Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Информатика» пәнінен
типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес әзірленген.
стандартына
2. Профильді 10-11-сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды
программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық
білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.
3. Оқыту міндеттері:
1) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұнын
қалыптастыру;
2) визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды
өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
3) дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды
қолдана білу;
4) ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты
қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
4. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика
курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану информатика
пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып
жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.
5. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
6. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.
7. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:
1) визуалды программалау құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді
қолдану;
2) жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда математикалық формулалар мен
функцияларды қолдану;
3) координаталық жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау;
4) шама ұғымы математика пәнінің шамалары негізінде және салыстырмалы түрде оқытылады.
8. «Геометрия» пәнімен пәнаралық байланыс:
1) компьютерлік графиканы қолданып 3-D объектілерді жасау;
2) координаталық жүйелер, проекциялар және олардың компьютерлік графика мен модельдеуде
қолданылуы;
3) геометриялық шамаларды есептеу.
9. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:
1) ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалана отырып, физикалық
үдерістерді қарастыру;
2) проекция және векторларды компьютерлік графика және модельдеуде қолдану;
3) физикалық үрдістерді модельдеу.
10. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:
1) мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын аталған пән аймағында жобаларды құру;
2) визуалды программалау ортасы арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.
11. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:
1) жобалық іс-әрекеттерді орындағанда орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;
2) информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз қорының байыту,
оның ішінде халықаралық терминдерімен;
3) программалау тілдерінің синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;
4) телекоммуникациялық ресурстар шетел тілін оқудағы құрал ретінде қарау.
12. «Әдебиет» пәнімен пәнаралық байланыс:
оқушылар сахнада сөйлеудің жоспары мен хронометражын құра білу.
13. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:
экономика мен географияны оқып үйренуде деректер қорын қолдау құралы ретінде жасау.
14. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:
объектілердің «жанды» графикалық бейнелерін визуалды өнімге, Web-беттерге орналастыру үшін
қалыптастыру.
15. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:
1) әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау
тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;
2) 3-D модельдеу және анимация шығу тарихының алғы шарттары.
16. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:
ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.
2. 10-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
16. Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
17. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):
әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық
ресурстары.
18. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
программалаудың даму тарихы, программалаудың парадигмасы;
құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау.
19. Алгоритмдеу және программалау (17 сағат):
визуалды программалаудың технологиясы;
қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы;
терезелер, пішіндер және объектілер, процедуралар және функциялар;
оқиға, объект, қасиеті мен әдістері, жобаның интерфейсін құру;
қадамдап бөлу;
графикалық әдістер мен процедуралар;
объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа.
20. Ақпараттық технологиялар (8 сағат):
3D-модельдеу және анимация;
виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі;
3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе;
орнын ауыстыру және өзгерту;
программа интерфейсі;
объектілері;
сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар,
Mirror – айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу, материалды қосу, материал қасиеті,
Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар.
21. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).
3. 11-сыныптың оқу пәнінің базалық мазмұны
22. Кіріспе (1 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
23. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат):
қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу, қолданбалы программалық қамтамасыз
етудің даму үрдісі, программалық қамтамасыз етуді орнату және жою, жабдықтаманы баптау,
операциялық жүйенің параметрлерін баптау.
24. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу, ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау
критериясы, сараптама жүйесі, жасанды интеллект.
25. Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация (21 сағат):
деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік), реляциалық деректер қоры, деректер қорын
басқару жүйесі (ДҚБЖ), деректерді ұсыну пішіні (кестелер, пішіндер, сұраныстар, есептер),
деректер қорын ұйымдастыру, көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру;
желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері, жергілікті
желіні баптау, интернетте мекен жайлық;
алмастыру хаттамалары, TCP/IP деректерін жіберу хаттамасы, желілік этикет, ақпаратпен
жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында
ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары;
html-программалау, интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары, Web-беттер және
сайттар, тэгтер, атрибуттар, мәтінді пішімдеу, тізімдер, Web-бетте мәтінді графиканы
орналастыру, түстер, Web-беттегі гиперсілтемелер, кестелер, Web-беттегі пішіндер, Web-беттерді
құру құралдары, Web-сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу.
26. Жобалық іс-әрекет (6 сағат).
27. Резерв (1 сағат).
2. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
28. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық
нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).
29. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі
тиіс).
30. 10-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) қауіпсіздік техника ережесін;
2) ақпараттық жүйелер және ресурстар ұғымын;
3) программалау тілінің тарихын;
4) жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
5) программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;
6) құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы программалау ұғымдарын;
7) объектілі-бағдарлы ортасында құрылған файлдар міндеті мен типтерін;
8) Standard құралындағы объектілердің негізгі қасиеттерін;
9) ақпаратты енгізу және шығару объектілерін;
10) типтерді түрлендіру функцияларын;
11) тышқан және пернетақта оқиғасын;
12) сұхбатпен, мәзірмен, таймермен жұмыс істеу әдістерін;
13) оқыту, бақылау және ойын программаларын өндеу қағидаларын;
14) 3D графигін;
15) 3D объектілерімен жұмыс істеу негіздерін;
16) 3D объектілерінің редакциялау техникасын;
17) анимацияланған қойылымдарды құрудың негізгі кезендерін және оларды іс-жүзінде
қолдануын;
18) авторлық объектілерді қолдану қағидаларын;
19) оқу жобаларына қойылатын талаптарын;
20) ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;
21) «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері»
ұғымдарының мәнін;
22) жобаны бағалау және процедураны қорғау.
31. 10-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
1) қауіпсіздік техниканы сақтауды;
2) символдық және сандық деректерді өңдеуді жоғары деңгейлі программалау тілдерінің кез
келген ортасында программалауды;
3) жобаны сақтауды, терезе арасында ауысуды;
4) объектілер Инспекторында және программада объектілер қасиеттерін өзгертуді;
5) негізгі алгоритмдік құрастырылуды жобада қолдануды;
6) графикалық бейнені құруға арналған әдістерді қолдануды;
7) әдістер мен оқиғаларды жобаларда қолдануды;
8) бірнеше пішіннен, мәзірден, құрал-саймандардан тұратын аяқталған қосымшаны
қалыптастыруды;
9) 3D объектілерді құруды;
10) 3D объектілерді құрғанда модификаторларды қолдануды;
11) материалдарды қалыптастыруды және қолдануды;
12) 3D қойылымдарын қалыптастыруды, камералармен және жарықтандырғыштармен жұмыс істеуді;
13) құрылған құрылымдарды визуалдауды;
14) әртүрлі арнайы әсерлерді визуалдағанда қолдануды;
15) өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;
16) әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын
жоспарлауды;
17) кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;
18) рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.
32. 11-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1) компьютерлік желілер мен Интернет ресурстарының түрлерін;
2) Интернет технологияларының негізгі ұғымдарын;
3) ақпаратты тарату мен алмастыру хаттамаларының түрлерін;
4) FTP-қолжетушілік пен FTP-хаттама ұғымдарын, негізгі функциялары мен HTTP-дан
айырмашылығын;
5) Интернеттегі мекен-жай қағидаларын;
6) ақпаратты қорғау аймағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;
7) web-дизайнның негізгі қағидаларын;
8) web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндеттерін;
9) HTML – құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі конструкциясын;
10) өз сайтын Интернетте жариялауға дайындау ретін;
11) үлкен көлемді ақпараттарды өңдейтін программаларын;
12) сараптама жүйесі ұғымын;
13) жасанды зияткерлік жүйе ұғымын;
14) деректер қорының негізгі ұғымдарын;
15) деректер қорын құруға арналған программалардың мүмкіндіктерін;
16) деректер қорын құру, редакциялау және пішіндеу әдістерін;
17) деректер қорынан ақпаратты іздеу мен таңдап алу тәсілдерін;
18) оқу жобаларына қойылатын талаптарын;
19) ақпаратты пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларын;
20) үзінді алу көздерінің кітапханалық ережелерін;
21) «жоба тақырыбы», «жоба идеясы», «гипотеза», «проблемалық сұрақ», «жоба міндеттері»
ұғымдарының мәнін.
33. 11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
1) қауіпсіздік техниканы сақтауды;
2) Интернеттің негізгі клиенттерін: электрондық пошта, браузер іске қосуды;
3) Интернет-сайттарды қарауда орыс қаріптерін қайта қодтауды;
4) беттің/сайттың электрондық мекен-жайын беруді және қаралған беттер бойынша ауыса алуды;
5) FTP-клиентін қолдануды және FTP арқылы файлдарды іздеуді;
6) жергілікті желіні баптауды;
7) HTML тілінде қалыптастыру деңгейінде сайттың 3-5-тен кем емес сәйкес элементтерін
программалауды;
8) web-беттің ар жағындағы және web-беттегі фонды өзгертуді;
9) web-бетке мәтін қоюды және оны пішімдеуді;
10) web-беттерге арналған графикалық бейне мен анимациялық роликтерді қалыптастыруды және
тиімдеуді;
11) web-бетте әртүрлі кестелерді қалыптастыруды;
12) web-бетке мультимедиа элементтерін қоюды;
13) гиперсілтемені баптауды;
14) өз сайтын даярлауды және оны Интернетте жариялауды;
15) офистік программа ортасында ақпараттың алуан түрлерін өңдеуді;
16) іздеу жүйелерімен жұмыс істеуді;
17) деректер қорын арнайы программаларда құруды, толтыруды, сақтауды, редакциялауды,
баспалауды;
18) ақпаратқа түзету жасауды, ақпаратты шаблон бойынша іздеуді, ақпаратты деректер қорында
сұрыптауды;
19) деректер қорлары бойынша есеп берулерді қалыптастыруды;
20) деректер қорларына сұраныстарды көркемдеуді;
21) деректер қорлары арасында байланыс орнатуды;
22) өзекті сұрақты тұжырымдауды, зерттеу тақырыбы бойынша гипотеза ұсынуды;
23) әртүрлі сұрақтарға жауап алу үшін өзінің өздік зерттеу және шығармашылық жұмыстарын
жоспарлауды;
24) кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді;
25) рефлексия жүргізуді, жобаны қорғауды.
34. Жеке тұлғалық нәтижелер соңында оқушылар көрсетуі тиіс:
1) алынған ақпаратты талдау және оларды сын көзбен бағалаудың алғашқы дағдыларын;
2) қазіргі заманауи программалық қамтамасыз етулермен жұмыс істей білуді;
3) оқу мазмұнын өз өмірлік тәжірибесімен байланыстыруға қабілеттілік, информатика мен
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында ақпараттық қоғамның даму жағдайында
даярлықтың мәнін түсінуге икемділікті;
4) оқу және тәжірибелік іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілікті және ақпараттық
мәдениетті;
5) салауатты өмір салты құндылығын негізгі гигиеналық, эргономиялық және
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын техникалық қауіпсіз пайдалану жағдайында
қабылдауға икемдікті және даярлықты;
6) үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттілікті;
7) компьютерлік және тұрмыстық техникаға ұқыпты қарауды;
8) жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.
35. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер соңында оқушылар алған білім мен біліктіліктерді күнделік
өмірде және тәжірибеде қолдануы тиіс:
1) ақпараттық жобаларды, объектілер модельдерін, оның ішінде оқу жұмыстары нәтижелерін
көркемдеуді құруды;
2) объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін 3-D бейне түрінде құруды;
3) жоғары деңгейдегі программалау ортасын қолданып жобаларды қалыптастыруды;
4) объектілер мен үдерістердің дайын модельдерін қолданып компьютерлік тәжірибелер
жүргізуді;
5) өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық
объектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;
6) іс жүзінде қажетті, оның ішінде өзін-өзі танумен және кәсіби бағдармен байланысқан жеке
танымдық қызығушылыққа қатысты ақпаратты іздеу мен іріктеуді;
7) оқуда және жеке хат алмасуда телекоммуникациялық арналар бойынша ақпарат таратуды,
қоғамның ақпараттық ресурстарын сәйкес құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып
қолдануды;
8) ақпаратты сілтеме жүйелері бар мультимедиа объектілері түрінде беру (мысалы, желіде
орналастыру үшін);
9) жеке өз деректер қорын, цифрлық мұрағаттарын, медиаханасын құруды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
91-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Биология» пәнінен
типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім
сәйкес заттар, химиялық
стандартына
реакциялар мен олардың заңдылықтары, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы
жаратылыстану-ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға арналған.
2. Оқу пәнінің білім мазмұны теориялық және қолданбалы негіздер мен «Жалпы биологияны»
оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптарды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында,
қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері, зертханалық жұмыстарда берілген.
3. Оқытудың мақсаты:
1) тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді
қалыптастыру;
2) тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;
3) жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;
4) өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;
5) органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;
6) организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
7) органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік
қалыптастыру;
8) адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы
түсінік қалыптастыру.
4. Оқытудың міндеттері:
1) түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;
2) эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;
3) экологиялық факторлар және пәннің ролін ашу;
4) экологиялық міндеттерін ашу;
5) экосистема, биоценоз, биосфера ұғымдарының маңызын ашу;
6) экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;
7) табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашып көрсету;
8) Қазақстанның табиғатын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарын негіздеу;
9) цитологияның міндеттерін игеру;
10) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;
11) энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;
12) органикалық дүниедегі көбею әдістері мен жасушалардың бөліну типтерін игеру;
13) организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;
14) тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
15) өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
16) селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.
5. «Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат;
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат.
6. Биологияны оқып білу барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар
жүзеге асырылады:
7.Пәнаралық байланыс «Қазақ тілі және әдебиетімен»:
1) сөздік қордың биологиялық терминдермен одан әрі байытылуы;
2) органикалық дүниенің құрылысы мен эволюциясының ерекшеліктері бойынша оқу материалын
қабылдау арқылы ауызша сөздің дамуы;
3) қысқаша шығармалар-сипаттамалар, ойбөлісу түрінде материалды баяндау, баяндаманы дұрыс
көркемдеу, Эссе, хабарлама, биологиялық диктанттар жазу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы
жазбаша сөздің дамуы.
8. Пәнаралық байланыс математикамен:
1) биологиялық эксперименттердің, тәжірибелердің, бақылаудың, зертханалық жұмыстардың
қорытындысын шығаруда математикалық білімді пайдалану;
2) биологиялық өлшеулер жүргізу және математикалық талдау жасау.
9. Пәнаралық байланыс тарихпен:
тарихтың бірінші кезеңінің мәдениетін оқып білу, ашылған ұлы географиялық жаңалықтарды
білу;
10. Пәнаралық байланыс физикалық география:
1) географиялық аймақтылықты ескере отырып жер бетінде органикалық дүниенің таралу
ерекшеліктерін оқып білу барысында географиялық білімге сүйену;
2) орта факторларының адам организмінің жағдайы мен қасиеттеріне және жалпы органикалық
табиғатқа әсерін білу;
3) континенттер тарихының білімін пайдалану.
11. Пәнаралық байланыс экономиялық географиямен:
1) бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;
2) әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.
12. Пәнаралық байланыс «Химиямен»:
1) бейоргникалық химия Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің элементтері, олардың негізгі
қасиеттері;
2) тірі жүйенің құрамына кіретін негізгі химиялық қосылыстар;
3) жасушаның химиялық құрылымын оқып білу;
4) органикалық ортада жүретін биохимиялық процестерді (зат және энергия алмасу - бұл
органикалық заттардың биосинтезі және ыдырауы) оқып білу.
13. Пәнаралық байланыс физикамен:
1) биологиялық жүйелердегі өзгерістердің динамикасы;
2) тірі организдердің жағдайы мен қасиеттеріне атмосфералық қысым ауытқуының әсері.
14. Пәнаралық байланыс ақпараттық мәдениет:
1) жалпы биологияның тақырыптары бойынша электрондық көрсетілім құрастыру;
2) жұмыс барысында электрондық материалдарды пайдалану.
15. Пәнаралық байланыс «Музыка»:
1) «Адам генетикасы» тақырыбын оқытуда музыкалық шығармаларды пайдалану;
2) «Адамның шығу тегі» сабағын оқыту барысында музыкалық шығармаларды пайдалану.
16. Пәнаралық байланыс «Бейнелеу өнері»:
1) зертханалық, практикалық және шығармашылық жұмыстарды кестелермен, суреттермен және
сызбанұсқалармен безендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |