Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім алушылардың таңдауына сәйкес стандартты және



Pdf көрінісі
бет11/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   244
Білім алушылардың таңдауына сәйкес стандартты және 
тереңдетілген деңгейдегі таңдау пәндері бойынша 10-сынып білім 
алушыларын топтарға бөлуге болады. 
Үш тілде оқыту
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы 23 сәуірдегі ХХІІ 
сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын және Ұлт 
жоспарының «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»
79-
тармағын орындау мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім 
беруді дамытудың (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет 
және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан 
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13 
қарашадағы №1066 бұйрығына сәйкес) Жол картасы бекітілді. 
Жол картасына сәйкес, оқыту процесінде қолдануға қажетті Үш тілді 
оқытудың бірыңғай тілдік стандарты әзірленді (https://nao.kz/) (2016ж.). Тілдік 
стандарт Қазақстан мектептерінің барлық түрлерінде үш мақсатты тілді 
оқытудың жалпы шегін (тәсілдері, принциптері, стратегиялары) анықтайтын 
негіздемелік құжат болып табылады. 
Сонымен бірге «оқыту тілі» және «мақсатты тіл» ұғымдарының мәнін 
ажырату маңызды. 
Жалпы білім беретін мектептердің оқыту тілдеріне: қазақ, орыс, ұйғыр, 
өзбек, тәжік жатады. 
Мақсатты тілдер болып: қазақ тілі екінші тіл ретінде, орыс тілі 
екінші тіл ретінде және шетел тілі үшінші тіл ретінде саналады. 
Төменде 1-кестеде үш тілде оқыту бойынша бойынша қазіргі жағдай 
көрсетілген. 


16 
1-
кесте. Үш тілде оқыту. 
Бірінші тілдер
Оқыту тілдері
Қазақ тілі 
Орыс тілі 
Ұйғыр тілі 
Өзбек тілі
Тәжік тілі 
Екінші тілдер
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні (Т2) 
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі» пәні (Т2) 
Үшінші тілдер
Шетел тілі (Т3) 
Үш тілді білім берудің мақсаты білім алушылардың үш мақсатты тілді, 
атап айтқанда: қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін қазақ 
тілін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін орыс тілін және 
шетел тілін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасау. 
Сондай-ақ, Қазақстанда этникалық топтардың ана тілдерін дамытуға 
айтарлықтай көңіл бөлінуде. Осыған байланысты көптілді білім беретін 
мектептер бар. 
Қазақ, орыс және шетел тілдерін жеткілікті мөлшерде оқыту қазақ тілінде 
оқытатын мектептерде де, орыс тілінде оқытатын мектептерде де үлгілік оқу 
жоспарларында көзделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет