Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет125/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132

4. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      24. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша

бағаланады.

      25. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеру тиіс» аспектілерімен көрсетілген.

      26. 10-сынып химия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:

      1) химияның өсіп келе жатқан ролі мен маңызы, химияның эксперименттік негізі;

      2) атом мен атомдық орбитальдар құрылысы, электрондар күйі, Паули принципі, Гунд ережесі,

Клечковский ережелері, химиялық реакциялар жылдамдығы, катализ, реакцияның жылу эффектісі,

түзілу жылуы, химиялық тепе-теңдік, тепе-теңдік константасы, металлургия, электролиз, физикалық

шамалардың сандық қатынасы;

      3) химиялық өндірістің ғылыми принципі, қоршаған ортаның химиялық ластануы, оның салдары;

      4) зат массасының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылық заңы, Авогадро заңы, әрекеттесуші

массалар заңы;

      5) атом құрылысы, химиялық байланыс;

      6) практикалық маңызды заттардың құрамы, құрылысы, өздеріне тән қасиеттері;

      7) бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен олардың арасындағы генетикалық байланысты;

      8) химиялық реакциялардың мәні мен типтері, олардың жүру заңдылықтары;

      9) металдар коррозиясы және коррозиядан сақтану шаралары;

      10) қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғаудың химиялық әдістері;

      11) қышқыл, сілті ерітінділерімен, газдар және қатты химиялық заттармен жұмыс істеудің

қауіпсіздік техникасының ережелері;

      12) заттарды алудың жалпы әдістері; практикада кең қолданылатын заттар мен материалдар;

      13) заттарды танып білу және химиялық реакцияларды зерттеудің химиялық әдістері;

      14) баламалы энергия көздерінің түрлері, жаңа заттар мен материалдарды алудың негізгі

технологиялары.

      27. Оқушы келесіні атқара алуы тиіс:

      1) химиялық терминдер мен таңбаларды пайдалану;

      2) зерттелген заттарды дәстүрлі және халықаралық номенклатура бойынша атау;

      3) заттың кристалдық торын біле отырып, зат қасиетін сипаттау;

      4) зат формуласы бойынша байланыс типін болжау, кристалдық торының типін анықтау;

      5) химиялық байланыс сипаттамасы бойынша молекуланың геометриясын анықтау;

      6) қоршаған ортадағы құбылыстарды химиялық тұрғыдан талдау;

      7) атом құрылысы схемасын, заттар формуласы мен химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

      8) заттардың құрамы мен құрылысын және олардың класын анықтау;

      9) ион алмасу, тотығу-тотықсыздану реакцияларының және электролиздің теңдеулерін

құрастыру;

      10) химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес жүргізу;

      11) химиялық зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету;

      12) химиялық формулалар мен химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;

      13) химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу;

      14) химиялық элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежесін анықтау;

      15) ион заряды, химиялық байланыс типі, молекуланың кеңістіктегі құрылысы, кристалдық тор

типін анықтау;

      16) қышқыл, негіз, тұздардың судағы ерітінділерінің ортасын анықтау;

      17) тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотығу және тотықсыздануды анықтау;

      18) әр түрлі факторлардың әсерінен тепе-теңдіктің ығысу бағытын анықтау;

      19) атом құрылысы мен Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орны бойынша s-, p-,

d-элементтердің қасиеттерін сипаттау;

      20) металдар мен бейметалдардың, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының химиялық

қасиеттерін сипаттау;

      21) химиялық элементтердің және олар түзетін қосылыстар қасиетінің элементтің Д.И.

Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орнына тәуелділігін түсіндіру;

      22) химиялық реакция жылдамдығының әр түрлі факторларға тәуелділігін түсіндіру:


      28. 11-сыныпты аяқтаған оқушы келесіні білуі тиіс:

      1) химияның ролі мен маңызы;

      2) заттар мен химиялық құбылыстарды танып білудің негізгі әдістер, химияның эксперименттік

негізі;


      3) химиялық құрылым, гомологтар, гомологтық қатар. Изомерия, гомология изомерлер,

құрылымдық және кеңістіктік изомерлер;

      4) А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық қосылыстар теориясының негізгі

қағидалары мен маңызы;

      5) көміртек атомдарының гибридтенуі, оның түрлері, s, p-байланыстар, дара, қос және үш

байланыс, көміртек тізбектерінің түрлері;

      6) органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістіктік құрылысы;

      7) органикалық химиядағы реакция типтері;

      8) көмірсутектердің табиғи көздері, оларды өңдеу және Қазақстандағы кен орындары;

      9) органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасы, функционалдық топ;

      10) көмірсутектер және олардың туындыларының химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын

реакциялар;

      11) көмірсутектердің және олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс;

      12) жоғары молекулалы қосылыстар, мономер, полимер, құрылымдық буыны, полимерлену

дәрежесі, полимерлену және поликонденсациялану реакциялары;

      13) кең таралған полимерлер, олардың қасиеттері, практикада қолданылуы, пластмассалар,

талшықтар, каучук;

      14) химиялық өндірістің ғылыми принциптері; қоршаған ортаның химиялық ластануы мен зиянды

әсері;

      15) биогенді органикалық қосылыстардың биологиялық маңызы;



      16) органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы, зат массасының сақталу заңы, зат

құрамының тұрақтылық заңы, Авогадро заңы;

      29. Оқушы келесіні атқара алуы тиіс:

      1) химиялық терминдер мен таңбаларды пайдалану;

      2) зерттелген заттарды дәстүрлі және халықаралық номенклатура бойынша атау;

      3) изомерлер мен гомологтардың құрылымдық формулаларын құрастыру және олардың модельдерін

жасау;

      4) кең тараған полимерлерді қасиеттері бойынша анықтау;



      5) заттардың қасиеттері мен олардың молекулаларының құрылысын түсіндіруге А.М. Бутлеровтың

химиялық құрылыс теориясының қағидаларын қолдану;

      6) органикалық химиядағы химиялық реакция типтерін ажырату;

      7) органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру;

      8) молекулалардағы атомдардың өзара әсерін ескере отырып, органикалық қосылыстың химиялық

қасиетін түсіндіру;

      9) көмірсутектер мен олардың туындыларының құрамы мен құрылысын және олардың класын

анықтау;


      10) химиялық экспериментті қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес жүргізу;

      11) химиялық зақымдану не улану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету;

      12) игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану;

      13) сандық анализ нәтижесі мен жану өнімдерінің массасы бойынша заттардың молекулалық

формулаларын анықтауға сан есептерін шығару;

      14) химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу.

      30. 10-11 сынып оқушылары көрсететін тұлғалық нәтижелер:

      1) химия пәніне деген жоғары қызығушылық;

      2) ғылыми танудың негізгі әдістерін игеру мен қолдануға деген дайындық және қабілеті;

      3) аналитикалық біліктілік – жүргізген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу, түсіндіру және

қорытындылау біліктілігі;

      4) зерттеушілік біліктілік – химиялық эксперимент орындау біліктілігі мен дағдысы;

      5) математикалық біліктілік – химиялық формулалар мен теңдеулер бойынша есептеулер жүргізу

және сандық баға беру;



      6) коммуникативтік біліктілік – жұп, топ құрамында жұмыс істеу;

      7) әр түрлі көзден алынған химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің объективті көзқарасын

білдіру;

      8) оқуын жалғастыруында профильді сауатты таңдау.

      31. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер. 10-11-сынып оқушылары келесіні пайдалана білуі керек:

      1) химия мен химия білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік;

      2) танымдық әрекеті мен күнделікті өміріндегі білімі;

      3) таным процесінде ғылыми негізделген икемдер;

      4) өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын әмбебап қабілет.

Қазақстан Республикасы     

Білім және ғылым министрінің  

2013 жылғы 3 сәуірдегі      

№ 115 бұйрығына        

95-қосымша           



Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық

бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен

типтік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік

жалпыға міндетті білім 

 сәйкес әзірленген.

стандартына

      2. Негізгі орта деңгейде оқушылар тіл білімі ғылымының «тіл-құрал» қағидасының аясында

қарастыратын негізгі нысандарын игеріп, Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген қазақ

тілінің танымдық, қатысымдық, экспрессивтік және кумулятивтік қызметтерін танып-біліп, тіл

арқылы қоршаған орта, қоғам, адами және рухани құндылықтарды бағалауды зерделеп,

10-11-сыныптарда сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын білуге ұмтылады.

      3. Сөз мәдениетін меңгертуде басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді

қалыптастыру болып саналады.

      4. Сөз мәдениеті оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сол көзқарасы мен жеке

ой-тұжырымдарын барлық уақытта мәдениетті жеткізе алуына, өмір жағдаяттарында өзіндік

пайымдауларын шеберлікпен айта алуына негізделеді.

      5. Сөз мәдениетіне қойылатын талаптар оқушының терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді

сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен, ал көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптар оқушының

терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.

      6. Еліміздің білім беру жүйесі тілді оқытып үйретуді дүниежүзілік стандарттық үлгілерге

жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді.

      7. 10-11-сыныптардағы қазақ тілінің бағдарламасында, негізінен, тілдің танымдық,

коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік, т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгерту

көзделді.

      8. Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік,

практикалық бағыттылық, тіл қызметтерін біртұтастықта меңгерту, теория мен практиканы өзара

байланысты меңгерту, қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция т.б. ұстанымдар басшылыққа алынды.

      9. Оқытудың, білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз мәдениеті деңгейін көтере отырып,

жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді. Білім берудің нәтижесі ретінде оқушының сөз

мәдениеті деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделді.

      10. Пәнді оқытудың мақсаты - адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді

пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген; ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай



және қолдана білетін; зерттеу және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі

қарым-қатынастық қабілеттілігі дамыған Тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын тілдің

ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы меңгерту, ғылым негіздері

мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу

әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.

      11. Пәнді оқытудың міндеттері:

      1) тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту;

      2) тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту;

      3) тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;

      4) тілдің мұра сақтап жеткізуші кумулятивтік қызметін мәтін арқылы негіздеу;

      5) танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту;

      6) ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;

      7) зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана біліктілігін қалыптастыру;

      8) сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге

жеткізу;

      9) сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын меңгерту;

      10) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын үйрету;

      11) шешендіктің дамуына қойылатын алғы шарттарды өмірден алынған фактілер бойынша

негіздеу;

      12) қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;

      13) тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;

      14) ұлттық құндылықтар мен әлемдік адамзаттық құндылықтарды салыстыра пайымдату;

      15) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін шешендікпен дұрыс бағалауға төселдіру;

      16) қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке

қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты сендірудің тәсілдерін меңгерту.

      12. Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып,

қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін

мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру

көзделеді:

      1) «Қазақ әдебиетімен»:

      қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;

      тіл – әдебиеттің бірінші элементі;

      қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды;

      әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында

стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу;

      әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби

шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;

      2) «Қазақстан тарихымен»:

      Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде

тануына мүмкіндік береді;

      тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік

деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді;

      қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан,

оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

      3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:

      тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста

болады;

      биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді;



      басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;

      тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;

      дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио,

теледидар тілімен де байланысты;

      танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей

байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.



      13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында

ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

      1) 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

      2) 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.



2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

      14. Сөз мәдениеті.

      1) кіріспе - 1 сағат (Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің

рөлі. Сөз – адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне

қатысты ұғымдар);

      2) сөз мәдениеті туралы ұғым-түсінік - 5 сағат (Сөз мәдениеті туралы ұғымға кеңейтілген

түсінік. Сөз мәдениеті – сөзді дұрыс қолдану, тілдік норманы сақтау. Тіл мәдениетінің тірегі -

әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. «Мәдениет»

ұғымы. Әдеби норма. Сөз мәдениетіне қатысты ұғымдар. Сөз құдіреті туралы халықтық ұғымдар. Сөз

мәдениеті және тілдік қарым-қатынас. Тілдік қарым-қатынастағы сөз сапалары. Сөз сапасына әсер

ететін тілдік шарттар. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі,

олардың қоғамда қабылдануы. Лексикалық норма. Орфоэпиялық норма. Орфографиялық норма.

Грамматикалық норма. Актив сөздер. Пассив сөздер. Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар.

Тіл табыса білу өнері. Қарым-қатынас жасау құралдары: тіл-дыбыстау құралдары, тілге көмекші

құралдар. Тыңдау әдебі. Тыңдау білу. Анықтау. Қайталап сұрау. Сөз мәдениетінің қосалқы

құралдары. Бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары. Тілдік қатынас. Вербалды, бейвербалды

амалдар. Дауыс мәнері. Әсерлі сөйлеу. Сөз сазы. Тілдік норманың сақталуы);

      3) әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және сөз әдебі - 7 сағат (Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың

түрлері, тиімділігінің шарттары. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу. Ұлттық үрдіс және сөз

мәдениеті. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынасқа қатысты этнолингвистикалық атаулар, оларды қолдану

жолдары. Этнолингвистика);

      4) іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі - 8 сағат (Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері,

тиімділігінің шарттары. Әдеп, әдептілік ұғымдары. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің

рөлі. Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік әдеп нормаларына сай қолданылатын сөз орамдары. Термин

қалыптастырудың ұлттық-танымдық негізі. Терминдерді қолданудың ерекшеліктері. Термин жасаудың

қайнар көздері. Іскерлік әңгіме, келіссөздер);

      5) ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті - 12 сағат (Жеке адам өміріне қатысты

іс-қағаздарының түрлері мен тілдік-құрылымдық ерекшеліктері, стиль түрлерімен байланысы.

Өмірбаян, өтініш, арыз, түсініктеме, сенімхат, қолхат, хат немесе адамдар арасындағы өмірдастан

және олардың түрлері мен тілі, ұсыныс хат, күнделік, жеделхат (телеграмма), телефонограмма,

олардың құрылымдық-тілдік ерекшеліктері. Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс-қағаздарының

түрлері мен тілдік-құрылымдық ерекшеліктері. Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері

құрылымдық-тілдік ерекшеліктері. Алқалық ұйым іс қағаздары. Хаттама, бұйрық, келісімшарт,

олардың құрылымдық-тілдік сипаттары);

      6) қорытындылаушы сұрақтар мен тапсырмалар - 1 сағат.

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

      15. Шешендік өнер.

      1) кіріспе. Сөз мәдениеті және шешендік өнер - 1 сағат (Курстың мақсаты. Сөз мәдениетінің

шарттары. Шешендік – сөз мәдениетінің жоғары формасы. Шешендіктану мен шешендік сөз. Шешендік

сөз: дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөздің монологтік, диалогтік, полилогтік түрлері);

      2) шешендік және сөз мәдениеті - 2 сағат (Шешендік өнер туралы ұғым-түсінік. Шешендік өнер

– сөз мәдениетінің жоғарғы сатысы. Шешендік өнер және шешендік сөз анықтамалары. Гректердің

шешендік өнері мен білімін арнайы оқып-үйреніп, шешендік өнердің теориясын жасаған Марк Туллий

Цицерон, орыс шешендік өнерінің теориялық негізін салушы М.В.Ломоносов, қазақтың ғұлама ғалымы


А.Байтұрсыновтың шешендік өнер туралы пікірлеріндегі ортақ ойлар. Шешендік өнер туралы

ой-пікірлер. Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік. Ұлттық шешендік өнерінің негізі–түркі

халықтарына ортақ мұраларда);

      3) қазақ шешендік өнерінің тарихы - 10 сағат (Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі.

Майқы би мен Аяз би. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі. Асан қайғы мен Жиренше шешен. Қазақ

шешендік өнерінің үшінші кезеңі. Билер кеңесі. «Жеті жарғы». Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Қазақ шешендік өнерінің төртінші және бесінші кезеңі. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер.

Бек-болыстарға қарсы шешендер. Қазіргі шешендіктің түрлері. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендік.

Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік. Діни мазмұнды

шешендік. Сотта қолданылатын шешендік);

      4) шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттар - 1 сағат (Римдіктердің сөз зергерлерін

төрт топқа бөлуі. Көне Грекиядағы шешендік өнердің дамуы. «Жеті жарғы». Анақарыс);

      5) шешендік сөздің сапалары - 9 сағат (Шешендік сөздің мазмұндылығы. Цицерон. Мазмұнды

сөз. Сөздің дәлдігі-ойдың айқындылығы. Сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін – тура мағынасын, көп

мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдалану. Сөздерді

ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді дәлдікпен қолдану. Тіл тазалығы. Таза

сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Варваризмдер. Варваризмдерді қолданудың түрлі жолдары. Тіл

сақтаушылық. Тіл және әдебиет. Тіл көрнектілігі. Көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі. Троп және

оның түрлері. Метафора. Кейіптеу. Метонимия. Синегдоха. Эпитет. Теңеу. Фигураның түрлері.

Айшықтау (фигура). Қайталау, аллитерация, ассонанс, шендестіру, синтаксистік параллелизм,

дамыту. Риторикалық сұрақтар);

      6) шешенге қойылатын талаптар - 8 сағат (Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. Сөйлеуге

дайындық шарттары. Білімін көтеру. Кітап оқуға құмарлық. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін

көтеру. Шешендердің сөйлеу әрекетіне талдау жасай білу. Көпшілік алдында сөйлеу әдістері.

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Кіріспе сөз, негізгі бөлім, қорытынды, олардың

ерекшеліктері мен міндеттері);

      7) пікірталастың түрлері - 4 сағат (Пікір алмасу. Ойталқы. Пікірсайыс. Ойбөліс. Сөзталас.

Айтыс. Пікірталас мәдениеті. Пікірталас тақырыбы. Пікірталастағы ой мен сөздің бірлігі.

Пікірталас мәдниетінде қарсыласыңды құрметтеу, пікірін сыйлау, оны сабырлылықпен тыңдай білу.

Пікірталасқа түсу тәсілдері. Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері. Сайысшының

міндеті. Пікірді бекерге шығарудың үш түрлі тәсілі. Монолог пен диалог. Пікірталас шеберлігіне

үйренудің жолдары. Пікірталас тақырыбына қажетті ақпараттарды тауып, іріктеу, өңдеп қолдану –

сөйлеу шеберлігіне апаратын жол. Ойды анық жеткізудің басты тәсілі. Ойбөліс пен пікірталас.

Пікірталасты жоспарлау сатылары. Тақырып анықтау. Мақсатын тұжырымдау. Материал таңдау. Дағды

қалыптастыру. Іріктелген әдебиеттерді оқып білу. Оқығанды ұғыну. Қосымша. Шешендер өмірінен.

Қорқыт. Әбу Насыр әл-Фараби. Жүсіп Баласағұн. Махмұт Қашқари. Едіге би-шешен. Асан қайғы

би-шешен. Жиренше шешен. Әнет би-шешен. Төле би-шешен. Қаз дауысты Қазыбек. Әйтеке би-шешен.

Мөңке би-шешен. Сырым батыр - әрі шешен, әрі би. Байдалы би-шешен. Есет би-шешен. Сыпыра жырау.

Қазтуған жырау. Бұқар жырау. Махамбет жырау. Абай шешен. Айтыс ақындары);

      16. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 10-сынып (оқушылардың, сыныптың

ерекшеліктеріне қарай жүргізілетін жұмыстар):

      1) қазақ жазба тілінің тарихына қатысты рефераттар дайындату;

      2) әлеуметтік-тұрмыстық өмірдегі әртүрлі жағдайлардың ерекшелігіне байланысты тіл жұмсау

дағдыларын жетілдіретін тапсырмалар бойынша өздік жұмыстарын орындату;

      3) ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөз орамдарын, тұрақты тіркестерді тауып, оларды

қатыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

      4) мәтіндерді ұсынып, ондағы ұлттық таным мен жаңашылдық сипаттарды ажыратқызу;

      5) этнолингвистикалық атаулардың тарихын, мәнін танытатын шығармашылық жұмыстар

ұйымдастыру;

      6) ата-анасының мүшелтойларына сөз дайындату;

      7) досының туған күніне (дастарқан басында сөйлейтін) сөз дайындату;

      8) әртүрлі тілдік жағдайларда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы

дағдыландыру;

      9) әлеуметтік-тұрмыстық қатынас пен іскерлік қатынастың айырмашылығын сезіндіретіндей



нақты тақырыптар бойынша диалог құрғызу;

      10) тұрмыстық және ресми қатынастардағы кешірім сұрау, өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу

рәсімдеріне байланысты шағын қойылымдар әзірлету;

      11) телефонмен сөйлесу мәдениетін қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын жүргізу;

      12) жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату, жазба

тілге қойылатын талаптарды анықтату;

      13) жеке адам өміріне қатысты ісқағаздар жазуға төселдіретін тапсырмалар бойынша жұмыс

жасату;


      14) белгілі бір мәселе бойынша жиындар өткізіп, мәжілісхат, оның көшірмелерін жасату,

т.б.;


      15) оқыған көркем әдеби немесе ғылыми-көпшілік әдебиеттер бойынша реферат жаздыру;

      16) әркімге қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы

жанрдағы шығармаларға талдау жасату;

      17) интервью жүргізудің жолдарын саралату, нақты тапсырма бойынша өздері қалаған

мамандардан, көз көргендерден интервью жасату.

      17. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 11-сынып:

      1) шешендік сөз бен айтыстың айырмашылығын айтқызу (мәтін негізінде);

      2) «Қандай полемикалық тәсілдер бар?» деген сұраққа жауап жаздыру;

      3) баспасөз материалдарындағы ұнаған шешен сөздерді («Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан»,

«Жас алаш», «Ана тілі», «Парасат», «Зерде», «Қазақстан әйелдері» т.б.) теріп жаздыру;

      4) шешендік туралы берілген сөздерден (ой-пікірлерден) негізгі талаптарды түйіндеп

айтқызу;


      5) «Қазақ шешендіктану ғылымы», «Ежелгі Грекия шешендері», «Қазіргі шешендер», т.б.

тақырыптарда хабарлама, реферат жаздырту;

      6) өздеріне мәтіндерді оқытып, оны үнтаспадан қайта тыңдату арқылы мәнерлі сөйлеуге, оқуға

жаттықтыру;

      7) сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға жаттықтыру;

      8) термин сөздерді (халықаралық) қатыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

      9) жеке тұрған синоним сөздерді қажетті сөздермен тіркестіріп, мағыналық реңктеріне

түсінік бергізу;

      10) басқа тілден енген сөздерді ана тіліндегі баламасын тапқызу, оларды қатыстырып мәтін

құрату;


      11) антоним жұптарды пайдаланып, мақал мәнді сөйлемдер құрату, оларды өз сөздерінде

пайдаландыру;

      12) қате құрылған сөйлемдерге түзету жасату;

      13) мәтіндерді оқып, олардағы сөздердің қай стильге сәйкестігін  анықтау;

      14) сөздердің түсініктемесін жасату, өз жазғандарын «Түсіндірме сөздіктегі» материалдармен

салыстыру;

      15) пікірталастың әр түріне қатысты дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;

      16) мамандық таңдау бойынша сөз дайындап, сөйлеушіні тыңдарманмен байланыс жасауға үйрету;

      17) төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасату: 

      ғылым мен техника жаңалықтары;

      мәдени жаңалықтар;

      жаңа әдебиеттер;

      бүгінгі айтыстың дүлдүлі;

      пікірталастың қоғамдағы орны;

      18) сөйлеушінің пікірлерін негізгі бөліктер бойынша талдау;

      19) шешендік туралы берілген мәтіндерден автордың жеке көзқарасын өз пікірімен

сабақтастыра айтқызу;

      20) «Жаңа қазақ деген кім?», «Мектеп киімі қандай болуы керек?», «Демография деген не?»,

«Мұғалім қандай болуы тиіс?», «Егер сабаққа ерікті қатыссам...», «Адалдық деген не?», «Достық

пен махаббат» тақырыптары бойынша пікірталас түрлерін ұйымдастыру;

      21) курста өткен тақырыптар бойынша тірек ұғымдардың түсіндірме сөздігін құрату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет