14-бап. "16 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі "16 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 13-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ жанр және (немесе) сюжет тұрғысынан ақталған, мыналарды:
1) қатыгездік пен зорлық-зомбылық құрбандарына аяушылық сезімді және қатыгездік пен зорлық-зомбылықты айыптауды туғызатын, суицид және (немесе) адам өлтіру сюжеттерінің эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
2) сексуалдық сипаттағы әрекеттердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қоспағанда, адамдардың сексуалдық қарым-қатынастарының эпизодтық сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
15-бап. Жас санаты белгісі 1. Жас санаты белгісін таратушы ақпараттық өнімге мыналарды белгілеу арқылы түсіреді немесе онда көрсетеді:
1) "6 жасқа дейін" – ромбтағы "6–" белгісі және (немесе) "алты жасқа толмаған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
2) "6 жастан бастап" – ромбтағы "6+" белгісі және (немесе) "алты жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
3) "12 жастан бастап" – ромбтағы "12+" белгісі және (немесе) "он екі жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
4) "14 жастан бастап" – ромбтағы "14+" белгісі және (немесе) "он төрт жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
5) "16 жастан бастап" – ромбтағы "16+" белгісі және (немесе) "он алты жасқа толған балаларға арналған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту;
6) "18 жастан бастап" – ромбтағы "18+" белгісі және (немесе) "балаларға тыйым салынған" деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескерту.
2. Мыналарды:
1) тікелей эфирде трансляцияланатын ақпараттық, көңіл көтеретін және спорттық теле-, радиобағдарламаларды;
2) қоғамдық-саяси сипаттағы ақпаратты таратуға маманданатын мерзімді баспа басылымдарын;
3) жаңалықты, ақпараттық-талдамалық, қоғамдық-саяси телебағдарламаларды;
4) радио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімді;
5) жарнаманы;
6) желілік басылымдардан басқа, интернет-ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жас санаты белгісі жоқ ақпараттық өнімді таратуға жол берілмейді.
Жас санаты белгісі осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған ақпараттық өнімге ерікті негізде түсірілуі немесе онда көрсетілуі мүмкін.
3. Әртүрлі жас санаттарына жатқызылатын бірнеше бөліктен тұратын ақпараттық өнім таратылған жағдайда, жас санаты белгісі жас санаты үлкен балаларға арналған ақпараттық өнімге сәйкес келуге тиіс.
4. Жас санаты туралы мәтіндік ескерту ақпараттық өнім таратылатын тілге сәйкес келуге тиіс.
4-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ӨНІМДІ ТАРАТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР