволюциялық

рөлі;


      4) үйлесімдік өзгергіштік, гендердің түрлі үйлесімдерінің пайда болуы және олардың

генетикалық алуантүрлілікті (түрдің шегінде) қалыптастырудағы рөлі, үйлесімдік өзгергіштіктің

эволюциялық маңызы, тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңы;

      5) фенотиптік немесе модификациялық өзгергіштік, белгілер мен қасиеттердің дамуы және

олардың жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі, модификациялық өзгергіштіктің

статистикалық заңдылықтары, доминанттылықты басқару;

      6) көрсетілім:

      тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін модель —

аппликациялар;

      қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне әсерін көрсететін тәжірибе нәтижелері;

      кеппешөп материалдары, будандық, полиплоидтық өсімдіктердің жинақтамалары, нақпішіндері.

      7) зертханалық жұмыстар:

      № 1 «Өсімдіктер мен жануарлардағы өзгергіштікті зерттеу, вариациялық қатар және қисық

құрастыру»;

      № 2 «Өсімдік фенотиптерін зерттеу».

      25. «Адам генетикасы (5 сағат»):

      1) адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері, адамның генетикалық әртүрлілігі, адамның

және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер, адам белгілерінің тұқым қуалау

сипаты, денсаулықтың генетикалық негіздері, адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері,

генетикалық аурулар, генотип және адамның денсаулығы, популяция генофонды;

      2) биологиялық және әлеуметтік тұқым қуалаудың арақатынасы, генетиканың әлеуметтік

проблемалары, гендік инженерияның этикалық проблемалары;

      3) генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес беру, оның практикалық маңызы,

міндеттері және болашағы;

      4) көрсетілім:

      адамның хромосомалық аурулары және олардың фенотиптік көрініс беруі;

      зертханалық жұмыс № 6. Шежіре құру.

      26. Селекция және биотехнология негіздері (9 сағат):

      1) селекцияның міндеттері және әдістері, генетика — организмдер селекциясының ғылыми

негізі, селекция үшін бастапқы материал. Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары

туралы ілімі, қолтұқым, іріктеме, штамм, өсімдіктер және жануарлар селекциясы, селекциядағы

қолдан сұрыптау, будандастыру — селекциялық әдіс ретінде, шағылыстыру типтері, өсімдіктер

селекциясындағы полиплоидия, заманауи селекцияның жетістіктері;

      2) микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологиялық нысандар;

      3) микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызы;

      4) тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру;

      5) биотехнологияның проблемалары және болашағы;

      6) гендік инженерия, оның жетістіктері және болашағы;

      7) көрсетілім:

      тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді нақпішіндерді, кестелер, суреттер мен сызбанұсқаларды,



селекциялық жұмыстардың нәтижелерін бейнелейтін басқа да материалдарды пайдалану;

      белгілі ғалым селекционерлердің фотосуреттерін, өсімдіктердің жаңа іріктемелерін;

      жануарлардың жаңа қолтұқымдарын алудың әдістерін бейнелейтін сызбанұсқаларды, кестелерді;

      микробиологиялық өндірістің сызбанұсқаларын, микробиологиялық синтез өнімдерін көрнекілеу.



3. Оқу пәнінің 11-сынып оқу пәнінің базалық мазмұны

      27. «Кіріспе (1 сағат»).

      28. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы (8 сағат)»:

      1) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар (2 сағат):

      тіршіліктің пайда болу процесін және мәнін түсіндіретін алғашқы ғылыми талпыныстар,

Ф.Редидің тәжірибелері, В.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері, тіршіліктің мәңгілік

теориясы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар, көрсетілім:

Л.Пастер тәжірибелерінің сызбанұсқасы;

      2) «Жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары (2 сағат)»:

      жер бетінде тіршілік пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар,

Жер дамуының ерте кезеңдеріндегі алғашқы атмосфера және химиялық элементтердің, бейорганикалық

және органикалық молекулалардың эволюциясы, көрсетілім: ғаламшарлық жүйелердің қалыптасу

кезеңдерінің сызбанұсқасы.

      3) «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар (4 сағат)»:

      тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар, А.И.Опариннің теориясы, С. Миллердің

тәжірибелері; протобиополимерлердің пайда болу теориясы, протобионттардың эволюциясы: ішкі

ортаның қалыптасуы, органикалық табиғи катализаторлардың жарыққа шығуы, генетикалық кодтың пайда

болуы; биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты

көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда болуы, көрсетілім: біржасушалы эукариоттардың, көпжасушалы

организмдердің пайда болуының және өсімдіктер мен жануарлар дүниесі дамуының сызбанұсқасы.

      29. «Эволюциялық ілім (23 сағат)»:

      1) «Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы (3 сағат)»:

      биология дамуының Дарвинге дейінгі кезеңі. Ғылымда «Әуелбастан мақсатқа сәйкестілік» және

тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі, өсімдіктер мен жануарларды

жіктеп жүйелеу бойынша К.Линнейдің жұмыстары. Ж.Кювье және Ж.де Сент-Илердің еңбектері.

Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы, алғашқы эволюционисттер, көрсетілім: эволюциялық идеялардың

дамуына үлес қосқан ғалымдардың портреттері мен өмірбаяндары;

      2) «Дарвинизм (10 сағат)»:

      Ч. Дарвин ілімі қалыптасуының алғышарттары: жаратылыстану ғылымдары саласындағы

жетістіктер, Ч. Дарвиннің экспедициялық материалдары. Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі,

Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі, түр - эволюциялық бірлік, жалпыға бірдей жеке дара

өзгергіштік және ұрпақтар сан мөлшерінің артықтылығы, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу;

      көрсетілім:

      Ч.Дарвиннің «Бигль» кемесімен саяхаты кезіндегі жүрген жолдары  және жинаған материалдары;

      № 1 зертханалық жұмыс. «Мәдени өсімдіктердің іріктемелерін пайдаланып қолдан сұрыптаудың

нәтижесін, түр критерийлерін, өзгергіштікті зерттеу»;

      3) «Микроэволюция (5 сағат)»:

      мутациялардың эволюциялық рөлі, популяциялардағы генетикалық процестер, Харди-Вайнберг

заңы, табиғи сұрыпталудың формалары, организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи

сұрыпталудың нәтижесі екендігі, микроэволюция, түртүзілу туралы қазіргі көзқарастар (С.С.

Четвериков, И.И. Шмальгаузен);

      түртүзілудің жолдары және жылдамдығы; географиялық және экологиялық түртүзілу.

Модификациялардың эволюциялық рөлі; физиологиялық бейімділіктер. Эволюцияның қарқындылығы.

      көрсетілім: географиялық түртүзілу процесін бейнелейтін сызбанұсқалар; тірі өсімдіктер мен

жануарлар,кеппешөптер мен жинақтамалар,жекедара өзгергіштік пен өсімдіктердің әртүрлі

іріктемелерінің және жануарлардың қолтұқымдарының, сонымен қатар организмдердің тіршілік

ортасына бейімделуі және түртүзілудің нәтижелерін бейнелейтін сызбанұсқалар;


      № 2 зертханалық жұмыс «Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігін зерттеп білу»;

      4) «Эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэвлюция (5 сағат)»:

      эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және биологиялық регресс

(А.Н. Северцов), биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары:

дивергенция, конвергенция, параллелизм; организм топтары эволюциясының ережелері.Эволюция

нәтижелері: тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі, бейімділіктің

салыстырмалы сипаты (органикалық мақсатқа сәйкестілік);

      көрсетілім: гомологтық және аналогтық мүшелердің мысалдары, олардың құрылысы, онтогенезде

пайда болуы, прогрессивті эволюция жолдарының арақатынасы, Қызыл кітапқа енгізілген және

мемлекеттік қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың өкілдерін сипаттайтын мысалдар.

      30. Жердегі органикалық дүниенің дамуы (14 сағат):

      1) Өсімдіктер және жануарлар эволюциясының негізгі келбеті (10 сағат) архей және

протерозой замандарында тіршіліктің дамуы. Жердегі тіршіліктің алғашқы іздері. Қазіргі барлық

омыртқасыздар типтерінің шығуы, алғашқы желілілер, су өсімдіктерінің дамуы;

      палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;

      алғашқы төменгі сатыдағы өсімдіктердің, қырықжапырақтардың, тұқымды қырықжапырақтардың,

ашық тұқымды өсімдіктердің шығуы. Омыртқалылардың (балықтардың, қосмекенділердің,

жорғалаушылардың) шығуы.

      мезозой заманында тіршіліктің дамуы., жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы және таралуы.

Құстар мен сүтқоректілердің шығуы.Ертедегі ашық тұымды өсімдіктер мен жорғалаушылардың жойылуы.

      кайнозой заманында тіршіліктің дамуы, гүлді өсімдіктердің қарқынды дамуы,

бунақденелілердің көптүрлілігі (параллельді эволюция), ұрықжолдасты сүқоректілердің дамуы,

аңдардың шығуы, маймылдардың пайда болуы, адам тұқымдасының алғашқы өкілдерінің шығуы. Төрттік

кезең: сүтқоректілердің эволюциясы. Маймылдардың дамуы; адам эволюциясының бағыттары, адам мен

адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері.

      көрсетілім З.Бурианның түрлі замандар мен кезеңдердегі флора мен фаунаны бейнелейтін

қолдан салған суреттері, тірі табиғат дүниелері (патшалығы) дамуының сызбанұсқасы; өсімдіктер

мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтары, өсімдіктердің ертедегі тау жыныстарында қалған

іздері мен таңбалары.

      2) «Адамның шығу тегі (4 сағат)»:

      адамның тірі табиғаттағы орны. Homo sapiens-түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны,

адамның жануарлар дүниесінің түрлі жүйелік топтарына жататынын айқындайтын белгілері мен

қасиеттері, адам эволюциясының кезеңдері: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар, осы заманғы алғашқы

адамдар. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapiens-түрінің популяциялық құрылымы,

адам нәсілдері; нәсілтүзілу; адам нәсілдерінің бірлігі, адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі

ретінде қасиеттері, антропогенездің қозғаушы күштері, Ф.Энгельс маймылдың адамға айналуындағы

еңбектің рөлі туралы, адамның қалыптасуында сөздің,ақыл-ойдың және қоғамдық қатынастардың рөлі,

адам эволюциясында әлеуметтік және биологиялық бағыттардың өзара қарым-қатынасы, «Әлеуметтік

дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні, адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық

тіршіліктің жетекші рөлі, адамзат қоғамының биологиялық қасиеттері.

      көрсетілім: адамның және омыртқалы жануарлардың қаңқаларының модельдері.

      31. «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары, экология негіздері (20 сағат)»:

      1) Биосфера туралы түсінік (3 сағат)биосфера-жердің тірі қабығы, биосфераның құрылымы:

литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның құрам бөліктері: тірі зат, оның түрлік құрамы,

әртүрлілігі және биомассаға қосқан үлесі, биожанама (енжар, биоенжар) заттар (В.И.Вернадский).

Табиғаттағы заттардың айналымы.

      көрсетілім: биосфераның құрылымын және оның құрам бөліктерін сипаттайтын сызбанұсқалар,

биосферадағы тірі организмдер әртүрлілігі мен түрлік құрамының кестелері.

      2) «Бірлестіктердегі тіршілік (2 сағат)»:

      Тірі организмдер бірлестіктерінің қалыптасу тарихы. Құрылықтардың геологиялық тарихы;

оқшаулану, климаттық жағдайлар. Биогеография.

      Құрлықтың және дүниежүзілік мұхиттың негізгі биомассалары. Биогеографиялық аймақтар.

      көрсетілім құрлықтардың тарихын бейнелейтін карталар; құрлықтық биомассаның таралуы.

      3) «Организм және ортаның өзара қарым-қатынастары (12 сағат)»:



      тірі организмдердің табиғи бірлестіктері, биогеоценоздар, биогеоценоздардың құрамдас

бөліктері: продуценттер, консументтер редуценттер, биоценоздар, олардың түрлік әртүрлілігі,

популяциялар тығыздығы, биомассасы. Экология, оның міндеттері, экологиялық факторлар.

      ортаның абиотикалық факторы, температураның, жарықтың, ылғалдылықтың және басқа

факторлардың бірлестіктер тіршілігіндегі рөлі, орта факторларының әсер ету қарқындылығы,шектеуші

фактор, орта факторларының өзара әсері, төзімділік шегі.

      ортаның биотикалық факторлары, қоректік тізбектер және торлар, экологиялық пирамидалар:

сандық, биомассалық, энергиялық, биогеоценоздардың алмасу себептері, жаңа бірлестіктердің

қалыптасуы.

      антропогендік факторлар, олардың биоценоздарға әсері (адамның табиғаттағы рөлі), табиғат

ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты ластанудан қорғау, табиғат эталондары мен ескерткіштерін

сақтау, ғаламшар тұрғындарын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету, табиғи кешендер түзудің

шаралары, экологиялық білім, тәрбие,мәдениет, жер ғаламшарының экологиялық апаттары.

Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары.

      көрсетілім, «Биосфера», «ҚР экологиялық апатты аймақтары» тақырыптары бойынша электрондық

оқулықтардан үзінділер оқу және талқылау.

      4) «Организмдер арасындағы қарым-қатынастар (3 сағат)» организмдер арасындағы

қарым-қатынастың формалары, жағымды қатынастар: симбиоз, кооперация, мутуализм, комменсализм,

антибиотикалық қатынастар: жыртқыштық, паразитизм, бәсеке, бейтарап қатынастар-нейтрализм.

      көрсетілім: тірі табиғаттың түрлі дүниелері өкілдерінің симбиоздық (селбесу) тіршілігінің

мысалдары.

      32. «Бионика (2 сағат)»:

      өсімдіктер мен жануарлардың құрылымдық принциптерін адамның щаруашылық әрекетінде

пайдалану, табиғаттағы тірі тіршілік иелерінің формалары және олардың өнеркәсіптік аналогтары

(құрылыстық ғимараттар, машиналар, механизмдер, қондырғылар).

      көрсетілім: тірі организмдер құрылымына ұқсас өнеркәсіптік аналогтардан мысалдар және

оқулықтан осы тақырыпқа сай сурет, кестелерді қарау.

4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      33. 10-сынып оқушылары:

      1) тірі табиғаттың негізгі құрылым деңгейлерін;

      2) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын;

      3) жасушаның химиялық құрамын;

      4) нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің, АТФ және бейорганикалық заттардың

жасуша және организм тіршілігіндегі рөлін;

      5) генетикалық код, геннің құрылысы мен қызметін;

      6) прокариоттар және эукариоттар, автотрофтар және гетеротрофтар жасушаларының құрылысы

мен қызметін;

      7) пластикалық және энергиялық алмасу мен олардың маңызын, өсімдіктердегі пластикалық

алмасу ерекшеліктерін және ғарыштық рөлін;

      8) зат алмасудағы ферменттердің рөлін;

      9) хромосомалар, олардың тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтарға берудегі рөлін;

      10) хромосомалар санының, пішіні мен мөлшерінің, әр түр өкілдеріне тән тұрақтылығын;

      11) митоз, мейоз, ұрықтану және олардың маңызын;

      12) генетикалық әдістерді, адам генетикасын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін;

      13) тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын, модификациялық және үйлесімдік өзгергіштіктерді,

олардың себептерін;

      14) фенотип қалыптасуда генотип пен орта жағдайларының маңызын, мутациялардың

эволюциядағы,генетиканың селекция мен денсаулық сақтаудағы рөлін;

      34. 10-сынып оқушылары:

      1) автотрофтар мен гетеротрофтар, прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын;

      2) митоз бен мейозды анықтау;



      3) организмдердің көбею әдістерін ажырата білу;

      4) фенотип пен генотипті, гомо және гетеро зиготаны салыстыру;

      5) организмдердің мутациялық және модификациялық өзгергіштіктерін анықтау;

      6) эволюция үшін мутацияның маңызын түсіндіру;

      7) селекция үшін генетика заңдарын негіздеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет