Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. "6 жасқа дейін" жас санатының ақпараттық өнімі



бет5/8
Дата13.03.2023
өлшемі30,83 Kb.
#73716
1   2   3   4   5   6   7   8

10-бап. "6 жасқа дейін" жас санатының ақпараттық өнімі


"6 жасқа дейін" жас санатының ақпараттық өніміне, ақпараттық өнімде жақсылықтың зұлымдықты жеңіп, салтанат құру идеясы, зорлық-зомбылық құрбанына аяушылық білдіру және (немесе) зорлық-зомбылықты айыптау қамтылады деген шартпен, жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) психологиялық күш көрсетудің натуралистік сипаттауларсыз және (немесе) бейнелеулерсіз эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
11-бап. "6 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі
"6 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 10-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызатын немесе олардың жанын түршіктіретін, сондай-ақ адами қадір-қасиетті қорлайтын жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың, өлімнің және олардың зардаптарының сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтымайтын ақпараттық өнім жатқызылады.
12-бап. "12 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі
"12 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 11-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызуы немесе жанын түршіктіруі мүмкін, зардаптары сипатталмай және (немесе) бейнеленбей, жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың, зорлықсыз өлімнің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
13-бап. "14 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі
"14 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 12-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, мыналарды:
1) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың, темекі өнімдерінің, алкоголь өнімінің оларды тұтыну қауіптілігі туралы ескерте отырып, оларға әуестенуді қоғамға жат және құқыққа қайшы әрекеттерге арандату ретінде жазғыратын эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
2) адамның құқықтарын және қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жолында күш қолдану салдарынан болған адам өлімінің натуралистік сипаттаусыз және (немесе) бейнелеусіз эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет